+2 дауыс
2.8k көрілді
Сіз ата-анаңызға "сіз" деп сөйлейсіз бе? Және болашақта (бүгінде) жарыңызды  "сіз" сыйлайсыз ба?

18 жауап

–4 дауыс
Бұл онша орынды сұрақ деп ойламаймын себебі кез келген қазақтың баласы ата анасын сіз деп сөйлейді.  сен деп сөйлеу ол орыстанған ұлттық намысытан жүрдай адамдардың сөзі, ал мен жан жарымды да сіз деп сөйлеймін.себебі бұл сыйластық.
Кез келген қазақтың баласы "сіз" деспейді, таза қазақ дегендердің өздерінің де "Мама, қалайсың?" деп жүргенін көргенбіз.
Неге минустадыңдар?!
+1 дауыс
мен ата-анама   сен деп сойлеймін мунда турган ештене жок
+1 дауыс
Ата анама сәз деп сөйлеймін.Ата ана деген өте қадірлі адамдар.Оларға сен деп сөйлеуге біздің хақымыз жоқ.Ал болашақ жарыма да сіз деп сөйлеймін деп ойлаймын.Ол сыйласымдылық белгісі.....
сіз дегеніңе еш қарсылығым жок бірақ елестетіп көрші кулкілі  ғой.. үй болған соң ыдс аяқ сылдырламай болмайды  сондайда  "сіз"-дің қайда қалғанын білмей  қаласың ғой!!!  удачи!!
Talwyn  сізбен толықтай келісемін. бізді өмірге әкеліп аялы алақандарымен мәпелеген ата анаға сен деу ұяттың ұятты. иә қазағымның ұл қыздары сіздей болсын.
Белгісіз
Простой Қазақ, сіз деген сыйластықтың белгісі. дұрыс. Ыдыс аяқ та сылдырлайды, сол кезде саған әйелің сіз деп тұрса қалай ғана ұрысты жалғастырасың. Бір сөздің құдіреті қаншама. Талшындыкы дұрыс!
Елеке, ыдыс аяқ қатты сылдырласа ше:) ?
0 дауыс
Мен ата-анама сіз деп сөйлемеймін.
+1 дауыс
Мен ата-анама сен деп сөйлеймін /еркелеп әриене:)/тіпті әжеме солай сөйлейтінмін. Несі бар?! Сыйластықты сіз-бiз деген анықтамайдығой
+2 дауыс
Шындығын айтсам мен сен деп сөйлеймін кейбір кезде достарым ата аналарына сіз деп айтып жатады сонда арасында ұялып қалам бірақ сіз деп деуге де ұялам 13 жыл сен деп келіп сіз деп кету бүртірлі сияқты маған
–1 дауыс
Мен анашымды  әрине Сіз деймін. Бұның бәрі тәрбиеге байланысты. Балаға кішкентайынан бойына сіңіп  ата-анасына сен деп сөйлесе яғни олар солай үйреткен.
    Ата-анаңа  қарап  сенкілдеп тұрсан біртүрлі ғой
0 дауыс
Мен сен деп анама сөилеимін, әкеме сіз деп сойлеимін. Әкем кішкене кезімде сіз деп айтуды үиреткен. анам олай үйретпеді. содан бері сен деп сойлеймін. Сіз деп сойлеуге тырысам да, сен деп аитып қоя беремін.
0 дауыс
Сен деп сойлеу уят сиякты
+1 дауыс
Әрине сыйлаймын, бірақ "сен" деп сөйлеймін, бұл  жақын тартқандықтан да болар....  Болашақта да күйеуіме "сен" деп сөйлеймін!
0 дауыс
Мен өзім ата-анаммен сіз  деп сөйлесемін
+2 дауыс
Сіздерге бір қызық айтайын.

Анам алғашқы ұстазым болды. Оған мектепті "сіз", үйде "сен" деймін. Сыпайылау "сен" ғой енді.

Папама ылғи да "сен" деймін.

Екеуіне де "сіз" десетін кезім болады, тек бірдеңе керек болғанда, әсіресе money. Өгіз болсам да еркелеймін. :))
0 дауыс
ата-ананың мәртебесі қашанда биік. Сіз деп сөйлеу қанымызға сінген әдет деп ойлаймын. Сіз деп сөйлегеніміз ол сыйлағанымыздың белгісі іспеттес
0 дауыс
Дұрыс „сіз”-деген керек. Бірақ бұны да үйрететін адам керек қой. Мысалы баланың әкесі атасына сен деп тұрса, бала қалай „сіз” дейді. Бұның бәрі үйде берілетін тәрбиеден ғо. Қазіргі таңда да сіз-біз десетін адамдар кемейіп барады. Оны орыстап кету демеуіміз қажет, бәрі өзімізге барып тақалады. „Үйрен-үйрен де жейрен” дейді ғо халқымыз!!!
0 дауыс
Бұрындары сен деп сөйлейтінмін... қазір ата-анам алыста болғаннан ба сіз деп сөйлеймін...

Ұқсас сұрақтар

...