0 дауыс
32.4k көрілді
Дұрыс тамақтану тәртібін білесіз ба? @Биология дұрыс тамақтану деген не?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Дұрыс тамақтану

 Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс.Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді.

Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы – ұлттың саулығы»- демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін – оны назардан тыс қалдыруға болмайды.

Сондықтан да мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы мен денсаулығы, олардың дұрыс өсіп жетілуі бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осыған байланысты мектебіміздің асханасы таңертеңгі 8.00-16.00-ге дейін жұмыс жасайды.

Күнделікті тамақтың сапасы мен берілу мөлшері (норма) мектептік құрылған бақылау топтары мен мектеп медбикесі тарапынан бақылауға алынған. Сонымен қатар тамақтың сапасын анықтап отыру мақсатында бракераждық комиссия құрамы құрылған. Комиссия құрамындағылар айына екі рет асхана тамағының сапасын тексереді және тексеру нәтижесінде акт толтырылады. Айына бір рет тамақтану мен тамақ пісіру орнына тазалық жасалынып, дезинфекцияланып отыру көзделіп, іске асуда. Мектеп асханасында ұсынылатын тағамдар сапасы нормативке сай, ыстық тағамдар түрі күнделікті өзгеріп отырылады. Ыстық тамақтың бағасы 84 теңгені құрайды. Салат түрлері үнемі өзгертіліп, ауыстырылып отырылады. Салатқа жемістер мен көкөністер сапалы түрде беріледі. Буфеттік тағамдар түрі жиі толықтырылып тұрады.

Мектеп оқушыларын сумен қамтамасыз ету қарастырылған. Оқушыларға мектеп асханасынан қайнатылған су тұтынылады.

Дұрыс тамақтанып, айтылған ережелерді орындай білген адамдардың ғана денсаулығы берік бола алады. Сондықтан да дұрыс тамақтану - әр адамның өз қолында демекпіз.

 

Дұрыс тамақтану ережелері:

 

·         тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады.

·         тамақты асықпай, мұқият шайнап, тамақтану режимін сақтап жеу керек. тамақты жиі және аз мөлшерде, күніне бес рет қабылдаған жөн.

·         тамақтанған соң дереу шай ішуге болмайды. Себебі шайдың құрамында темірді ыдырататын заттар болады. Шайдың орына шырын ішкен жөн.

·         таңертеңгі асты мұқият қабылдау. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда организмдегі қант азайып кетеді. Ертеңгі асты ішпесе, түсте артығымен қабылдайсыз, нәтижесінде асқазанға ауыртпалық түсіресіз.

Дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары:

 

1.     Тағамның құрамында негізгі қоректік заттар (белок, көмірсу, май) болуы тиіс.

2.     Тамақ рационында (дәрумендер, тағамдық талшықтар) болуы тиіс.

3.     Тамақ нәрлілігінің адамның жасына, мамандығына, денсаулық күйіне, табиғи-климаттық жағдайларына сәйкестігі.

4.     Тәулік бойы тамақтану тәртібін, мөлшерін сақтау.

5.     Тағамдар санитарлық-гигиена талаптарына сәйкес болуы керек.
0 дауыс
Алып қосарым жоқ, @akbope )) Психолог алдымды орап кетті)
0 дауыс
Бұлшық ет массасын жинау, теріасты майлардың үлесін төмендету, безеулерден құтылу немесе жай ғана физикалық та, моральдық та денсаулықты сақтау. Ең актуальды тема. Маңыздысы - ақуыздар, көмірсутектер, майлар және су. Су туралы бөлек қарастырсақ болады. Ақуыздар - бұлшық ет және ұлпалардың құрылыс материалы. Көмірсутектер - энергия көзі. Олар жай және күрделі болады. Күрделі көмірсутектер: күріш, қарақұмық. Жай көмірсутектер: жемістер, тәттілер және шырындар. Қандай мақсатта болсын жай көмірсутектерді рационыңыздан барынша азайтыңыз. Көмірсутектерді күннің бірінші бөлігінде тұтынған абзал. Себебі олар тез қорытылып кетеді. Майлар - айналымға қиынырақ түседі. Организмге қажетті пайдалы майлар бар. Бірақ олардың өзін көп мөлшерде тұтынбаған дұрыс.
Ақуыздар.
Спортпен айналысып бастағанда 1,5г/ 1кг
Норма 2г/1кг
Көмірсутектер.
Бұлшық ет массасын жинау 6-7г/1кг
Теріасты майдың үлесін төмендету 2г/1кг
Норма 3-5г/1кг (тəулігіне 2г/1кг жоғары)
Майлар 0,5г/1кг
Мысалы, мен 50кг болсам, мен тәулігіне 100г ақуыз тұтуыным керек.
Таңертең тұрғанда 1 стакан су ішуден бастаңыз. Суға лимон және бал қосып ішсеңіз де болады. Безеулерден құтылу үшін 10тамшы су тотығын 1стакан суға тамызып, ішсеңіз болады. Әрбір 3-4сағат сайын ас қабылдау керек, ұйықтауға 3-4сағат қалғанда соңғы ас қабылдауыңыз болсын.
0 дауыс
Бұлшық ет массасын жинау, теріасты майлардың үлесін төмендету, безеулерден құтылу немесе жай ғана физикалық та, моральдық та денсаулықты сақтау. Ең актуальды тема. Маңыздысы - ақуыздар, көмірсутектер, майлар және су. Су туралы бөлек қарастырсақ болады. Ақуыздар - бұлшық ет және ұлпалардың құрылыс материалы. Көмірсутектер - энергия көзі. Олар жай және күрделі болады. Күрделі көмірсутектер: күріш, қарақұмық. Жай көмірсутектер: жемістер, тәттілер және шырындар. Қандай мақсатта болсын жай көмірсутектерді рационыңыздан барынша азайтыңыз. Көмірсутектерді күннің бірінші бөлігінде тұтынған абзал. Себебі олар тез қорытылып кетеді. Майлар - айналымға қиынырақ түседі. Организмге қажетті пайдалы майлар бар. Бірақ олардың өзін көп мөлшерде тұтынбаған дұрыс.

Ақуыздар.
...