0 дауыс
177 көрілді
Ата-анамның алдында ұяттымын, кредитке батып оны ол кiсiлерден жасырған болатынмын, енд бiлiп қойды, қарайтын бет жоқ, ɵзiмдi жаман сезiнем, олардың сенiмiн ақтай алмадым деп.

2 жауап

0 дауыс
Кеш емес, разылығын ал. Ата-ана разылығы өте маңызды.
muftyat.kz

Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үш қайтара: «Ауыр күнәлардың ішіндегі ең ауыры қандай күнә екенін сендерге айтайын ба?», - деді. Адамдар: «Йа, Расулулла, айтыңыз», -  дейді. Сонда Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағалаға серік қосу, әке-шешесін тыңдамау және мұсылман тобынан қашу», – деген. Қараңыз, Алла Тағала Өзіне құлшылық қылғаннан кейінгі ең ұлық амал ата-ананы құрметтеу. Алла Тағала серік қосу – үлкен зұлымдық болса, сол зұлымдықтан кейінгі ең зұлым амал – ата-ананы құрметтемеу, оларды қадірлемеу.
0 дауыс
Ештен-кеш жақсы деген ғой, әлі де кеш емес ата-анаңыз жаныңызда жүр. Әлі де өзгертуге мүмкіндік бар сізде. Ата-ананың разылығын алу екі дүниеде де қажет бізге. Мұсылманның Алла Тағала алдындағы дәрежесін көтеретін Исламдағы амалдардың бірі ата-ананы құрметтеу болып табылады. Жұмыс жасаңыз қарыздарыңызды реттеңіз. Ата-анаңызды қуантуға барынша күш салыңыз.
...