Жанұя сұрақ қойды | 1.6k қаралды
1.6k қаралды
Алты балам бар жолдасым озімде жұмыста жоқпыз жолдасым контрактпен жумыс жасайтын контрактсі бітіп қалды балдарымның алды 8 сыныпқа барады, бесінші қызымды балабақша кезегі келіп тур айына11000тенге болпты жеңйлдйктер бармекен?

4 жауап

жауап берді
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес көп балалы аналардың:

– бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін);

– «Алтын алқамен», «Күміс алқамен» марапатталған немесе бұрын «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы»  ордендерімен марапатталған көп балалы аналар ретінде арнаулы әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Алтын алқамен» – жеті, «Күміс алқамен» алты бала туған және тәрбиелеген аналар марапатталады. «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапаттау осы ананың алтыншы және жетінші баласы бір жасқа жеткен және қалған балалары тірі болған жағдайда жүргізіледі.

Мрапаттау кезінде мына балалар да есепке алынады:

– заңды түрде асырап алған;

– Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау кезiнде немесе өзге қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен, дүлей апаттар кезiнде не адам өмiрi мен материалдық құндылықтарды құтқару жөнiнде азаматтық борышын атқару үстiнде, қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртiп күзетiнде қаза тапқан, сондай-ақ аталған жағдаяттар кезiнде жаралану, мертiгу немесе ауруға шалдығу не еңбек жарақаты немесе кәсiби ауру салдарынан қайтыс болған балалар.

Жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті тиісті құжаттарымен қоса тұратын жері бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың филиалына береді:

1) белгіленген үлгідегі өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) жәрдемақы алу құқығын растайтын құжаттар;

4) әлеуметтік жеке код беру туралы куәлік;

5) азаматтарды тіркеу кітабы.

Құжаттар түпнұсқада және салыстырып тексеру үшін көшірмеде ұсынылады, кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш иесіне қайтарылады.

Жәрдемақыны тағайындаудың және мөлшерін анықтаудың тәртібі

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қажетті құжаттармен қоса өтініш берген күннен бастап тағайындалады және ай сайын төленеді. Жәрдемақы мөлшері:

– бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасыларға балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) – 3,9 айлық есептік көрсеткіш;

– “Алтын алқамен”, “Күмiс алқамен” марапатталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, I және II дәрежелi “Ана даңқы” ордендерiмен марапатталған көп балалы аналарға – 6 айлық есептiк көрсеткiш.

Назар аударыңыз! Бір уақытта бірнеше негіздемелер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға жәрдемақы олардың қалауы бойынша тек бір негіздеме бойынша ғана төленеді.

Есте сақтаңыз! Көп балалы аналар Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы жеке куәлік және төлқұжат беру үшін баж төлеуден босатылады.

Ескерту. 2012 жылға арналған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері – 1 618 теңге.

Мұны білгеніңіз жөн (оқып шығыңыз):

1) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы»  Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы № 2676 Заңы;

2) «Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы  туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 365-I Заңы.
http://imurat.kz/kopbalaly-ana-komek/
Қай жерде қандай жеңілдіктер бар сол жайлы білгім келіп еді,газ свет су балабақша лагер баска калаларга бару улын билеттерге жеңлдіктер тағы басқа деген сяқты
жауап берді
Салеметсіздерме мен сурағым 6 бала туыган негіз 1баласы кайтыс болган енд 5 баласы бар ал кайтыс болган баласы 5жасында кайтыс болган ол куміс алкага
жауап берді

"Алтын алқа" және "Күміс алқа" неше балаға беріледі?

"Алтын алқа" жетінші сәби бір жасқа толған кезде және алты баласы тірі болған жағдайда ғана беріледі.

Ескертейік, егер олардың бірі Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау кезiнде немесе өзге қызметтiк мiндеттерiн атқару үстiнде қаза тапқан не болмаса хабарсыз кеткен, дүлей апаттар кезiнде не адам өмiрi мен материалдық құндылықтарды құтқару жөнiнде азаматтық борышын атқару үстiнде, қылмысқа қарсы күресте және қоғамдық тәртiп күзетiнде қаза тапқан, сондай-ақ аталған жағдаяттар кезiнде жаралану, мертiгу немесе ауруға шалдығу не еңбек жарақаты немесе кәсiби ауру салдарынан қайтыс болған балалар есепке алынады.

Алты баласы бар аналарға "Күміс алқа" беріледі.

Тұрғын үймен бірінші кезекте қамтамасыз етіледі деген ақпарат рас па?

Рас. «Алтын алқамен» марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көп балалы аналар бірінші кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Заңының 36-бабында көрсетілген.

«Күміс алқа» алқасымен марапатталған көп балалы аналарға жергілікті бюджет есебінен жеңілдіктер белгіленуі мүмкін.

"Алтын алқа" және "Күміс алқа" иелеріне жәрдемақы төлене ме?

Төленеді. Отбасы мүшелерімен бірге тұрғын үй шығындарын төлеу үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады.

ҚР Заңына сәйкес:

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, «Ана даңқы» І және ІІ дәрежелі ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға  - 6,4 АЕК (15 392 теңге) төленеді.

Толық мәліметті мына сілтемеден оқи аласыз.

жауап берді
алтын алқаға өмір байян қалай жазылады?

Сіздің жауабыңыз

Есіміңіз:
Құпиялық: Email поштаңыз тек сізге хабарлама жіберу үшін ғана қолданылады
Спамға қарсы тексеру:
Он бірге бесті қосыңыз?
Модерациядан өтпес үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
117,644 сұрақ
302,075 жауап
153,341 пікір
64,831 қолданушы