0 дауыс
Менің тез арықтагым келеді. Сонымен қатар джинсы юбка кие алмаймын (себебі саным улкен.). Бари семіріп кетіпсің дегенде уялыыыып кетем
13.05.2020
өңдеді 1.3k қаралым

1 жауап

0 дауыс
Тез арықтасаңыз тез қайта толу қауіпі  бар. Бірақ тез арықтауға болады егер ерік жігеріңіз жақсы болса. Әрқайсысын тәптіштеп айтпасам да бастыларын айтайын.

1) Таңертең жылы сумен ағзаны шаюды әдетке айналдыру;

2) Әр тамақ ішуден алдын су ішіп отыру (200мл) Тәбетті азайтады;

3) Таңертең немесе кешкілік жүгіру( арықтауға арналған арнайы жүгіру программаларын жүктеп алсаңыз болады)

4) Газды сусыннан және тағамдық құнары жоқ заттардын бас тарту;

5) Кардио жаттығулар кешенін жасау;

6) Дене бұлшықеттерін қатайту жаттығуларын кем дегенде аптасына 2 рет жасап отыру( арықтау кезінде босаған бұлшықеттер біріншіден сүйкімсіз көрінеді, екіншіден ағза ауруларына алып келеді);

 Осы әдеттерді 1 ай жасасаңыз нітижесін байқай аласыз. Сонымен қатар артық сағат ұйықтай беру де семіздікке алып келеді. Үнемі қимылда болыңыз, қолыңыз босай қалса аяқты арықтатуға арнайы жаттығуларды жасаңыз.
13.05.2020
127,958Сұрақ
322,878Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы