0 дауыс
2.0k көрілді
Дұрыс тамақтану гигиенасын тауып бере аласыздар ма?

2 жауап

0 дауыс
лучше сен өзіңе удобно қылып күнделікті режимді істе,негізі дұрыс тамақтану ол мықты денсаулықты қалыптастырады.Күніне аз-аздан 4-5 мезгіл тамақтану қажет,бірақ көп емес,әсіресе түскі уақытта неғұрлым құнарлы тамақтану қажет.Тамақтана отырып физический қимыл істеу қажет,асты боға сіңіру үшін.Және таңғы астың маңызы өте зор.түскі ас,түстен кейін жеңіл желпі кешкі астың алдында тамақтану қажет  және соңғы кешкі ас.Әрқашан өз денсаулығыңды күте біл досым!
0 дауыс
Көбіміз таңғы ас пен кешкі асты үйден ішкенімізбен, түскі асты көбіне сырттан (асханадан) ішеміз. Қандай жағдайда да, әрқайсымыздың өз мәзірімізді біліп жүргеніміз жөн.

Күндізгі тамақтану адамның қанша күш жұмсайтынына байланысты болуы керек. Егер жұмыстың басым бөлігі түске дейінгі мерзімге түссе, таңғы ас пен түскі асқа баса мән беріңіз.

Ақуызы көп тағамдар зат алмасу үрдісін жүргізетін мүшелердің қызметін күшейтеді. Ұйқы кезінде ас ақырын қорытылады, сондықтан ұйықтар алдында тойып тамақтанбау керек. Ұйқыға жатардан үш-төрт сағат бұрын тамақтанған дұрыс.

Тәбет (ашығуды сезіну) – сау ағзаның белгісі. Бұл жерде жүйке жүйесі маңызды рөл атқарады. Ескеретін бір жайт, таза, жылы бөлмеде әдемі әзірленген тағам тәбетті ашса, лас, тұрып қалған ас-ауқат тәбетті жауып қана қоймай, ағзаға белгілі мөлшерде зиянын тигізеді.

Бір күнде адамға қандай мөлшерде тағам керек? Бұл оның жасына, жынысына, мамандығына, тұрмыстық жағдайына байланысты.

Тамақтану туралы ғылым мамандыққа қарай тамақтану тұрғысында, адамдарды мынадай топқа бөледі:

1 топ. Еңбегі аса көп физикалық күшті қажет етпейтін жұмыскерлер, яки, миға үлкен күш түсіретін қызметтермен айналысып, жұмысты бір орында отырып жасайтын қызметкерлер.

 

2 топ. Халыққа қызмет көрсетумен айналысатын жұмыстары аса үлкен физикалық күшті талап етпейтін қызметкерлер: байланыс саласының қызметкерлері, тігіншілер, саудагерлер т.б.

 

3 топ. Физикалық күшті барынша көп талап ететін жұмыстағы қызметкерлер: үй жөндеумен айналысатын қызметкерлер, қоғамдық көлік жүргізушілері, кір жуу қызметкерлері т.б.

 

4 топ. Үлкен физикалық күшті қажет қылатын жұмыскерлер: құрылыс жұмысшылары, шахтерлер т.б.

Жалпы алғанда күніне 4 рет тамақтанып, оның екеуінде ыстық тамақ жеуіміз керек. Қатты майлы тамақтан бас тартқанымыз жөн. Және көп тамаққа тосқауыл қою қажет.

.
...