0 дауыс
Зейнеткерлік жастағы азаматтар үшін нотариалдық қызмет құнына жеңілдіктер бар ма?
11.07.2015 507 қаралым

2 жауап

0 дауыс
Нотариустар қызметінің құны мемлекеттік баж салығы мен құқықтық және техникалық сипаттағы қосымша қызметтерді төлеуден тұрады. Нотариалдық іс-әрекеттер жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж мөлшерлемелері ҚР Салық кодексінің 536-бабында айтылған. Зейнеткерлік жастағы тұлға нотариалдық іс-әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қосымша қызметтер төлеуден босатылады. Мәселен, зейнеткер нотариустан зейнетақыны басқа тұлғаның алуына сенімхат ресімдегісі келеді. Мұндай сенімхатты ресімдеу кезіндегі мемлекеттік баж салығы АЕК-тің 10 пайызын құрайды, яғни – 198 теңге, оған қоса қосымша қызмет – 1 АЕК (1 982 теңге), барлығы 2 180 теңгені құрайды. Зейнеткерлер қосымша қызмет құнын төлеуден босатылғандықтан сенімхат үшін оған бар болғаны 198теңге төлеу керек болады.
11.07.2015
0 дауыс
Сенің сұрақтарыңа қарағанда жауаптарың жылдам болып кетті ғой.
11.07.2015
127,959Сұрақ
322,882Жауап
153,169Пікір
72,997Қолданушы