0 дауыс
42.5k көрілді
Жан құрбымның тойына өлең шумақтар немесе олең жолдарыма керек еді, Танғалдырғым келеді,,,  ән қылып айтсам ба деген ойым бар сөз жоқ көмектесиндерші?

1 жауап

0 дауыс
Бір-бірлеріңе бағынышты, сағынышты сезімдерің мәңгі сөнбесін, сыйластықтарың, қимастықтарың ешқашан таусылмасын, махаббат әлемінің нұрлы аспанында жұптарың жазылмай, қанаттарың талмай самғай беріңдер!
Өмірде қалса екен жарқын іздер, Жарасып, қол ұстасып өтіңіздер. Жұптарың жазылмасын өмір бойы, Арманға – алтын тойға жетіңіздер.
 немесе

Үйлену тойына

Ер жігіттің зор міндеті- үй болу,
Сәбилердің күлкісіне үй толу.
Жалғастырып баба жолын басталған,
Шаңырағын биік етіп үй жону.
Шайқалмасын шаңырағың тілеймін,
Орамасын отбасыңды дүлей күн.
Босағалар берік болып, терезең
Теңдей болсын өзгелермен күн игің.

Махаббат аспанында,
Қосылып бастарың да,
Бақ қонып құтты болсын басқан қадам.
Тілектің астарында,
Бірге өмір бастадың ба,
Отбасыңа таң қалсын көрген адам.

Бір арманды, бір мақсатты алыңдар,
Ғашық гүлден бүршік алып жарыңдар.
Үлкен отау үбір-шүбір үй болып,
Бақытты өлке жерден отау салыңдар.
Жаңа отау сендерден басталады,
Жаңа жолға салыңдар жас қадамды.
Бақыт құсы байланған отбасы боп,
Көркейтіңдер Отау деген астанаңды.

Көңілдерден тауып бірге жарасым,
Қол ұстасып алға бірге барасың.
Екі жасқа бақыт таңын тілейік,
Молайтатын сәбилердің қарасын.
Тойларыңыз құтты болсын екі жас,
Қонақ келсе қабақ шытпай есік аш.
Аман-сау боп, қуанышпен күліңдер,
Әр жыл сайын бастарыңа қосып бас.

Асулардан енді бірге өтерсің,
Бірге жеңіп қиындықтан кетерсің.
Тойларыңның басы болсын бұл тойың,
1000 тойға да шатты өмір жетерсің.

Апа-аға, құтты болсын қуаныш,
Бүгін таптың көңілге алаң жұбаныш.
Бір балаңыз екеу болып көбейді,
Тек жақсылық ала келсін болар іс.
Немеренің 10-ын әлі көріңіз,
Қуаныштан қуат алсын деміңіз.
Келініңіз қыздай болып ет жақын,
Бақыт болсын енді барар жеріңіз.

Әке-Ана, қуанышты сәт бүгін,
Тойлап бүгін екі жастың шаттығын.
Көптен күткен орындалып үміттер,
Басталсыншы осы сағат тәтті күн.
Көбейсін немерелер, шөберелер,
Өмір-теңіз бақыт толған кеме келер,
Кемтігіңіз толумен өсіп-өніп,
Кеңейсінші келешек керегелер.

Қуанышпен өмірдің бір таңы атты,
Шаттықтан шуақ шашып нұр таратты.
Екі өзенді бір арнаға тоғыстырып,
Жаратқан мәңгі жұп қып бір жаратты.

Енді өмір-теңізге қосылыңдар,
Есігі айқара ашық қосының бар.
Сыйлы келін, сыпайы күйеу болып,
Отауың 10-ға жетіп толсын ұлдар.

Бастарыңа бұлт күн төнбесін,
Қызғаныш қылын көмбесін.
Жұптарың мәңгі жазылмай,
Отауың оты сөнбесін.

Сақтағанмын барымды шашу шашам тойға деп,
Мейірім мен саулықты берсін АЛЛА бойға көп.
Мақтанайын, ағайын, екі жаспен тойға кел.
Дақ түспесін араңа, кірмесін арам ойға жел.

Махаббаттың үлгісі боп жүріңдер,
Қуаныштан шаттанумен күліңдер.
Қол ұстасып болашаққа сенумен,
Жазылмай жұп бақытты өмір сүріңдер.

Аққу құстың қанатынан жаралған
Махаббаттың мақсатынан нәр алған,
Бас қосыпсың екі ғашық бүгін күн,
Жан болыңдар бақытты отау саналған.

Асау толқын лақтырса жағаға,
Жасымаңдар, жасқана да қарама.
Қол ұстастың сол үшін де екі жас,
Сенім керек, ену керек санаға.
Жұбайлардың жырын айтып қарсы алдық,
Жас келіннің сымбатына тамсандық.
Шаңырағың сәби үнге толсын деп,
Бақытты бол екі жас деп жар салдық.

Ойларыңды құптадым,
Мәртебе болсын ұтқаның.
Құтты болсын тойларың,
Жазылмасын жұптарың.

Той болуда асыл ойлар самғағасын,
Армандарың орындалсын алдамасын.
Пейілдерің кең болсын, жомарт болсын,
Еске салар қазақтың сары даласын.

Үйлену оңай, үй болу қиын,
Туысқа, досқа кетпесін сыйың.
Үйіңде әркез болсын думан,
Қуаныш тойлап жасаған жиын.
Түндерің армандарға болар тыңшы,
Ағайын әр ісіңе олар сыншы.
Үйіңнен ыдыс-аяқ сылдыры емес,
Былдыры балақанның естілсінші.

Думандатқан той боп жатыр біздерде,
Жалғанар ма үміт жібі үзгенге.
Жұптарың еш жазылмастан жүріңдер,
Тілектер көп шын ниетті тізгенге.
Бақыт құсы кетпесінші қусаң да,
Несібе мол болсын ыдыс жусаң да.
Жарасымды, жылу енген үй болың,
Барлық балаң ұл боп келсін тусаң да.

Жарастырдың жұбыңды жанып жүрек,
Жүріңдерші біріңе-бірің терек.
Ата-Ананы қуантың істеріңмен,
Ағайын-дос тілесін жақсы тілек.

Бастарыңа бақ қонсын,
Алдарыңа ас толсын.
Сезімдерің солмайтын,
Қартаймайтын жас болсын!

Бір жерден шығып ойларың,
Үйлену тойын тойладың.
Бақыттың бағы ашылсын,
Үзілмей мәңгі тойларың.
Қайғыларың жоқ болсын,
Қарындарың тоқ болсын!
Үлгілі Ата-Ана боп,
Ұл-қыздарың көп болсын!

Осы үй бақытты дейтіндей,
Бақ пенен байлыққа толыңдар!
Сезімнің сөнбейтін кейпіндей,
Махаббат символы болыңдар!

Ата—Ананың қуанышы, шаттығы,
Жастық шақтың куәсі дәл, пәктігі.
Екі жасқа бақытты өмір тілейік,
Аяласын мәңгі өмір ақ гүлі.

Ағайын тойға келіңдер,
Баталы тілек беріңдер.
Тойдың басы екі жас
100 жасты жасап көріңдер.

Қыстай қатты мықты болсын денсаулық,
Көктемдей боп көңіл тұрсын гүл жауып.
Жаздай ыстық сезімдерің өшпесін.
Күздей жомарт несібеңе 1000 саулық.

Секундтарың сыйласын тек бақыт-нұр,
Сағат сырғыр сезім сырдан татып сыр.
Апталарың ала келсін ақ арман,
Жылдарыңда жасырынып ақық тұр.

Шыршадай сарғаймаңдар жасыл жанып,
Бұлбұлдай махаббаттың әнін салып.
АЛЛАНЫҢ нұры түскен жан болыңдар,
Өмірдің бақытының бәрін алып.

Лайланбасын өмірлерің тұнық көлдей,
Жұлдыздарың жарқырасын күйіп сөнбей.
Тіккен отау болашақ Орда болсын,
Мәртебе көтерілсін биікке өрлей.
...