0 дауыс
493 көрілді
Жасым 17 де жігітім 24 те. Жүріп жүргенімізге біраз болды,анам жігітімді біледі оның отбасысында біледі.Мен 18 ге толғанда үйленейік деп жатырмыз.Өзім ол адаммен бақытты боламын деп айта аламын.Анамнан неге қарсы екенін сұрадым,оның айтуы бойынша,жігітімнің отбасысы бұзылған адамдар бірақта отбасысы намаз оқып түзу жолдағы жандар.Жігітімде намазхан.Жігітімнің отбасысы мені қабылдап отыр.Бірақ анамның айтқандары жаныма батады ерте кеткенінді қаламаймын, басқа әйелдер секілді ошақ астында отырғанынды қаламаймын дейді. Басым қатып кетті,жігітімді тастай алмаймын бірақта анамның разылығынсыз маған қиын болмақ.Жігітімнің анамның сөздеріне деген реакциясы бұйырса болады бәрі,болмай бара жатса алып қашамын дейді қорқамын.Кеңес берсеңіздер

3 жауап

0 дауыс

Ата-анаңды таңдасаң сүйген жігітіңді қия алмау, ал жігітіңе таңдау жасасаң ата-анаңның жүрегін жаралап, көңілдерін қалдырудан, опасыз ұрпақ атанудан қорқу. 

 Психолог мамандардың пікірінше, бұлай талғам жасау қате. Себебі, біріншіден, салыстырмалы түрде айтқанда әке-шешеміздің бізбен бірге бола алатын уақыты қысқа. Тіпті ата-анаңның айтқанын тыңдап басқа бір жігітпен тұрмыс құрсаң да, бәрібір ата-анаңның қасынан алыстап кетесің. Ал сүйген жар өле-өлгенше сенің қасыңда, өзіңмен бірге болатын адам. Сондықтан, талғамды дұрыс жасау керек.

Екіншіден, шындығын айтар болсақ, ата-анамыздың не үшін бізді осылай талғам жасауға итермелейтінін білеміз. Бірақ қолбасшы бұйрығының барлығы дұрыс болуы екіталай, яғни, ата-анаңның жақсы көңілімен қате талғам жасауы да әбден мүмкін. Жігітің қандай адам, екеуің бірге өмір сүре аласыңдар ма, бір-біріңе үйлесім табуларың қиын ба, ол жағы сенің ата-анаңа емес, саған ғана мәлім. Өйткені, онымен бірге талай күніңді өткіздің, болашақта да өткізуді ойлап жүрсің, ол сенің қасыңда.

Үшіншіден, ата-ананың сендердің некелеріңе қосылмауының мынадай себептері болады:

1) Аралық тым шалғай. Қызының алыс жерге барып жәбір-жапа шегуінен алаңдайды. Оның үстіне төркіндеп келуі де қолайсыз. Енді ойланып көріңіз, бұл қай заман, қандай дәуір. «Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған» заман емес пе? Ал, жәбір-жапа көру жағы тіптен мүмкін емес. Сенің алыс жерге ұзатылуың сенің қиналып, нашар өмір сүретініңнен дерек бермейді. Ендеше көрші ауылға ұзатылсам бақытты бола аламын деп ойлайсың ба? Ең бастысы өмірлік жар болатын адамды дұрыс таңдау.

2) Барған жері өте кедей. Байлық бар жердің бәрінде бақыт болады деу қате түсінік. Кедей адамға тұрмысқа шығу көңілсіз тұрмыстан көз ашпау деп қарау дұрыс па? Тәнің сау, жаның таза, ақша мен атақ, мүддені қайырып тастап қасыңда сүйген жарың, жайлы-жылы тұрағың, күн көруге жетерлік ақшаң, шын пейілді достарың болса бұдан артық не керек? Күндер өте келе байлық та, өзгесі де еңбекпен келсе оның қадірі арта бермей ме?! Жігіт адамның саған дейін бай-кедей болуы маңызды емес, маңыздысы оның ақша табатын қабілетінің, талабының, еңбекқорлығының болу-болмауында. Барған ауылың бай болса, бірақ жігітіңнің қолынан түк келмейтін арамтамақ болса, ол байлық та бір күні таусылады. Сонда не істейсің?

3) Ат-атағы жоқ, адамдары нашар. Ат пен атақ жасы келген кісілердің өз көзқарастары. Әке-шешесінің атағы шықпағанына олардың баласы кінәлі емес. Бұлай пейіл таныту теңсіздік. Әкесі қылмыскер болса баласы да сол атты мәңгі көтеріп жүруі керек деген ұғым жоқ. Олардың бұл жағдайға қалай душар болғанын түсінуге тырысу керек. Ал, жігіттің өз басы шынымен де арақ пен құмарға салынған ұр да жық біреу болса одан кері айналу сенің де борышың.


«Кімде-кім ата-анасын риза қылса, Алланы риза қылғаны, егер ата-анасын ашуландырса, Алланы ашуландырғаны» - деген (Ибн Нәджардың хадисінде).


Таңдауды өзіңіз жасаңыз. Адамдарға ақыл айту оңай, бірақ өз бастарына келсе, өздерінің де шешім қабылдауы екіталай. Өз жүрегіңізді тыңдаңыз. Алладан сұраңыз шешімін. Дұға жасаңыз. Асығыс шешім жасамаңыз. Үйлену оңай, үй болу қиын.

0 дауыс
Сәлеметсіз бе! Махаббатта шектеу жоқ, шектеу тек біздің миымызда! Қазіргі жаста анаңызды тыңдаған дұрыс деп ойлаймын! Әр нәрсенің хайырлысы бар. Соны тек қабылдай білу керек. Алла анамыздың жүрегіңе ондай сезімді бекер бермеді онда. Қазіргі жаста білімге көңіл бөліңіз. Біраз уақыттан соң шешім шығарасыз. Біраз уақыттан соң ғана түсінесіз, хайырлы болса ол адам - сіздің қасыңызда қалады, хайырлы болмаса - басқа адам жолығады. Барлық затты Аллаға тапсырып үйреніңіз. Бәрі алда!
0 дауыс
Аллаһтан дұға жасап қайырлысын сұраңыз

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
2 жауап
Белгісіз 27.04.2020 Жанұя сұрақ қойды
+1 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
...