+8 дауыс
4.6k көрілді

Қысқа ғана өмірде жақындарыңа жақсы көретініңді білдіріп үлгергенге не жетсін?! Деседе әдетте ата-анамызға, туған-туысқандарға "Сізді (сені) жақсы көрем" деп айта бермейміз ғой... Өз басым айтуға ұялатын сияқтымын. Ол кісілер жақсы көретінімізді сөзбен айтпасақ та біледі ғой, бірақ сонда да... Неге шын жақсы көретін ең қымбат жандарға осы сөзді айтуға ұяламыз? Сіздерде осындай бола ма? Отбасыңызда "жақсы көрем" деп жиі айтасыз ба? 

 

21 жауап

+5 дауыс
 
Жақсы жауап
Мен ешқашан анама жақсы көремін деп айтып көрмеппін, бірақта кішкентай кезімізде хат арқылы жазып жастықтың астына тығып кететінмін.
+2 дауыс
Шынымды айтсам сонғы рет қашан айтқанымды есімде жоқ,анамда ешқашан айтпаған сияқты.Ондай жастан кеткенім қашшан,тіпті сонғы рет қашан мені мамам бетімді сүйгені есімде жоқ.Ал папам всгда мені еркелетеді,маған  әр туған күнімде сыйлық беріп тұрады.Негізінде қыз деген папаға жақын боладығой
+2 дауыс
Мен іспен көрсетем!!!!!
+5 дауыс
Мен ешқашан айтпағанмын) Тәрбиеміз солай шығар.. Әке-шешем де маған айтпапты.. Тіпті, құшақтап, бетімнен сүйгендері де есімде жоқ..
Бірақ, айтпаса да жақсы көретінін білеміз, сеземіз ғой..

Негізі, бала кішкентай кезден әке-шешесі айтып, айтқызып үйрету керек.. Үйретпесе, мен сияқты "тасжүрек" болып кетеді))
Сөзіңіздің жаны бар. Келісемін.
+3 дауыс
Мен айтпасамда жақсы көретінімді біледі. Ал мамамды қанша ренжітсемде күніні минимум бір рет маған жақсы көрем деп айтады. Аналарымыз аман болсын!
+3 дауыс
Мен айтуға ұялып көрмеппін,ұялмаймын да,себебі олар менің жақындарым,ұялып не көрініпті.Олар туған ата-анаң,басқа біреу емес.Қызға айтасыңдар жақсы көрем деп,аналарыңа қалай айтпайсыңдар.Қанша жаста болсаңдар да ана үшін сендер әлі баласыңдар емес пе?!
+4 дауыс
Мен ата-анамды қатты жақсы көрем. Бірақ оны  тіке өзіне айтып келмегенсоңба жөнді айта алмаймын. Бірақ  анамды қарындас-апкелерімнен қызғанып құшақтағаным бар.
+3 дауыс
«Жақсы көрем» деген сөздi өмiрiмде қолданып көрмеппiн...
Неге? Өз сезіміңді жасырасың ба? Əлде шынында да ешкімді жақсы көрмедің ба? Ата ана бұл сөзге лайықты деп санаймын.
+1 дауыс
Мен де "жақсы көрем" деп айта алмаймын. Мүмкін тәрбие сондай болған шығар.
+3 дауыс
Мен анамды жақсы көрем деп смела айтам. Өйткені мен анамды жақсы көрем. Ол маған күнде ойыншық береді.
+3 дауыс
Мен озім " мен сені жаксы корем" деген созді анама да , папамада айтам. Әсіресе анама коп айтам.

" мам мен сені катты жақса корем "   бул сөзі  орыс , агылшын . кәріс тілдерінде жие айтам. Мама жаттап алған , Маған маманың  айтқан "менде сені жақсы көрем. чорнышкам " деген осы бір сөзіне әлемде ештене жетпейді.
+3 дауыс
АТА - АНАМды жақсы көремін деп шексіз қайталаймын, айтамын, айта беремін!!! Мен ол кісілердің мені өмірге алып келгендері үшін мәңгі қарыздармын!!! Өзімде ата-ана болдым, бүгінде әжемін, сонда да ата-анамның алдында парызым көп, АТА-АНАМА деген сүйіспеншілік махаббатым шексіз!!!
+7 дауыс
Ал мен айта алмайм,бари кеш, кайтыс болган анам ушин Алладан кейде дуга сураганнан баска еш арекет истей алмайм.
+7 дауыс

Тоғыз ай көтергеніңіз үшін, Өмірге әкелгеніңіз үшін, Бал тілді балам деп – қалағанымды әпергеніңіз үшін,алғысым шексіз, Анашым!

+4 дауыс
Меніңше, ата-анаға деген сүйіспеншілікті күнара жылы-жылы сөздермен жеткізіп турған жөн.Бірақ айтуға қымсынамыз, дегенмен оларды іштей өте қатты жақсы көретінімізге күмəн жоқ.Ата-ана мен баланың махаббатына шек жоқ, олар біз үшін ең қымбат, асыл жандар.
"Мен сені жақсы көремін"деп анама кей кездері айтып тұрамын.Неге күніге қайталап тұрмасқа?!Əкеме мүлде айтпағанмын, бұл жақсы көрмейді екен деген сөз емес.Іштей ұяламын бірақ ішімде əкеге деген махаббатым оны қайта қайта қайталап тұрады.Дəл қазір олардан алыста жүрмін, сағынышым бір көрмей басылар емес.Жылып та алам))) Сағынып кеттім.Мен үшін олардан ыстық адам бұл əлемде жоқ, табылмайды да!!!
Достар, ата-анамызды қадірлейік, себебі ешкім бізді олар сияқты жақсы көрмейді.Сол Анамыз бен Əкеміз аман болсын!!!
...