+1 дауыс
493 көрілді
Жалпы,  Қызметші-  Заңды тұлға бола ала ма?       Егер болса, қай  заңның қай бабында жазылған ?       Болмаса, не себепті ?

Мүмкін...Болмауы мүмкін...-дейтін жауаптың қажеті шамалы..Сондықтан нақты және толық - білсеңіз ғана жауап қайтарыңыз!             (Сабақта осы сұрақты қойып еді..аҢ-ТаҢ қалдым...Ғыыы!)

1 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Себебі, Саған ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСI ҮЗIНДI келтірейін, онда нақты былай көрсетілген:

33-бап. Заңды тұлға ұғымы
      1. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
      Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.
      2. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.
    
Ал қызметші жеке тұлға, ол туралы 12-бапта былай дейді:

      Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердiң азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады. Егер осы Кодексте басқаша белгiленбесе, бұл тараудың ережелерi барлық жеке тұлғаларға қолданылады
Сонымен заңды тұлға болды ма жоқ па?!
Жоқ әрине бауырым... Ол азамат, заңды тұлға ол Ұйым!
Қарап тұр, келесіде осылай жауап беремін, екі алып қалсам, жақсы жауап алынады)) Қара да тұррррЫііі
Заңгер жолдастың өзі айтты дейсің, бала емеспіз ғой, қате десе мүғалімің өзі қателеседі)
...