0 дауыс
13.4k көрілді
Дұрыс тамақтану жолы. Артық салмақты азайту үшін қалай дұрыс тамақтану керек? Қазіргі кезде қала тұрғындарының басты проблемасы дұрыс тамақтанбау. Осыдан келіп артық салмақтық, семіру, толып кету мәселелері келіп шығып жатыр. Сіздің ойыңызша халық қалай дұрыс тамақтануы керек. Дұрыс тамақтану деген кезде сіз нені ұғасыз?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Тойып тамақтанбау, майлы, қуырылған, тұздалған, тым ащы тамақтарды шектеу. Аз аздап күнде бір уақытта ғана тамақтанса асқазан сол уақытты жеткілікті сөл бөліп, тамақты толық қорытуға дағдыланады. Артықтағын келсе түсте жақсылап тамақтанып алып кешкісін ештене жемей аш жат. Немесе жеңіл тамақтан, Алишер Каримов сияқты суға асылған сәбіз жеп қоя сал) Дене қимылымен көбірек айналыссан, артық тұрып қалған майлар ыдырай бастайды. 1 айда 2-3 кг артық арықтау зиян.
+2 дауыс
дұрыс тамақтану негіздері.  Диетаға қанша уақыт шыдауға болады? Диетаның біздің денсаулығымызға кері әсерін тигізбейтініне қаншалықты сенімді болуға болады және диатаға отырғанның өзінде тамақ ішпей қанша уақыт шыдауға болады? Диета - диетаға шыдай алмай оны тоқтату - қайтадан диета - бітпейтін бір-біріне жалғасып жатқан шеңберлі тор. Біздің сіздерге айтқымыз келген кеңесіміз немесе құпиямыз мынада: толық көлемде тамақтана отырып та, дене бітіміңізді қалыпқа келтіруіңізге, артық майдан арылуыңызға, денсаулығыңызды жақсартуыңызға болады. Мұндай кереметтерді жүзеге асыруға көмектесетін бұл - дұрыс тамақтану.

дұрыс тамақтану

Көп жаза бермей бірден іске көшіп сіздің бойыңыздағы артық салмақты диетаға отырмай-ақ жоятын керемет әдістерді ұсынайын. Бірақ ең алдымен мынаны ұғып алу керек: дұрыс тамақтану - аз уақытқа созылатын диета емес, бұл өмір сүру образы. Және сеніңіз бұл сізге пайдалы әрі жағымды.

Алдағы уақытта мен сіздерге денсаулығызды жақсартуға көмектесетін нақты кеңестерді сайтқа жазатын боламын. Сондықтанда біздің сайтқа кіріп, кеңестерімізді оқитын тұрақты оқырманға айналады деген сенімдемін.

Сонымен, дұрыс тамақтану ережелері:

1. Жиі әрі аз-аздан тамақтану (әр 2,5 - 3 сағат сайын тамақтану. 1 күнге 5-6 рет тамақтану қажет);

2. Рационда белоктың, майдың және көмірсутегінің болуы;

3. 1 күн ішінде тұтынатын майды, белокты және көмірсутегін өз организміңіздің қалауына қарай ыңғайластыра қолдану;

4. Таза су (күніне 2 литрден жоғары мөлшерде су ішу керек);

5. Таза тамақ (жартылай фабрикаттардан, тез дайындалатын тағамдардан және тәттіден бас тарту);

6. Калория нормасын сақтау.

Сіз жоғарыдағы дұрыс тамақтану ережелерін ұстана отырып, артық салмақтан қиындықсыз арыласыз деген сенімдеміз. Бұл жерде тәттіден мүлдем бас тарту туралы жазылмаған. Дегенмен тәттіні аз қолдану немесе мүлдем қолданбау сіздің денсаулығыңызға пайда әкелер еді. Сіз тек пайдалы тамақтарды жеуіңіз керек. Асты денсаулыңызға пайдалы дәрумен деп қабылдаңыз. Асты тұтыну сіздің денсаулығызды құртатын қаруға айналмауы тиіс.

Әрине, дұрыс тамақтанып қана қоймай, спортпен шұғылданып, бой жазу жаттығуларын жасап тұрсаңыз сіздің денсаулығыздың жақсарып, артық салмақтан арылар едіңіз. Дегенмен сіз бірден арықтап кетпейсіз. Оны өзіңізде білетін шығарсыз. Бойыңыздағы артық салмақ сізге бір күн ішінде келмеген болар. Сол секілді оны жоюда бір күндік іс емес. Сіздің организміңіз тазаланып, қалыпқа келу үшін уақыт қажет болады.

Аз уақытта арықтай алмасам пайдасы қанша деп дұрыс тамақтанудан бас тартпаңыз. Бірден арықтамасаңыз да дұрыс тамақтану сізге сергектік сыйлайды. Таңертең ұйқыдан тұрғанда күліп тұратын боласы
0 дауыс
Бұлшық ет массасын жинау, теріасты майлардың үлесін төмендету, безеулерден құтылу немесе жай ғана физикалық та, моральдық та денсаулықты сақтау. Ең актуальды тема. Маңыздысы - ақуыздар, көмірсутектер, майлар және су. Су туралы бөлек қарастырсақ болады. Ақуыздар - бұлшық ет және ұлпалардың құрылыс материалы. Көмірсутектер - энергия көзі. Олар жай және күрделі болады. Күрделі көмірсутектер: күріш, қарақұмық. Жай көмірсутектер: жемістер, тәттілер және шырындар. Қандай мақсатта болсын жай көмірсутектерді рационыңыздан барынша азайтыңыз. Көмірсутектерді күннің бірінші бөлігінде тұтынған абзал. Себебі олар тез қорытылып кетеді. Майлар - айналымға қиынырақ түседі. Организмге қажетті пайдалы майлар бар. Бірақ олардың өзін көп мөлшерде тұтынбаған дұрыс.
Ақуыздар.
Спортпен айналысып бастағанда 1,5г/ 1кг
Норма 2г/1кг
Көмірсутектер.
Бұлшық ет массасын жинау 6-7г/1кг
Теріасты майдың үлесін төмендету 2г/1кг
Норма 3-5г/1кг (тəулігіне 2г/1кг жоғары)
Майлар 0,5г/1кг
Мысалы, мен 50кг болсам, мен тәулігіне 100г ақуыз тұтуыным керек.
Таңертең тұрғанда 1 стакан су ішуден бастаңыз. Суға лимон және бал қосып ішсеңіз де болады. Безеулерден құтылу үшін 10тамшы су тотығын 1стакан суға тамызып, ішсеңіз болады. Әрбір 3-4сағат сайын ас қабылдау керек, ұйықтауға 3-4сағат қалғанда соңғы ас қабылдауыңыз болсын.
0 дауыс
Дұрыс тамақтану  бұл адам ағзасын қалыпты жағдайға келтіреді.Дұрыс тамақтану денсаулық кепілі.Күнделікті ішіп -жеп жүрген тамағыңыздың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар деп ойланаыңыз.Бірінші кезекте дайын полу фабрикаттармен емес, табиғи өнімдерді қолданыңыз.Дүкендердегі жасанды, химиясы көп тағамдардан, сусындардан бас тартыңыз.Ет,сүт(малдың),көкөніс,жеміс жидек,май(қолдың,малдың майы).Қара нан жеңіз.Тәттілерді көп жемеңіз.Салмағыңызға қарай жеткілікті мөлшерде су ішіңіз.Көмірсутекті өнімді көп қолданбаңыз.Ағзаңызды жылына екі рет тазалаңыз.Егер ағзаны терең тазалау туралы,денсаулықты қалпына келтіру туралы көбірек  білгіңіз келсе хабарласыңыз.87026325714
...