+3 дауыс
5.7k көрілді

Жаңа жыл туралы тақпақтар керек 5 жасар балаға дейінгі. Ия сайтта Жаңа жыл туралы тақпақтарЖаңа жыл туралы өлеңдер бар. Бірақ маған кішкентай балаға арналған тақпақтар жиынтығы керек. Алда жаңа жыл келе жатыр, қазірден бастап сіңліме, ініме 4 шумақ тақпақ жаттата берейін.

2 жауап

+4 дауыс
 
Жақсы жауап
Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.

*
Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.


Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.

*

Міне тағы келіп тұр,
Жаңа бір жыл балалар.
Жадыратып жер үстін
Төрімізге ол шыққан.

*

Жүзімізге күлкі ойнап
Қанаттанды жанымыз.
Жаңа жылды біз тойлап
Шаттанамыз бәріміз.



Жаңа жылмен, жаңа жылмен,
Құттықтаймыз әрине.
Әкемізді, анамызды
Қонақтардың бәрін де!

*
Рақмет үлкен. Тағы болса осында жариялай берсеңіз.
0 дауыс

 

Қазақша тақпақ: Балабақша | Жаңа Жыл, Аяз Ата  мында

Жаңа жыл Жаңа жыл 
Жаңа жылға жаңа жыр 
Жасыл шырша жанында 
Билеп барлық бала жүр

толығырақ...

...