0 дауыс
432 көрілді

Биыл тура жаңа -жылдын алдында 20.бастап Аялдамаларға.жалпы көшеге  хабарландыру ,жарнамаларды ілгызбей тастады.камераға тұсіріп айымпұл саламыз деп қорқыты.(солайда болды)Мен Прокатка костюмдер шығару шедым.тегін Жарнама газетерыне бердым оларда бырак акшаға шығарды аптасына бырағы рет.Халық қайдан ?не? іздерын білмей қалды.Шағын каладағы Агеныттктын қоқаң лоқысы ма?алде Мемлекетік заңда бар ма? Сосын мүгедектер жарнама берсе жеңылдік бар екенын естідім.Жалпы барлық қалаларда солай болып жатыр ма?Азғантай касыппен айналысып отырған қарапайым адамдарға.2,0000 (жирмамың) жарнама төлеуге тура келіп тұр.

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Алматыда бағаналарға хабарландыру жапсырғандар жазаланады

[©Ярослав Радловский]
©Ярослав Радловский

Алматыда бағаналарға хабарландыру жапсырғандарға жаза қолданылатын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Алматыэлектротранс" ЖШС мамандарына сілтеме жасап.

Компания өкілдерінің хабарлауынша, қаладағы бағаналардың бәрі тазартылып, сырланған. Соған байланысты қала тұрғындарына электр желілері тіректеріне хабарландыру жапсыруға тыйым салынатыны ескертіледі. Ол кез келген ақпараттық хабарламаға, әсіресе, концерт жарнамаларына қатысты. Бағаналарға сырмен жазба қалдыруға да тыйым салынады. Бұл ережені бұзғандар "Көріктендіру талаптарын бұзу" және "Жүгенсіздік" баптары бойынша жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлейді және келтірілген материалдық шығынды өтейтін болады.

Айта кетейік, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске толықтырулар енгізілген болатын. Мысалға, онда көшеде адамдардың мазасын алатын жезөкшелер мен қайыршыларға, бақсы-балгерлерге де жаза қарастырылып отыр. Бұл бап "Қоғамдық орындарда жабысу" деп аталады. Бірінші рет жасалған заңбұзушылық үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады, заңды қайта бұзғандар қамауға алынады. Заң шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға да мейлінше қатаң қарамақ. Қоғамдық орындарда бір рет жұрттың мазасын алғаны үшін олар бес тәулікке дейін қамалуы мүмкін, кейін ел аумағынан шығарылады.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
0 жауап
...