0 дауыс
31.0k көрілді
Желтоқсан президент күніне арналған мерекелік кешке сценарий қажет еді?

4 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап
Тақырыбы:           Астана – Қазақстан Президенттің символы

Мақсаты: Жас ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаев туралы терең мағлұмат беру;Елбасының өмірін, еңбек жолын

үлгі-өнеге ете отырып,  елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; Елбасының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген

саясатын үлгі ету. Туған жарге, Отанға деген  сүйіспеншілігін арттыру; Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы,

құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу.

Көрнекілігі:портреттер, фотосуреттер, еліміздің рәміздері, Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары.

Барысы: Ұйымдастыру (психологиялық дайындық)

-Балалар, ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Қараңдаршы біздің шеңберіміз қандай керемет!Ол жай шеңбер емес, оның сиқыры бар (шеңбер бойымен алдын ала дайындалған айналар қойылған)

-Әрқайсысыңыз өз айналарыңды алып, артына қарасаңдар, бір құпия табасыңдар.

Егер күлкі бейнеленсе, онда бір-бірімізбен күлімдей қараймыз, алақан бейнеленсе- қолымызды қысып амандасайық, күн бейнеленсе- жақсы ықыласпен сәлемдесейік, Жүрек бейнеленсе- құшақтасайық.

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген.

Шуақ толы жанымыз жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

Мұғалім: Көзімізді ашсақ ертегі әлеміне тап болдық.

Ертеде әлемді аузына қаратқан, төрткүл дүниені тамсандырған, дәулеті мен сәулеті тасқан, халқы бір-бірімен тату тұратын, қаласы көркем, даласы дархан, аққуы ұшып, қазы қонған, ел бастаған көсемі, сөз бастаған шешені бар бір ел болыпты. Жаны таза, жүрегі адал паң даланың иесі, сұлу сөзбен садақ иген, ешкімге ұқсамайтын, дара болмысты мұндай халық жер бетінде болмаса керек. Тағдырдың тар жол тайғақ кешуіне дес бермеген қажыр-қайраты, қаһармандығы, адалдығы, бірлік-берекесі біте қайнасқан ерекше қасиетімен әлем жұртын назарына аударыпты. Бақыт деген құстан қайда барып тұрақтайсын десе ынтымағы жарасқан елге деген екен. Ал, бақыт құсы бұл елден ешқайда кете алмапты.

Ендеше балалар осы бір құпияның сыры неде, бұл қай ел екенін бәріміз бірдей іздеп көрейік.

Елбасының дүниеге келуі.

Көрініс:

: Шынымен-ақ шырылдаған нәресте үнін ести алмай өтеміз бе деп жүргенде анасы Райымбек бабаның басына барып зиярат етіп қайтқан түні түнде түс көреді.Түсінде буырқанып, дөңбекшіп жатқан теңізді көреді.Теңізге түседі су әуелі белінен, көкірегінен, содан соң мойнынан асады. Бір кезде басы көрінбей кетеді, тұншығамын деп қорқады, бірақ бір ғажабы еркін тыныстап келе жатады, аяғы теңіздің түбіне бір тиіп, бір тимейді. Келе жатып су түбінен мылтық тауып алады, Иығына мылтықты асынып алып, аршындай басып теңізді кешіп өтеді.

: Осы түсін ағайындарына жорытқанда «Алла жар болсын, түсің жақсы екен, құдай ұл береді сендерге» дейді. Шынында көп ұзамай анасы бойына бала біткенін сезе бастайды. Сөйтіп 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында осы елдің болашақ көшбасшысы өмірге келеді.

Бұл халқының бағына туған бүгінде әлем таныған көшбасшысына айналған қазақ деген қайсар халықтың президенті Н.Ә.Назарбаев еді.

: Нұрлы ғұмыр нұрлы мекеннен, жанарына нұр тұнған балалықтан, санасына сыр тұнған дала даналықтан бастау алады. Ойынмен еркелеп, еңбекпен есейіп, намысын жігеріне қайрап, тау өзеніне малтып, қыран қиялмен қияндарға қалқып өр мінезді ер мінезбен атастырып, жігіт болып толысады. «Батыр болар балаңды бетінен қақпа, белін бу» деген қағидамен қағу көрмей, еркін өсіп, ер жеткен бала Сұлтан батыр бабалардың басқан іздерімен балалықтың балдәуренін өткізіп, көнелерден жеткен көсем сөзбен сусындады.

Көрініс:

Таңертеңгі шайдың кезі

Сұлтан: Жеңеше, мен бір керемет түс көрдім.

Анасы: Ол қандай түс, балам?(елең ете қалады)

Сұлтан: Мына Алакелдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққаным сол, ауыл жаққа қарасам менің класым да, мектебім де, мектептегі балалар да осы Шамалған ауылының бәрі төме-е-ен жақтан көрінді. Соны өзім арқалап шығағарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім.

Анасы: Балам сен өте үлкен адам болады екенсің, дәрежең жоғары болады екен, тұз деген жақсы нәрсе Алла тілеуіңді берсін балам. Мансабың жоғары, өрең терең, несібең аса мол, еңсең биік болады екен.

Мұғалім: Анасы баласына ақ батасын беріпті.

Міне анасының жорыған түсі дәл келіп, бүгінде аз ғана уақыт ішінде әлемді аузына қаратқан Қазақ елін басқарып, атақ-дәрежесі күллі дүниені шарлап кетті.

Мұғалім: Ендеше балалар бүгінгі тәрбие сағатымызда әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар менен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолына арналған «Кемеңгер көшбасшымен – татулық кемесінде» тақырыбында өтпек.

Біз білетін Н.Назарбаев-ол

Ұлағатты әке

Мейірімді ата

Өнер иесі

Н.Ә.Назарбаев

Жазушы

Ұлтжанды азамат

Ақын

Сарыарқа, Үшқоңыр, Елім менің т.б.

Олай болса президенттік қызмет туралы кім айтады, ол қызметті қандай адам атқара алады?

1-оқушы: Елдің, халықтың сенімін, үмітін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет. Бұл қызметті жаны Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы, мәдениетті құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін, нағыз патриот қана атқара алады. Балалар Елбасымызды тағы да қандай қырынан танимыз?

.Ол

Әнұранның авторы

Қазақстан Республикасының президенті

Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы

Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан Республикасының бас қолбасшысы

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы

                                                      ЕҚЫҰ төрағасы

Елбасы оқушы көзімен…

1.Елбасының аз ғана жылдарда адам айтса нанғысыз атқарған қыруар істері болашақ ұрпаққа аңыз болып жетері сөзсіз. Аумалы-төкпелі, алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақтың, үш ғасыр бодан болған елдің тізгінін Нұрағаңдай азаматтың ұстауы- Алланың халыққа берген сыйы еді. Қазақ халқы сан мың жылдар іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында жетті.Осы жылдарда біз Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретіндегі көсем қасиеттерін айқын таныдық.

2. Н.Назарбаев – ұлттық дәстүрде тәр­биеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жиған, тілін, тарихын, мәдение­тін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп келе жатқан, халқының үмітін, сенімін ақтап келе жатқан ұлт­жанды Азаматы; қалың елдің жанашыры; мұңдасы, тағдырласы; қорыққанға – қорған, тарыққанға – пана, зарыққанға сана бола білген өз елінің шын перзенті; алдағыны болжай білетін, ертеңгісін де оза ойлай білетін көсемі; елінің жүгін көтеріп келе жатқан қара нары; халық­аралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшыларымен тере­зесі тең, сөйлескенде сөзі асатын, егес­кен­де еңсесін басатын, елдескенде мейі­рі­мін шашатын аузы уәлі, сөзі дуалы саясаткері.

3. Нұрсұлтан Назарбаев – тарих толғатып туған ғасыр­дың тұлғасы, елінің жанын ұғатын, хал­қын замана көпірінен аман өткізіп келе жатқан қамқоршы; еліміздің дарынды ұйымдастырушысы, көреген басшысы, нарықтық экономиканың терең білгірі, аңқылдаған ақ көңіл; кекшіл емес, тек­шіл; жікшіл емес, көпшіл; жұртты сендіре де, иландыра да алатын, өз елім менің – өзегім дейтін Азамат.

Н.Назарбаев – адамзат тарихын терең білетін, замана ағымын жіті ойлайтын, әлемнің озық тәжірибесін ұтымды пай­даланып, ата-бабадан қалған асыл өнегені әдемі ұштастырып келе жатқан стратег, тәуелсіздік заманының бірнеше ұрпағын өсіріп келе жатқан тәлімгер.

4. Назарбаев – әлем мойындаған, жа­һан­ға атағы жеткен, жер жаһанға сөзі өтіп, айтқанын істетіп отырған бүгінгі за­манның лидері; тумысынан кие дарыған қайраткер; табанды күрескер; гуманист, туған халқының Бәйтерегі, Көсемі, Ке­меңгері. Елінің аманатын арқалаған тірегі, алтын діңгегі.

Көк түрктің кіндігінен жаралғандар­дың ішінен озып туғаны да, түрк тектес халықтардың лидері де – Н.Назарбаев. Күні кеше ғана Түркияның Премьер-министрі Т.Ердоғанның Назарбаевты “түрік әлемінің лидері” дегені — сол мойындаудың келісті көрінісі.

Марафон туралы. Болашақ жастардың қолында

Мұғалім: Елбасы ата-бабалардың төрт аманатын көзінің қарашығындай сақтап, қорғап, әлемге танытуға күш салып, еңбек етуде. Ол аманат-Ел, аманат-Жер, аманат-Тіл, аманат-Тәуелсіздік. Осы аманатқа адалдық көрсетіп, бүкіл Қазақстан халқының тағдыр-талайын жауапкершілікке алуы. Сондай-ақ еліміздің 20жылдағы қол жеткізген жетістіктері Елбасының атқарған еңбегінің көрінісі.

Елбасының өзекжарды ойлары:

Дана халқымыз қателiктерiмiздi түсiнедi, оларды кешiре де бiледi. Халық кешiрмейтiн бiр-ақ нәрсе бар, ол – елдiң қолына зарықтырып барып қонған Бақыт құсынан, Тәуелсiздiктен айрылып қалуды кешiрмейдi. ЕгербiзТәуелсiздiктенайрылсақ, бiзгекешiрiмжоқ.
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе шын жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың жалғыз ұлттық мемлекетінің көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет, елдің де жердің де иесі екеніңді ұмытпа»

Дүниеде тәуелсiз Қазақ елi бар;
Әлемде егемен Қазақстан бар;
Оның көпұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар;
Қуатты экономикасы, сенiмдi саяси жүйесi бар;
Ең бастысы – бүгiннен нұрлы, бүгiннен кемел болашағы бар;
Сол күнге берiк сенiмi бар!
Тәуелсiздiктiң кезектi жылдығын атап өту бiзге ең алдымен той тойлау үшiн емес, ой ойлау үшiн керек. Тәуелсiздiктiң тайғақ кешулi жолында алдымыздан шығатын асу-асу белдер де болады. Ұлттың ұлан асуында ұйытқи соғатын желдер де болады. Сол асу-асу белдерде белiмiздi талдырмауымыз керек. Сол ұйытқи соғатын желдерде ұлы мұраттарымызды ұмыт қалдырмауымыз керек. Нағыз Тәуелсiздiкке қиын iсте тәуекелге бара алатындардың ғана қолы жетедi.

Мұғалім: Бәріміз жақсы білетін Назарбаев, міне, осындай адам.

Қазақтың құлан жортса тұяғы тоза­тын, қыран ұшса қанаты талатын ұлан-ғайыр даласы бар. Ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған соншама алып далада, мұн­дай алып кеңістікте мемлекет құру қиынның қиыны еді. Бір кезде жығылған Орданы қайта тігу, құлаған туды қайта тіктеу, елдің елінің ғана, ердің ерінің ғана қолынан келетін іс еді. Бізде ондай елдің де барын, бізде ондай ердің де барын мақтаныш етеміз. Елдің аты – Қа­зақ­стан, ердің аты – Нұрсұл­тан. Қазақстан, Астана, Назарбаев дейтін сөздер бір-бірінен бөлінбейтін ұғымға айналды.

2-оқушы: Басқаға жалтақтайтын күннен кеттік. Бар байлығымыз өзімізге бұйыратын болды. Ең бастысы қоғамның саяси тұрақтылығымен бірлігіне жетті.

3-оқушы: Бірлікті ту, татулықты тұғыр еткен қазақ елі жасасын.

4-оқушы: Ырыс ынтымаққа жолығады, дәулет бірліпен толығады.

Бәрі: Болашақтың іргесін бірге қалаймыз.

«Есіл ер»

Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясың

Халықпен бірге ашығасың да, халықпен бірге тоясың

Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін,

Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың.

Халықтың мұңы мұңдайтының да, халықтың жыры жырлар жыр,

Көкірегіңде көнермей әлі өткен де кеткен жылдар жүр.

Соңыңа ердік сол ғана бізді жеткізеді деп бақытқа,

Бақытқа баста байтақ еліңді, бақытсыздықтан қалдыр құр.

Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен,

Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген

Сүйеміз сені, санамыз сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз,

Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген.

Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге,

Ананың тілі, баланың тілі, сөйлей білесің не тілде.

Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға,

Саған сенбесек кімге сенеміз осынау жердің бетінде..

Т.Молдағалиев

Ән: Нұр аға

Мұғалім: Біз бүгін ұлтымыздың абыройына, киесіне айналған Президентіміз үшін мақтана алатын халықпыз. Президентіміз үшін мақтанғанымыз, — елдігіміз үшін мақ­танғанымыз. Ол Алланың қазаққа берген сыйы. Н.Назарбаев – Қазақстанның паспортына, символына айналған адам. Елбасының осыншама жасап жатқан жасампаз еңбегі баянды болсын. Дені сау, ел-жұрты аман болсын. Халқының мерейі үстем бола берсін. Қазақстаны­мыз қа­рыш­тай берсін. Асқақтай берсін азаттық­тың Астанасы. Бүкіл түркі дүниесінің, Алты алаштың айбары мен қорғаны бо­лып отырған Елбасына Алла ұзақ ғұмыр берсін!

Есейген еліміз, еңселі еріміз аман болсын. Талай халықаралық жобаларды табыспен жүзеге асырып келе жатқан Қазақстанымыз ендігі жерде нұры тасып, абыройы аса берсін!

Ертегі әлеміндегідей өмір сүріп жатқан Қазақ елі-күн сайын емес, сағат сайын өсіп, Өмір — атты дауылды теңізде, Нұрсұлтан- атты кемеңгер көшбасшымен татулық кемесінде жүзіп келеді.

Осымен оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды, қош сау болыңыздар!
+1 дауыс
Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған сценарий
Әнұран:

1 жүрг. Бар әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.

Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!

2 жүрг. Азаттық пен елге қонды тосқан бақ,
Қазақ елін мойындауда дос таңдап.
Елбасының еңбегімен нұрлана
Қазағымның мерейі тұр аспандап.

Елі үшін олжа салып қиырдан,
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан.
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік
Елбасының құрметіне жиылған! Демекші  алғашқы сөз кезегін мектебіміздің директоры Сарыбаев Хауас ағайға береміз.

1 жүрг. Ардақты ағайын, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.

2 жүрг. Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс - шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені тойлағалы отырмыз.

Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?!

1 жүрг. Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік салтанатты жиын ашық деп жарияланады.

2 жүрг. Азаттық, теңдік әлемі,
Шаттыққа елді бөледі.
Тағдыры тарих өрелі
Көк тудың желбірегені!

 ән.

1 жүрг. Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз ___________________________________________________________________беріледі.
 
2 жүрг.
Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.

Тұңғыш Президент күні мерекесіне байланысты  келесі сөз кезегін ______________________________________________________________________ береміз.
 
1 жүрг. Бір басында кемеңгерлік, даналық,
              Елін сүйген елі үшін жаралып.
              Сол кісідей болса - болсын әр алып
              Адамдықтың аласармас үлгісі
              Бір өзінен жатқаны шын таралып
              Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
              Әсем әнді шырқата бір салалық!

Ән (немесе би):
0 дауыс

1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күні сценариі

Тәрбие сағатының мақсаты:

а) Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.

ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын ақсақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.

б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

ФОН: Күй

1-жүргізуші:

Армысыздар, қадірменді қонақтар,құрметті ұстаздар мен оқушылар!

2-жүргізуші

1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған концерттік бағдарламаға қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:

Бүгін 1-ші желтоқсан – Қазақстан Республикасында Тұңғыш Президент күні болып елімізде 2 ші жыл тойланып отыр.

2-жүргізуші:

Мемлекетіміздегі жоғарғы лауазым президенттік қызмет елдің, халықтың үміті мен сенімін, бабалар аманатын арқалаған ең жауапты, ең қиын міндет.

1-жүргізуші:

Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі, тарихы мен мәдениетін құрметтейтін, елі үшін отқа түсетін нағыз азамат, патриот қана атқара алады. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев!

2-жүргізуші:

Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далада атам қолға ту алған, 
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!-дей келе

Мектебіміздің оқушылары сомдаған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағынан шағын көріністі тамашалаңыздар

Көрініс қойылымы: «Әке өсиеті» Әке-Талғат, бала-Ақниет

1-жүргізуші:

Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді
Отан дейміз туған жер, атамекен
Биік тау, орман, тоғай көлімізді

2-жүргізуші:

Қазақ ақын-жазушылары өз Отанына, туған еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен жеткізген. Ендеше өлең жолдарына кезек берейік.

Өлең оқу: Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» «Мен Қазақпын» (Амангелді, Байбек)

Күй «Секіртпе» Айдар

1-жүргізуші:

Беу, Туған жер! Сен ыстықсың біздерге.

Мыңдаған дастан жатыр Халқым басқан іздерде.

Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай

Даналықтың жырын жастар іздер ме?

2-жүргізуші:

Жыр жазам деп талпынады жас балаң.

Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.

Жүрегінің түкпірінен шығарып

Әннен шашу болды оған міне бір арман – деп

1 сынып оқушысы Фатиманың орындауында « Егеменді Қазақстан» әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:Нұрсұлтан Назарбаев — мемлекеттігімізді орнатып, оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұсында жетті.

2-жүргізуші

Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.

Тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатында " Жылдар сөйлейді" атты сахналық қойылымды тамашалаңыздар.

Фон: Музыка қою

9б сынып оқушысы Әшірбеков Қанағаттың орындауында «Балбырауын» күйі

1-жүргізуші:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – Ата-анасын қатты құрмет тұтқан,ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат.

2-жүргізуші

Елбасы — халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған, өркениетті елдердің басшылармен терезесі тең, сөйлескенде сөз алатын, елдескенде мейірімін шашатын саясаткер.

1-жүргізуші:

«Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары, үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы- бергідегі қазақ баласының бірде-бірінің пешенесіне бұйырмаған бақыты толық қанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат-қабілетімді, білім- білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын» — деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

2-жүргізуші

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік барлық Қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық. Жұмыла отырып, біз тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құрудамыз. «Мен өз халқымды сүйемін, оның мәні бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын» деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

2 -сынып оқушылары Жазира мен Наргиздің орындауында " Көгершін " биі

1-жүргізуші

«Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, 
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы

2-жүргізуші
Туды ұстап тура жолға түсіріп, 
Жас Отанның өмірін де түсініп, 
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, 
Бір керемет жасады-ау кісілік!

1-жүргізуші

Қазақ халқымыздың сәндік колданбалы өнерлері мен ұлттық дәстүріміз ғылым үшін де, өмірлік тәжірибе үшін де аса маңызды болғандықтан көненің көзі болған тарихи мұраларымызды ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру баршамыздың парызымыз деп санай отыра, оқушыларының өз шығармашылықтарымен жасаған сәндік киім үлгісін тамашалаңыздар.

Сәндікұлттық киім үлгісін көрсету

2-жүргізуші:

Бүгінгі Астананың нұры қандай!

Көгінде желбіреген Туы қандай!

Еуропаның төрінде билік айттық,

Көрсеттік бейбіт жолды ұғынардай.

1-жүргізуші:

Сан ұлттың басын қосып Қазақстан

Бекемдеп саясатын іш пен тыстан

Елбасы, алдын ала болжай біліп,

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан

Жыл сайын табыс қоссын табысыңа

Әр қазақ берік болсын намысына

Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,

Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!-дей отырып,

10-сынып оқушысы Қуанбай Нұрболат орындауында "Қазақ елі" әнін қабыл алыңыздар

1-жүргізуші:

Төле би сөзімен бүгінгі күнгі іс-шарамызды аяқтаймыз.
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім, 
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар, 
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар, 
Атадан қалған сара жолым бар.

2-жүргізуші
«Осындай тәуелсіз елімздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

1-жүргізуші:

Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!

БІРГЕ: Қош сау болыңыздар!і

...