0 дауыс
Мен жеке кәсіпкер болып есептелемін. Әділет органдарына тіркелген жеке кәсіпкерлігімді тоқтатпай-ақ, жеке серіктестік ашып, соның жалғыз құрылтайшысы бола аламын ба? Әлде заңды тұлға ашу үшін жеке кәсіпкерлікті жабу керек пе? Заңды тұлға ашу үшін жеке кәсіпкерлікті жабу керек пе?
28.04.2015 1.9k қаралым

1 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап
ҚР Әділет министрлігі мамандарының түсіндіруінше, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы және жеке кәсіпкерлікке қатысты қолданыстағы заңнамалардың талаптарына сәйкес, жеке кәсіпкердің өз жеке кәсіпкерлігінен басқа заңды тұлға ашуына шек қойылмайды. ҚР «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының баптарына сәйкес, бір ғана құрылтайшының серіктестік құруына рұқсат етіледі.
28.04.2015

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,988Қолданушы