+1 дауыс
562 көрілді
Мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерін өз уақытында қарамағаны үшін қандай жауапкершілікке тартылады?

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңының 17 бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық көзделеді делінген. Егер нақты тәртiбi мен мерзімдерін бұзу жайына келер болсақ, қолданыстағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 189 бабымен тек Ірі кәсіпкерлік субъектісіне жауапкершілікке тарту жайлы айтылған.

Ал егер, Сіз жазған өтініш мемлекеттік орган немесе орта және шағын кәсіпкерлік субъектісі болса, құқық қорғау органдары нақты шара қолданылуы неғайбыл, тек ескертумен шектелуі кәдік.:-) 

Сондай-ақ, Мемлекеттік қызмет туралы заңға сай мемлекеттік органдағы жекелеген қызметшіге өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны үшін Еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік жазаға тартылуы мүмкін.

 

+1 дауыс
Ауылымызда бір алқаш болатын. Күн сайын әйелімен ажырасатынын айтып жүретін. Әрине, ішіп алғанда адам енй айтпайды деп қоя салатынбыз. Бірде әйелі екеуі ұрысып, ажырасуға арыз жазып, ауылдың қауіпсіздік инспекторына береді. Инспектор екеуі бір күн ұрыссар, екі күн ұрыссар, үшінші күні қояр деп, арызды жоғарыға бермей ақырын күтеді. Сөйтсе әлгі екеуі инспектордың үстінен арыз жазып, жұмысынан шығартып жіберді.

"Арызды уақытында қарамағаны үшін" жұмысынан шығарылды, инспекторлық шенінен айырылды, ауылдан көшіп кетті, енді еш жерде полиция болып қызметке тұра алмайтын болды.

Арызды уақытында қарамаған адамдарға заң тым қатал-ақ.
+1 дауыс
Азаматтардың арыздары мемлекеттік органдарда 3 күн ішінде қаралып, азаматқа жазбаша түрде жауап берілуі тиіс.
3 күн емес 15 күн
...