0 дауыс
Маған әртүрлі маман иелеріне арнап тақпақтар керек еді.
Қазіргі заман талабына сай мамандарға арналған тақпақтар мен өлеңдер бар ма?
04.03.2015 12.7k қаралым

2 жауап

0 дауыс
✓ Үздік жауап
Жақсы жауап

Біз ұшқыш та, ғарышкер,
Батыл жандар намыскер,
Көк күмбезін құшамыз,
Ғарышқа да ұшамыз.

 Біз дәрігер, дәрігер,
Ауруды емдеп жазамыз.
Науқас келсе, әбігер,
Боламыз да қаламыз.

Біз мұғалім, ұстазбыз,
Игі істерге құштармыз.
Білім беріп шәкіртке,
Шақырамыз тәртіпке.

 

 

05.03.2015
0 дауыс
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
04.03.2015
Рахмет.Енді маған дәрігер,құрылысшы ж.т.б көптеген маман иелері туралы тақпақтар керек еді.
127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы