Заң | 881 қаралды
Мен жұмыстан қысқаруға кеттім. Естуім бар еді, жұмыстан босағаннан кейін жұмыстан босаған азамат өзінің бұрынғы жұмыс жасаған жерінен жұмыстан босағаны туралы анықтама алып Жұмыспен қамту бөліміне барып тіркелуі қажет. Сосын мемлекеттен әр айда немесе квартол сайын жәрдемақы алады деп. Сіздерден өтініш, әрі қарай заңды қандай әрекет жасауым керек? Кеңес берсеңіздер еекен. Рахмет

4 жауап

егерде еңбек кодексінің 52 бабының 1-2 тармағы бойынша жұмысыңыздан 1 ай ай бұрын хабарлама келсе онда сіз сол хабарламаны және бұйрыңызды алып жәнеде чет номеріңізбен жұмыспен қамту орталығына барып жұмыссыздыққа тіркелесіз және жұмыстан қысқарған туралы өтініш жазыңыз чет номер, еңбек кітапшасы, жеке куәлік хабарламаңызды жне де бұйрыңыщдың көшірмесін апарып сол жерге яғни жұмыспен қамту орталығына тапсырасыз сосын олар сіздің құжатынызды пенсионныға жібереді сіз, қысқарту болса 6 ай немесе 4 айлық қысқарту ақшасын беруге міндетті. егерде түсінбесеңіз 8775 959 2355 осы номерге соғып сұрау болады.
Жұмыстан қысқарған жағдайда өтініш өз қолыңмен жазған дұрыспа əлде өздері шығар

Елімізде жұмыссыз қалған азаматтар әлеуметтік төлем тағайындата алады. Ол үшін алдымен жергілікті Жұмыспен қамту орталығына барып, «жұмыссыз» азамат ретінде тіркелуі керек. Жұмыссыз азаматқа бір айдан төрт айға дейін төлем тағайындалады.

Егер штат саны қысқарып немесе ұйым таратылған болса, яки өнім көлемі азайған себепті жұмыстан шықса, алты айға дейін әлеуметтік төлем алады.

Бұл ҚР  2003 жылғы 25 сәуірдегі N 405 «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» Заңымен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер сомасын тағайындау, есептеу (айқындау), қайта есептеу, сондай-ақ оларды жүзеге асыру ережесімен реттеледі.

Қандай құжаттар жинау керек?

  1. Жеке куәлік;
  2. ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша еңбек қатынастарының бұзылуын растайтын жұмыс берушінің актісінен көшірме;
  3. Тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтер);
  4. Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы (Халықты жұмыспен қамту орталығының ақпараттық жүйесінен);
  5. Банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы банк шотының немесе түзету мекемесіндегі қолма-қол бақылау шотының нөмірі туралы.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

Менде штатым қысқарып кетті бірақ орнына штат беріп жатыр не істей аламын бірақ менің берілген штатқа менен басқа тағы бір мұғалім таласып жатыр
120,450 сұрақ
309,231 жауап
153,260 пікір
69,419 қолданушы