+2 дауыс
47.5k көрілді
Тұңғыш Президент күніне орай мерекелік сценарий тауып бере аласыздар ма? Мүмкіндігінше қазір. ӨТІНЕМІН!

4 жауап

+1 дауыс

1 Желтоқсан - Тұңғыш президент күні

1 жүргізуші:

Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

2 жүргізуші: Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған!

1 жүргізуші: Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.
2 жүргізуші: Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.

Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

1 жүргізуші: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп жарияланады.

Г И М Н
2 жүргізуші: Азаттық, теңдік әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!

Көк Ту - ән.
(Ту ұстаған оқушылар залдың 2 жағынан жүріп өтіп сахнаға тұрады.)
Мектеп оқушыларының монтажы

1 жүргізуші: Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз аудан әкім _____________________ беріледі.
2 жүргізуші: Келесі сөз кезегі аудандық «Жас Отан» жастар қанаты ұйымының атынан беріледі.

Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.

Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне байланысты мерекелік салтанатты жиын жабық деп жарияланады.

Г И М Н
Көк Ту әні. Ту ұстаушылар шығып кетеді.
Марапаттау рәсімі
Тұңғыш Президент күні мерекесіне байланысты ауданымыздың көркеюі мен экономикасының өсуіне өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтар марапатталады. Марапаттау үшін аудан әкімі __________________және аудандық мәслихаттың хатшысы_______________ортаға шақырамыз.

Концерттік бағдарлама
Бір басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық!

Назарларыңызға аудан өнерпаздарының мерекелік концертін ұсынамыз.

Қадірлі көпшілік, Тұңғыш Президент күні мерекесінің салтанатын арттыру мақсатында облыс, республика жұртшылығына өнерімен танылған, талантты әнші, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Анна Вундер өз қолдаушы өнерпаздарымен әсем әннен жинақталған концерттік бағдарламасын Сіздердің алқаңызға ұсынғалы келіп тұр, қабыл алыңыздар!

+2 дауыс

1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күні сценариі

Тәрбие сағатының мақсаты:

а) Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.

ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.

б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

ФОН: Күй

1-жүргізуші:

Армысыздар, қадірменді қонақтар,құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған концерттік бағдарламаға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Бүгін 1-ші желтоқсан – Қазақстан Республикасында Тұңғыш Президент күні болып елімізде 2 ші жыл тойланып отыр.

2-жүргізуші:

Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет.

1-жүргізуші:

Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!

2-жүргізуші:

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!-дей келе

Мектебіміздің оқушылары сомдаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағынан шағын көріністі тамашалаңыздар

Көрініс қойылымы: «Әке өсиеті» Әке-Талғат, бала-Ақниет

1-жүргізуші:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді

2-жүргізуші:

Қазақ ақын-жазушылары өз Отанына, туған еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен жеткізген. Ендеше өлең жолдарына кезек берейік.

Өлең оқу: Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» «Мен Қазақпын» (Амангелді, Байбек)

Күй «Секіртпе» Айдар

1-жүргізуші:

Беу, Туған жер! Сен ыстықсың біздерге.

Мыңдаған дастан жатыр Халқым басқан іздерде.

Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай

Даналықтың жырын жастар іздер ме?

2-жүргізуші:

Жыр жазам деп талпынады жас балаң.

Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.

Жүрегінің түкпірінен шығарып

Әннен шашу болды оған міне бір арман – деп

1 сынып оқушысы Фатиманың орындауында « Егеменді Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.

2-жүргізуші

Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.

Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатында " Жылдар сөйлейді" атты сахналық қойылымды тамашалаңыздар.

Фон: Музыка қою

9б сынып оқушысы Әшірбеков Қанағаттың орындауында «Балбырауын» күйі

1-жүргізуші:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.

2-жүргізуші

Елбасы — халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер.

1-жүргізуші:

«Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары, үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы- бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты толық қанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім- білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын» — деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

2-жүргізуші

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік барлық Қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық. Жұмыла отырып, біз тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құрудамыз. «Мен өз халқымды сүйемін, оның мәні бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын» деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

2 -сынып оқушылары Жазира мен Наргиздің орындауында " Көгершін " биі

1-жүргізуші

«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

2-жүргізуші
Туды ұстап тура жолға түсіріп, 
Жас Отанның өмірін де түсініп, 
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, 
Бір керемет жасады-ау кісілік!

1-жүргізуші

Қазақ халқымыздың сәндік колданбалы өнерлері мен ұлттық дәстүріміз ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де аса маңызды болғандықтан көненің көзі болған тарихи мұраларымызды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру баршамыздың парызымыз деп санай отыра, оқушыларының өз шығармашылықтарымен жасаған сәндік киім үлгісін тамашалаңыздар.

Сәндікұлттық киім үлгісін көрсету

2-жүргізуші:

Бүгінгі Астананың нұры қандай!

Көгінде желбіреген Туы қандай!

Еуропаның төрінде билік айттық,

Көрсеттік бейбіт жолды ұғынардай.

1-жүргізуші:

Сан ұлттың басын қосып Қазақстан

Бекемдеп саясатын іш пен тыстан

Елбасы, алдын ала болжай біліп,

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан

Жыл сайын табыс қоссын табысыңа

Әр қазақ берік болсын намысына

Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,

Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!-дей отырып,

10-сынып оқушысы Қуанбай Нұрболат орындауында "Қазақ елі" әнін қабыл алыңыздар

1-жүргізуші:

Төле би сөзімен бүгінгі күнгі іс-шарамызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім, 
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар, 
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар, 
Атадан қалған сара жолым бар.

2-жүргізуші
«Осындай тәуелсіз елімздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

1-жүргізуші:

Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!

БІРГЕ: Қош сау болыңыздар!і

0 дауыс
Мақтанышы қазақтың
Баласы ол әженің жүрегі оның тап таза,
Желбіреген кекілі көздері мөлдір қап қара.
Қазақ көшін бастаған алып тұлға бүгінгі,
Әлем елі құрметтеп ардақтаған жар сала.
Баласы ол Әженің пейілі кең даладай,
Бағына біткен қазақтың намысты ел ағасай.
Асыл тұлға ел үшін аянбастан тер төккен,
Сар даланы көркейтіп қала салған жағалай.
Ежелден ақ қамқор боп құшақ ашқан әр ұлтқа,
Пана болған жан ашыр ғайыптан келген ғарыпқа.
Елбасыдай ардақты Нұрсултандай ағамыз,
Ұшан теңіз еңбегің жазылсын жыр боп ғарышта.
Балдай тәтті сәби кез әжесінің еркесі,
Көгілдір аспан күа боп алыстан сыр шертеді.
Қарапайм талантты данышпан біздің елбасы,
Қайрат боп сіңген бойына әжесі айтқан ертегі.
Жырға қосып атыңды мақтанудан жалықпан,
Білдіреміз мың алғыс қара ормандай халықтан.
Ұзақ болсын жасыңыз қазақтың бір егейі,
Тыңнан табар тура жол Елбасымыз данышпан!
Гүлбағи Базар
0 дауыс
маған сурақ пен жауап керек осы ткырыпка байланысты
...