+1 дауыс
12.4k көрілді
Қалай артық салмақты тез арада тастауға болады?

2 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

1. Диета. Серьезный диеталарды ұстай алмасаң тамақты аз жеп, арбуз, алма, грейпфрут секілді  арықтауға көмектесетіндерді же.

2.Спорт. Спорт дегенде волейболистка немесе баскетболистка бол демеймін... Күнде таңертең кешке жаттығу жаса. Скакалкамен секір, жүгір, көп қимылдауға тырыс, обруч айналдыр.

3.Йога. Йога жаттығуларының жеңілдерін жаса. Йога арықтауға, жасаруға және де фигураны қалпында сақұтауға (жақсартуға) көмектеседі. Йога жаттығуларын интернеттен қарап көр.

 

Мына жаттығулардың  да көмегі тиіп қалар: 1. Шынтақ тізе

Түрегеліп тұрып, қолды айқастырып мойынға салыңыз, шынтақты мейлінше артқа қарай жіберңіз. Сол қалыппен төмен иіліп, оң шынтағыңызды сол тізеге, сол шыңтақты оң тізеге тигізіңіз. 20 рет қайталаңыз.

2. Бір жаққа иілу
Орындықтан бір қадам алшақ тұрып, сол аяқты орындыққа қойыңыз. Оң жаққа иіліп, қолдың ұшын оң аяққа, кейін аяқтың басын тигізіңіз. Дем алып, асықпай 10 рет қайталаңыз.

3. Аяқты тасымалдау.
Шалқаңыздан жатып, қолды шынтаққа бүгіп, алақанды бір біріне тіреңіз. Сол аяқты созып, оң аяқты тізеден бүгіп, сол жаққа жамбаспен бұрылып, орнына келіңіз. Оң аяқты созыңыз. Кейін сол аяқпен де орындайсыз. 15 рет қайталаңыз.

4. Денені шыр айналдыру.
Екі аяқты алысырақ ұстап, түрегеп тұрыңыз. Қолыңызды мықынға тіреп, денені алға, солға, оңға бұрып, айналыңыз. Кезекпен кезек айналдырыңыз. 10 рет қайталаңыз.

5. Денені баяу бұру
Алдымен еденге жайғасып отырыңыз. Кейін екі аяқты екі жаққа созып, қолыңызды алға созыңыз. Денені сол жаққа, одан соң оң жаққа, баяу бұрыңыз. Шалқадан жатып, денені босаңсытып, қалыпты дем алыңыз. 4 рет қайталаңыз.

6. Бір қырымен жатып, орындалатын жаттығу.
Өте қиын жаттығу. Тыңғылықты орындасаңыз бел мен мықымның арықтауына әсер етеді.
Сол аяқты бүгіп, сол қырымен жатып, оң аяқты оның толарсығына салыңыз. Алақанды бірінің үстіне бірін қойып, маңдайды тіреп, төмен қарап жатыңыз. Бір дегенде отырып, сол аяғыңызды көтеріңіз, оң қолыңызбен толарсағыңызды ұстаңыз. Оң аяқты қалпында қалады. Бірден толарсаққа дейін жетпесе, абыржымаңыз, күніге жасасаңыз жетеді. Дұрыс дем алыңыз. 3 рет, кейін 10 рет жасаңыз. Оң жаққа ауысып қайталаңыз.

Арықтаудың тағы бір тиімді  жолы-билеу. Би- арықтауға, сымбатыңды қалпында сақтауға, жалпы "здоровый образ жизниға" әсер етеді. Және де кез келген вечер, дискотека да жақсы билегенің өзіңе де жақсы. 

Менің сыныптас құрбым 4 айдың ішінде 13 кг тастады. Ол тек қана күніне 400-800 м жүгіріп, тамақ ішер алдында 1 стакан су ішіп отырды. 

Жалқау болма, ерінбей осы айтылғандарды жасасаң 1-2 айда 10 кг-ға дейін тастауың мүмкін. Қаншалықты арықтағаныңды білу үшін весымен өлшеніп, бастапқыңды жазып, кейіннен тағы өлшеніп  қанша кг арықтағаыңды байқауға болады))) Сәттілік*

Арманшыл КЫЗ! сұрақ қоймас бұрын сіздің қойар сұрағыңыз қайталанып, соның ішінде сіздің іздеген жауабыңыз болуы мүмкін! Соған назар аударыңыз!
ПыСы: Өз басым мына сұрақ бұрында қойылған оны қойуға болмайды деген көзқарастағы адам емеспін! Қайта ол сұрақты қойып одан да көп қызықты жауаптар алуға болады! Тек сайтымыз бос флуд пен мағынасыз сұрақтарға толып кетуден қатты қорқамызғой біздер! ( Модер және Редакторлар)
Доктор, бұл жазғаныңды жеке жауап ретінде немесе сұраққа пікір ретінде жазбадың ба?!
Мынаның бәрін өзің ойдан жаздың ба, Гүлжан?
Жаттығулар интернеттен алынған.
0 дауыс
6дан кейин тамак жемеу,оте катты комектеседи!

Ұқсас сұрақтар

...