0 дауыс
5.3k көрілді
Жақында бір досыммен әңгіме үстінде қыздардың диетасы жайлы сөз қозғағанбыз. Нәтиже немен біткенін айтпай-ақ қояйын. Бірақ мен екі ұдай ойда қалдым. Досымның айтуынша диета ол дұрыс тамақтану екен.

6 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Диета - деген ем, бұл емді диетолог дәрігер бекітіп, нәтижесін қатаң бақылап отырғаны ләзім. Ал кез-келгеніміздің өзімбілермендікпен диетаға отырдық деп жүргеніміз өрескел қате, аяғы өкініштерге ұрындыруы мүмкін. Ас адамның арқауы, ол шектен тыс мөлшерден артық болғаны қандай қауіпті болса, шектен тыс ағзаны әлсіретерліктей жетіспеушілігі де қауіпті.
+2 дауыс

Диета немесе Емдәм (гр. δίαιτα — тұрмыс салты) - тамақтың құрамы, өңделуі, дайындау тәсілдері, тамақ ішу мезгілдері және уақытына қарай тамақ қабылдау әдісі. толығырақ

 

+2 дауыс
Диета дегенді кейбір қыздар ашығу деп есептеп,түрлі анорексия секілді ауруларға ұшырап жатады. Жалпы,диета-дұрыс тамақтану. Ал дұрыс тамақтану-күніне 4 рет толыққанды,калориясы аз тамақ жеу) Яғни,диета ұстағанда ашықпай,күніне 4мезгіл тамақтану,бірақ тым тойып емес,аздап қана ішкен жөн)
+1 дауыс
Дұрыс айтқан, диета тамақ жемеу емес, адамның жынысына, жасына, физиологиялық ерекшелігіне байланысты тамақтану режимін дұрыс сақтау. ысалы дене еңбегімен көп айналысатын адамға көп колория қажет, офисте отыратындарға аз керек деген сияқты. Соларды негізге ала отырып, тамақтану режимін сақтау. егізі, диетаны дұрыс сақтаған адамдар көптеген аурудың алдын алады. Диетаның да түрі көп, фруктовый день деп бір күн бойы тек фрукты житіндер бар, банановый день деген сияқты.
ысалы,егізі)
клавиатура басылмай қалған ғой, предварительно оқып шықпаймын)
0 дауыс
Диета- ол арықтау дегенді білдіреді негізінде. Сондықтан диетаны қолдануда аса мұқият болу керек.
+1 дауыс
Биология тілімен айтсақ: Диетология деген - дұрыс тамақтану туралы ғылым.

Диета деген арықтауға арналған
...