0 дауыс
2.7k көрілді
Достар мен жақын арада досыма күйеу жолдас болушы едім соған сіздердің көмектеріңіз керек еді. Тартымды да күлкілі күйеу жолдас тілектер қажет?

1 жауап

0 дауыс

Екі бұлақ бір арнаға тоғысты.

Екі жүрек ұғынысты, табысты.

Тілейікші аппақ арман-ағысты.

Тұлпарға тән озып шығар шабысты.

Жаңа отаудың шаңырағын көтеріп.

Кел, достарым, жақсы тілек етелік!

Үйленгендер – алтын сарай салғандар.

Балалығы естелікке қалғандар!

Қалады енді балалық шақ ертек боп.

Кел, достарым, шаттық тойға ортақ боп!

Екі жұбай – қатар тұрған періште.

Бірге ұшсын бақ-болашақ – өрісте!

********                         

Қымбатты жас жұбайлар! Сіздерді заңды некелеріңізбен құттықтаймыз!
Шын жүректен махаббатты мәңгіге сақтауларыңызды тілейміз!
Бүгінгі күн - сіздердің өмірлеріңіздегі ең бақытты күн. "Үйлену оңай, үй болу қиын",-
дейді халқымыз. Мен сіздерге өзара түсіністік, махаббат пен татулық тілеймін.
Сіздерге тілейтініміз - бүгінгідей бақытты сәт өмір бойы бірге болсын!

********

Жас-жұбайлар бүгінгі заңды некелерің құтты болсын! Араларыңда түсінушілік пен сыйластық орын алсын! Әрқашан қуанышты да, қайғыда да бірге болыңдар, бірақ та, қуанышты сәттерің 100 есе артық болсын! Алла сіздердің сезімдеріңізді мәңгілік жас, жүректеріңізді егіз, тілектеріңізді бір етсін! Махаббат айдынындағы сапарларың сәті, бақыттарың баянды болсын! Шаңырақтарыңның керегесі кең, тересезі тең, босағаларыңыз берік, еңсесі \"Келісім сарайындай\"биік болсын! 

Толығырақ: https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/ujjlenu-tojjgha-arnalghan-quttyqtau-tilekter-215647/

...