0 дауыс
35.2k көрілді
мәңгі жасайтын ерлік туралы тақпақтар керек?

1 жауап

+1 дауыс
Борыштармын  ерлігі ғой солардың

Жеңіс үні дүрсілдетіп жүректі,

Қуаныштан қатайтасың білекті.

«О ,халқым, құтты болсын мерекең!»

Деп сіздерге арнап тұрмын тілекті.
  Көзді ашып- жұмғанша өтті уақыт,
 66 жыл болды ғой, міне, бақыт.
Үлкен-кіші, балалар, ардагерлер,
  Бәрінде де ашық көңіл,асқан шаттық..

Бағым жанып Тәуелсіздік ғасырда,

Мойындады бүкіл әлем қасымда

Борыштармын жемісі ғой бейбіт күн

Батырлардың құрбан болған жасында

Атты ,міне, азаттықтың ақ таңы,

Тарихымен байланысып жатқаны

Елім үшін шайқасқан ерлерімнің,                     
  Ар намысы, кеудеге от жаққаны.

Тәуелсіздік туын қолға алғалы,

20 жыл ғой  күткен бағы жанғалы,

Елбасымыз-Нұрсұлтандай елбасы,

Келер күнге нықтап ізін салғалы.                

Ардагерлерге арнау

Көріспей 66 жыл сағынысып,

Аңсаған кездесуді алып-ұшып.

Майдангерлер жүздесіп отыр міне,

Бақыттың бұлағынан қанып ішіп,

Естеріне түскенде қанды жылдар,

Жүректі тоқтатардай суық хабар,

Қандыкөйлек достарын ойлағанда,

Көз жасы майдангердің ытқып шығар.

Ал бүгін қуанышты күн емес пе?

Майдангерлер жеңісі – шың емес пе.

Бейбіт күннің жалауын желбіреткен,

Ерлікті бола ма екен елемеске ?!
*

Ерлік пен Жеңіс

Ерлік пен Жеңіс,

Майдангерлер еңбегі.

Елі үшін, жері үшін,

Шайқасты олар, терледі.

Жеңіс не үшін қымбат?

Қиындықпен келгені.

Бейбітшілік сыйлап бізге,

Майданда жауды жеңгені...

 Әлия, Мәншүк - қос жұлдыз,

Соғысқа олар аттанған.

Көп ерлердің ішінде,

Нағыз батыр атанған.

«Жеңіс үшін – жан пида»

Деді батыр ағалар.

«Ер есімі – ел есінде»

Ерлікті ұрпақ бағалар.

 «Рахмет!» - дейік бас иіп,

Ардагерді ардақтап,

Жеңісті бізге сыйлаған

Майдангерде жыр жаттап.
...