+1 дауыс
15.6k көрілді

Балаларға арналған тақпақтар керек?

3 жауап

+1 дауыс

Балаларға арналған мына сайттан тақпақ және т.б. табуға болады: 

http://erketai.kz/balalarga/balalardin-olenderi/balalarga-arnalgan-takhpakhtar-toptamasi/

0 дауыс

Қандай тақырыптағы тақпақтар керек? Толықтырып жаз.

0 дауыс


Күз келді
Сарғайды тоғай,
Сап-сары маңай.
Соңғы әнін айтып,
Құс кетті қайтып.
 
Айнала жым-жырт,
Көк аспан сұрғылт.
Жер жыртқан тыңда
Трактор қырда.
 
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.
(М. Әлімбаев)
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Аппақ аппақ жапалақтап
Аппақ аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан.
Қалың орман, қар жамылған,
Маужырайды түнгі аспан.
Кең пейілді, мол мейірлі,
Сағынышпен табысқан.
 
О, алақай, Аяз ата,
Келе жатыр алыстан!
Кел билейік, үйренейік,
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты  болсын,
Құтты болсын жаңа жыл!
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Көшедегі бұзаудың
Көшедегі бұзаудың,
Құйрығынан ұстап ап.
Іздемей-ақ мұз айдынын,
Коньки тептім үш сағат
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Жасыл желек жамылған
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған.
Неткен сұлу шыршамыз,
Ән салайық баршамыз!
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Тиінмін, мен тиінмін
Тиінмін, мен тиінмін,
Қыста жылы киіндім.
Қоймам толы жаңғаққа,
Іші жылы үйімнің.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Сансыз көкек сұңқылдап
Сансыз көкек сұңқылдап,
Көктем келді ертелеп,
Нәзік үнмен сыңқылдап,
Бұйра бұлақ еркелеп.
Асау өзен арқырап,
Асқар таудан дүркіреп,
Айдын жатыр жарқырап,
Алды дала бір түлеп.
Көкте бұлттар күркіреп,
Жерге төкті өрмегін.
Жауды жаңбыр сіркіреп,
Мейірленіп жерге күн.
Қàñûì Àìàíæîëîâ
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Торғай, торғай, тоқылдақ
 Торғай, торғай, тоқылдақ,
Жерден тары шоқып-ап,
Бөтегесі бұлтиып
«Шиқ-шиқ» десіп отырмақ.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Көктем келді, құс келді
Көктем келді, құс келді,
Ойнаймыз біз саз илеп.
Біздің көлге түсті енді,
Былтыр кеткен қаз-үйрек.
Көк көйлегін киді жер,
Шешіп ақ қар – ішігін.
Емірене сүйді жел,
Тал-теректің бүршігін.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Қоян, қоян, тұршы
Қоян, қоян, тұршы,
Бетіңді жушы.
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы,
Ал, енд, бізді қушы!
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Бақа, бақа балпақ
-Бақа, бақа балпақ,
Басың неге жалпақ?
-Темір телпек көп киіп,
Басым содан жалпақ.
- Бақа, бақа балпақ,
Көзің неге тостақ?
- Көрінгенге көп қарап,
Көзім содан тостақ.
- Бақа, бақа балпақ,
Бұтың неге талтақ?
- Су ішінде көп жүзіп,
Бұтым содан талтақ.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Әзір титтей бойымыз
Әзір титтей бойымыз,
Әзір балаң ойымыз,
Тек қуамыз ойын біз.
 
Ұзарады бойымыз,
Толысады ойымыз,
Алда талай ойымыз!
Өйткені біз күн санап,
Өсіп келе жатырмыз
Беске толған батырмыз!
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Санамақ
 Бір дегенім — білеу,
Екі дегенім — егеу.
Үш дегенім — үскі,
Төрт дегенім — төсек.
Бес дегенім — бесік,
Алты дегенім — асық.
Жеті дегенім — желке,
Сегіз дегенім — серке.
Тоғыз дегенім — торқа,
Он дегенім — оймақ,
Он бір — қара жұмбақ.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Картоп пен қауын
—Мен кетпеймін шығынға,
—Картоп айтты: — Жемеңдер.
Қалдырыңдар тұқымға,
Жалғыз екен демеңдер.
Отырғызсаң көктемде,
Гүл шашамын, толамын.
Кейін күз кеп жеткенде,
Талай картоп боламын...
Қауын: — Жей бер, ел, — деді,
Жақсы қайта жегенің:
Жүздеп жатыр, себебі,
Ішімде ұрық дегенің.       
(Ескен Елубаев)
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Бұзау
Келе жатыр бұзауым
Үстіменен жіп-жіңішке тақтайдың.
- Қане, батыр бұзауым,
Құлама сен, құламасаң, мақтаймын!
 
Айтсам да мен әзілдеп,
Толқып келе жатыр ол.
Құлаймын-ау қазір деп,
Қорқып келе жатыр ол.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Мамалақ
Талай рет Мамалақ
Түсті еденге домалап.
Енді бірде аяғын
Жұлып алдым, аядым.
 
Тастамаймын сонда да,
Тастамаймын мен оны.
Болмаса да жап-жаңа,
Сүп-сүйкімді, әдемі.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Ат
Қас жүйрікке балаймын,
Құйрық-жалын тараймын.
Қарғып мініп мен атқа,
Барам сосын қонаққа.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Доп
Көлге добын түсіріп ап, жағада
Жылап тұрған өзіміздің Таня ма...
- Қой, Таняжан, жанарыңдыжума көп,
Білмейсің бе, батпайды ғой суға доп.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Машина
Келіп еді өзін бір
Машинама мінгізгім.
Келіп еді өзін бір
Ары-бері жүргізгім.
Түсінбеді мысығым:
Қарап маған алара –
Тастады да төңкеріп,
Қашып кетті далаға.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Көжек
Құйып тұрған нөсерді-ай!
Қалдырған ба, ұрысып?..
Орындықтан түсе алмай,
Отыр көжек бүрісіп...
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Лақ
Бар менің лағым,
Бағамын шаттанып.
Азанмен тұрамын,
Барамын баққа алып.
Ойнақтау жоқ онда,
Жатады көгалда...
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Кімнің баласысың?
Кімнің баласысың?
— Қыз! Қыз!
Сен кімнің қызысың?
— Анамның.
— Тұз! Тұз!
Сен кімнің тұзысың?
— Даламның.
— Ұл! Ұл!
Сен кімнің ұлысың?
— Атамның.
— Гүл! Гүл!
Сен кімнің гүлісің?
— Отанның!
                                  М. Әлімбаев
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Табиғат әліппесінен «Ш» әрпі!
Шиені суарамын әлсін-әлсін,
Шиенің шөлі қансын...
Қансын... Қансын.
Шығырды шиқылдатып су тартамын:
Шиеге шырай беріп, тамшы тамсын.
                                            
                                                          М. Әлімбаев
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Бантик
Кеше тақтым ақ бантик,
Бүгін тақтым көк бантик.
Қызыл, жасыл, сап-сары —
Мендегі бар көп бантик.
 
Қылықтары күлкілі-ақ,
Ұлдар мені жүр сынап.
Бантигімнің байлауын,
Тарқатады жұлқылап.
                            
                                          А. Исәділ
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Оқушы
Еркесімін атамның,
Еркесімін апамның,
Жасым толып алтыға,
Мен оқушы атандым.
Сабағымды жақсы оқып,
Бүгін тағы бес алдым.
Жарайсың деп аташым,
Жарайсың деп апашым,
Маңдайымнан иіскеп,
Беріп жатыр батасын.
                                       А. Исәділ
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Бөпем менің ай ма екен?
Бөпем менің ай ма екен?
Шекер ме екен, бал ма екен?
Ойнақтап бір бәйгеден,
Озып келер тайма екен?
 
Бөпем менің қайда екен?
Балалармен тауда екен.
Тауда неғып жүр екен?
Алма теріп жүр екен.
Алмасынан қане екен?
Жаңа теріп жүр екен.
Қызыл алма қолында,
Қыздар оның соңында.
 
Жап жасыл ағашы,
Қып-қызыл алмасы.
Ақ басты тауы бар,
Алматы қаласы.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Алтын сары, қызыл көк…
Алтын сары, қызыл көк…
Алуан –алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,         
Көз тартады атырап.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Ұзын құлақ сұр қоян
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Әлди, әлди, ақ бөпем
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Көк құтанның құйрығын,
Жіпке тағып берейін.
Көк сиырдың сүтінен,
Көже жасап берейін.
Оның дәмін кім татар,
Жыламаған ұл татар.
 
Бөпем жылап қапты ғой
Қарның ашып кетті ме?
Қазір, алдыма алайын бөпемді
Қане, тәттім, еме ғой.
 
Балабақтың тәртібін,
Сақтадым мен алты күн.
Дәмді-дәмсіз бөкпеннің,
Бәрін өзім жеп келдім.
 
Түйе маған шұбат берді,
Шұбат маған қуат берді.
 
Сабада да қымыз бар,
Шарада да қымыз бар.
Сабадағыны пісіп іш,
Шарадағыны құйып іш.
 
Қатады апам шайға сүт,
Біз отырып жайғасып,
Шай ішеміз ақ нанға
Сары май жағып шай қасық.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Тиінмін, мен тиінмін
Тиінмін, мен тиінмін,
Қыста жылы киіндім.
Қоймам толы жаңғаққа,
Іші жылы үйімнің.
 
Сақалы аппақ күмістей,
Тістері аппақ күріштей.
Қызыл ала шапаны,
Сағындым Аяз атаны!
 
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынғын.
Неткен сұлу шыршамыз,
ән салайық баршамыз!
Қуант бізді таңырқат,
Шамдарыңды жарқырат!
 
Жаңа жыл – жаңа нұр,
Жаңа шаттық, жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Ойнап барлық бала жүр.
Жарияланған мерзімі: 10.04.2012
Таңдаулыға қосу
Тақпақты басып шығару
 
Шынықсан денеміз
Жүріңдер, балалар,
Сырғанақ тебеміз!
Құрыспай,
Құрыштай,
Шынықсын денеміз!
 
Таяққа бау тағып,
Шаңғыңды майлап ал.
Биялай,
Малақай –
Бәрін де сайлап ал!
 
Жақсылап байқашы,
Аяғың тоңбай ма?
Жел үріп,
Қар кіріп,
Қоншыңа толмай ма?
 
Желменен жарысып,
Сырғанақ тебеміз.
Құрыспай,
Құрыштай,
Шынықсын денеміз!
 

...