0 дауыс
2.1k көрілді
Ашық есік күніне сценарий керек. экология тақырыбына және 4 қазан жануарларды қорғау күніне қатысты болса.

1 жауап

0 дауыс

Тақырыбы: "Экология тазалығы - денсаулық негізі"

Сабақтың мақсаты:

  1. Сабаққа ойын элементтерін пайдалана отырып, ғылымның өзге салаларымен байланыстырып, оқушылардың «Денсаулық», «Экология», «Салауатты өмір» жайлы таным - түсініктерін тиянақтау.

  2. Оқушыларға сын көзбен қарауды, зинды заттардың организімге тигізетін әсерін және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, оған айналасындағы қоршаған ортаға деген өмірлік дағдыларын жетілдіру.

  3. Оқушыларға әстетикалық, құқылық, адамгершілік тәрбиесін беру. Денсаулыққа бағытталған дағдыны тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру.


Түрі: Саяхат сабақ.


Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, жинақтау.


Типі: Қайталау.

Көрнекілігі: оқулық, тақта, сызба, сурет, қолшатыр.


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен амандасу.

ә) оқушыларды түгендеу, журналды толтыру.

б) сынып кезекшілігінің міндетін бақылау.


II. Мақсат қою кезеңі:

- Балалар, біздің бүгінгі сабағымыз күнделікті өтіп жүрген сабақтарымыздан өзгеше болмақ. Бұл сабақта экологияның адам денсаулығына әсері туралы жан-жақты білім алуға тиіспіз. Себебі қазіргі таңда көтеріліп отырған экология мәселелеріне байланысты тапсырмаларды орындай отырып, біз мінген «Салауатты өмір» поезімен «Экологтар» ауылынана өтіп, «Денсаулық» ауылына жетуіміз керек.

Ол үшін бірнеше бекет - кедергілерден өтеміз. Ал ендеше, балалар, іске сәт.

- Балалар, «Салауатты өмір» поезына отыру үшін «салауатты өмір» дегеннің не екеніне тоқталайық.

- Салауатты өмір - дегеніміз денсаулықтың үйлесімді дамуын қамтамасыз ететін, оны сақтайтын және нығайтатын профилактикалық шаралар жиынтығы.


III. 1 - аялдама - (Үй тапсырмасын тексеру)

Біздің бірінші аялдайтынымыздың «Никотин» бекеті. «Никотин» бекетінен өту үшін мына сұрақтарға жауап беру керек.


1. Никотин дегеніміз не? (Темекінің құрамындағы улы зат, темекіні адамға пайдалы деп Жан Нико өсірген. Никотин Жан Никоның атымен аталған.)

2. Дені саудың - …… сау. ( жан - душа)

3. …..басып есіне. (ауыз - рот)

4. Суды улама, … түкірме. (су - вода)

5. Тазалық бар жерде-…. бар. (денсаулық - здоровье)

6. Аурудың жақсысы жоқ, ……тәттісі жоқ. (дәрі-лекарства)


«Тазалық» бекетін артқа салып, «Ағза» бекетіне де келіп жеттік. Бұл бекетте адам ағзасына әсер ететін факторлармен зиянды заттар және оның адам ағзасына қаншалықты әсер ететініне тоқталамыз.



Сұрақ:

- Балалар, адам ағзасында қандай факторлармен зиянды заттар әсер етеді?

( Лас ауа, лас су, жуылмаған көкөніс, тұзды су, қышқыл жаңбыр, озон қабатының жұқаруы, топрақтың сорлануы. Маскүнемдік, нашақорлық, шылымқорлық, СПИД сияқты зиянды заттар да әсер етеді.)


2 - кесте.

Адам ағзасына әсер ететін факторлар мен зиянды заттар:

1) Лас су

2) Газ

3) Ластанған ауа

4) Топрақтың сорлануы

5) Жуылмаған көкөніс

6) СПИД

7) Нашақорлық

8) Темекі


Енді адам ағзасына осы факторлармен зиянды заттардан қандай аурулар туындайтынын айтып кетейік. Ол үшін осы факторлармен зиянды заттар атауларын адам ағзасы макетіне орналастырайық.

- Қандай дене мүшелеріне әсер етеді? (Өкпеге, бауырға, жүрекке, ішекке)

- Қандай ауррулар туғызады? (Өкпеде-туберкулез. Туберкулездің қондырғышы-туберкулез таяқшалары. Ол таяқшалар ауада, киімде, ыдыс-аяқта, сүлгіде, жөтел тамшылары т.б ауру адам қолданатын заттарда болады)

Туберкулез - тамшылар мен шаң қоздырғышы. Қараңғы үйде, ылғалды орында, кір-лас жерлерде бактериялар өмірін ұзартады. Таза ауа, үйді желдету, жақсы тамақтану, күн сәулесі - осының бәрі туберкулез таяқшаларын жояды.

Вирусты гепатитті тұрмыстық жағдайда сары ауру деп атайды. Өте жұқпалы бауыр ауруы. Ауру белгілері: асқа тәбеті болмайды, құсады, лоқсиды, іші кебеді, көз жанары сарғаяды.

Гелминтоздар - паразит құрттар. Паразиттік сорғыш құрттар типі, олар бауыр сорғыштар бауыр клеткаларымен, қанмен қоректеніп, адам өміріне үлкен қауіп төндіреді.


Адам макетін салу.

- Ия, балалар, тапсырмаларды орындай отырып біздің поезіміз «Есірткі» бекетіне де жетті.

Статистика бойынша: Қазақстанда есірткі тұтынушылар саны 250 мың.

Нашақорлардың өмірі 3-5 жыл. Нашақорлыққа әуестенуден туындайтын жағдайлар.

1) Әлеуметтік проблема.

Жұмыстан, жанұядан, жолдастардан ажырайды.

2) Құқықтық проблема.

Адамның ақыл-есі өзгереді, нашақорлар-әлеуметтік «қауіпті» адамдар. Олар заңға қайшы келетін қылықтар жасайтын адамдар.

3) Медециналық проблема.

Созылмалы аурулардың пайда болуы: бауырдың, жүректің, бүйректің ауруларын туғызады, туберкулезді өршітеді.


Тест сұрақтары.

(Тест жұмыстарын жинап алғаннан кейін, оқушылардың денсаулық жайлы ойларын тыңдау)


Сабағымызды Елбасымыз Нұрсұльан Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» халыққа жолдауында айтқан сөзімен аяқтағым келеді. «Болашақ ғасыр иелері - дені сау, терең білімді, жат қылықтардан аулақ болуы біз үшін үлкен бақыт.»

VI. Үйге тапсырма. «Экология және денсаулық» тақырыбына реферат жазу.


https://botan.cc/

...