0 дауыс
1.2k көрілді
Ағамның үйлену тойына тілек керек, тілектің ішінде ата анамыздың үмітін ақта дегендей сөздер көп болса екен

1 жауап

0 дауыс

Қымбатты жас жұбайлар! Сіздерді заңды некелеріңізбен құттықтаймыз! Шын жүректен махаббатты мәңгіге сақтауларыңызды тілейміз! Бүгінгі күн - сіздердің өмірлеріңіздегі ең бақытты күн. "Үйлену оңай, үй болу қиын",- дейді халқымыз. Мен сіздерге өзара түсіністік, махаббат пен татулық тілеймін. Сіздерге тілейтініміз - бүгінгідей бақытты сәт өмір бойы бірге болсын!

Ата-ана – отбасының асыл діңгегі. Балаға жарық дүние есігін сыйлап, оны өсіріп тәрбиелеуші,  өмірдің бір кірпіші болып қалануына септігі тиетін жандар. Ата-ананың үмітін ақтап, әрқашан өмірлеріңіз шаттық пен бақытқа толып жүре берсін!

Жас-жұбайлар бүгінгі заңды некелерің құтты болсын! Араларыңда түсінушілік пен сыйластық орын алсын! Әрқашан қуанышты да, қайғыда да бірге болыңдар, бірақ та, қуанышты сәттерің 100 есе артық болсын! Алла сіздердің сезімдеріңізді мәңгілік жас, жүректеріңізді егіз, тілектеріңізді бір етсін! Махаббат айдынындағы сапарларың сәті, бақыттарың баянды болсын! Шаңырақтарыңның керегесі кең, тересезі тең, босағаларыңыз берік, еңсесі "Келісім сарайындай" биік болсын! 

Сіздер дәл қазіргі уақытта Отбасы атты жаңа да жас мемлекеттің тең құқықты қожайынына айнала алдыңыздар. Осынау жолда өмір сіздерге қуанышы мен қызығын қатар ұсына отырып, қос жүректе бірдей лаулаған сезімдеріңіздің беріктігін де сынаққа салуды ұмытпайды. Сол сынақта сіздердің Махаббаттарыңыз Өмір теңізіндегі жұбайлар мінген бақыт кемесінің ұдайы желбірер желкеніне айнала берсін!

...