ҚР Әділет министрлігі мамандарының түсіндіруінше, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы және жеке кәсіпкерлікке қатысты қолданыстағы заңнамалардың талаптарына сәйкес, жеке кәсіпкердің өз жеке кәсіпкерлігінен басқа заңды тұлға ашуына шек қойылмайды. ҚР «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының баптарына сәйкес, бір ғана құрылтайшының серіктестік құруына рұқсат етіледі.