0 дауыс
720 көрілді
Жазбаша өтініш жазбағаным үшін жұмыстан шығару заңды ма?

4 жауап

–1 дауыс

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі (ары қарай – Кодекс) 72-бабының 1-тармағы бойынша жұмыс беруші қызметкердің тәртіпті бұзғаны үшін тәртіптік жаза ретінде ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс беруге және Кодексте белгіленген жағдайларда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуға құқылы.

Кодекстің 73-бабының 2-тармағына сәйкес жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолдан-ғанға дейін қызметкерден жазбаша түсінікте-ме талап етуге міндетті. Қызметкердің жазбаша түсініктеме беруден бас тартуы тәртіптік жаза қолдануға кедергі жасай алмайды. Қызметкер аталған түсініктемені беруден бас тартқан жағдайда да тиісті акт жасалады.

Жұмыс берушінің актісімен келіспеген жағдайда, сонымен қатар өз жұмысыңызға қайта орналасу жөнінде Сіз Кодекстің 170-бабының 3-тармағына сәйкес сотқа жүгінуге толықтай құқылысыз.

0 дауыс
Жазған өтінішіңіз қандай? Егер жұмыстан кету туралы жазбаша өтініш болса автоматты кетесіз. Себебі қандай өтініш болса да өз қолымен жазбаша жазылып беріледі.
0 дауыс

Жазбаша өтініш жазбағаным үшін жұмыстан шығару заңды ма ? 

Заңсыз. 

Жұмыс беруші сізді белгілі бір себептермен ғана жұмыстан шығара алады. (3 рет түсініктеме жазған жағдайда, жұмысты орындай алмай, төмен көрсеткіштер көрсетіп жүрген жағдайда т.с.с)

0 дауыс
жеке меншік үйді сатқанда сол үйде бұрын тұрып кеткен бірақ тіркеуде жоқ адамдар қатыса ма Әлде үй иесі өзі сата бере ме

Ұқсас сұрақтар

...