Қазақ тілі | 38k қаралды
38k қаралды
Маған 1 желтоқсан президент күні тақырыбына тезарада шығарма тауып беріңіздерші?

5 жауап

Барша ұлтты бауырына басқан бауырмал Қазақ халық біреуді артық, біреуді кем деп көрмеген. Татулық пен достықта тұруды ежелден серік еткен. Қазақстан - өз ұлты, халқы, діні, тілі, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар құдіретті ел. Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Тарихқа үңіле отырып: «Кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз?» - деп ойлансақ бұл - туған елінің, халқының өткені мен келешегіне көз жіберген әрбір азаматтың жүрек түкпіріндегі сөзі. Қазақ елі тәуелсіз болса деген арман ұшқын шашса, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қазақ елінің соңғы он тоғыз жыл тұтқасын ұстап, туын көтерген тұрлаулы да тұғырлы тұлғасы – тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды. Ұлы даланың тағдыр-тарихын барлық дем тынысымен түсініп, елінің ендігі тарихын сол ұлылар рухында одан әрі жаңғырта, жасарта алып кететін ер, көзсіз батыр, тап-таза ар - намыстан жаралған қайтпас-қайсар қайраткер, елін басқарып, қос батырдың ісін істей алатындай ерекше тұлғаны тап басып таңдап, тағдырын қолына бергенінде жаза басып жаңылған жоқ еді.
«Ширатып жанды шынайы шешен лебізің,
«Қазақ жігітін қарашы, шіркін!» дегіздің.
Ұлы халқыңды төрткөл дүниеге танытып,
Келесіз қалап жаңа қоғамның негізін»
- деп жерлесіміз А.Көпжасарова жырлағандай, Нұрсұлтан Әбішұлы - жер бетіне сөзін өткізіп, отырған бүгінгі заманның көрнекті саясаткері, Қазақстанның тәуелсіз мемлекетін құрудың басында тұрған, осы жолдағы не қилы тар жол, тайғақ кешуді халқымен бірге өтіп, қиыншылықтарын бөліскен, бүгінде әлем мойындап отырған жаңа мемлекетті қалыптастырған, оған жаңа Астана жасап, жаңа қала тұрғызған, қазіргі елді индустрияландырудың жаңа жобасын өмірге келтіріп, болашаққа бағыттап бара жатқан ұлы тұлға, төрт құбыланы түгендеп, кемел ойлы, кемеңгер ата-бабаларымыздың жолымен жүрген, қасиет дарыған қайраткер.
Қазағым сіздей ұлмен бақ тапқасын, Ақының неге сөзін сақтап қалсын, - деп ақындар жырына арқау болған, қазір әлем мемлекеттері тарихын зерттеушілердің назарын өзіне аударып, өткен жылғы шілде айында ағылшын жазушысы және публицисі, саяси биограф Дж.Айткен мырзаның «Назарбаев және Қазақстанның қалыптасып дамуы» атты кітабын жазып, Лондонда оның тұсаукесерін өткізгені Елбасымыздың, шын мәнінде, біртуар азамат, елін ұлы көшке сүйреген көшбасшы екіндігінің айқын дәлелі.
Тарихтың тағдыр-талайы шешуші сәтінде мемлекет басына келіп, шексіз ұлтжандылықпен рух биіктігін көрсетіп, елін өрлеу мен гүлдену жолына түсіріп, іркілмей бастап келе жатқан ізгі жан туралы жылы лебіздерді көптеп келтіруге болады. Соның бірі Ресейдің байтақ бір өлкесін билеп, халқының құрметіне бөленіп отырған қандасымыз Аман Төлеевтің айтқаны да айрықша көңіл бөлерлік. Ол: «Нұрсұлтан Назарбаев өте көреген, әріден ойлайтын саясаткер. Ол жігерлі әрі айбарлы адам. Мен оның көрегендігін ұнатамын. Ол шебер шахматшы секілді, бәрін де алдын ала есептеп, нағыз жүрістерді таңдай алады», - деп әділ бағасын берген.
Президент боламын деген кісі ақылы мен қайратын, жігерін, ірі саясаткер талантымен, ел басқару ісіндегі мол тәжірибесімен ұштастыра отырып, елдің бірлігі, халықтың тыныштығы, мемлекеттің тәуелсіздігі мен қадір-қасиетінің артуы үшін еңбек етуі шарт. Нұрсұлтан Назарбаев бұл шарттардан мүдірмей өтті, ол елдің, мемлекеттің ақыл-ойын байытуға, абыройын асыруға, ар - ожданын ардақтауға қызмет етті және қызмет етіп келеді. Мәселен, Қазақстан Республикасы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сара басшылығымен демократиялық құндылықтарды құрметтеу, ашық қоғам құру, адам құқын қорғау мен сөз бостандығын өркениет өрісіне сай қамтамасыз ету салаларында ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға жетті. Еліміздің экономикасын көтеріп, халқымыздың әл-ауқатын арттыру, саяси реформалар жүргізіп, басқарудың тиімді тетіктерін қалыптастыру бағыттарында да қомақты шаруалар атқарылды.
Республикамыз қазірге дейін бірқатар халықаралық ауқымды шараларға бастамашы болып үлгерді. Әлемдік, өңірлік деңгейдегі құрылымдарды өмірге әкелудің көш басында жүрді. Ел ішіндегі этносаралық татулық пен дінаралық келісім үдерістері өзгелерге үлгі етерліктей дәрежеге көтерілді. Дүниежүзілік, аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы күш - жігеріміз де халықаралық қоғамдастық тарапынан оң бағаланып келеді. Жер шарының көптеген мемлекеттерімен тек достық, ынтымақтастық тұрғысында қарым-қатынас орнаттық.
Кеңес өкіметінің құлаған сарайын күреп тастап, ата-бабамыздың ақбоз үйін тіге қою Оңай болған жоқ. Елбасы егемендігіміздің алғашқы күнінен бастап, жатса-тұрса ойлайтыны да, айтатыны да көп ұлтты еліміздің тыныштығы мен бірлігін сақтап қалу болды.
Халықты аштыққа, жалаңаштыққа ұрындырмай, қиын өткелден алып шығуының бірден-бір жолы - шет елдердің қаржысын Қазақстанның экономикасын өркендетуге жұмсау, өзіміздің теңгемізді тұрақтандыру, дамыған елдермен байланыс жасап, жер бетінде Қазақстан атты мемлекеттің барын таныту болды. өтпелі кезең қиыншылықты болғанмен, мемлекеттің алдындағы өзекті мәселелерде Елбасы бірден-бір баянды бағыт ұстанды. Мемлекеттің қоғамдық-саяси ахуалының тұрақтылығын қалыптастыруды бұрын-соңды болмаған жетістікке жетті. Жаңа басқару жүйесі, оның басқарушы, бақылаушы және атқарушы органдары мен институттары құрылды. Қазақ елінің территориялық тұтастығының, біртұтас мемлекеттігінің заңды негізі қаланды.
Ел егемендігін алысымен, БҰҰ-ға мүше етіп енгізді. Қазақстан осы күннен бастап және жер жүзіндегі жүзден астам ел таныған Егемен ел болды.
Президентіміздің ел тәуелсіздігінен кейін ең бір батыл, шешімі - астананы Ақмолаға көшіруі. Қайда жүрсе де, кіндік кесіп, кір жуған туған жерін ойлаған азамат оның ертеңгі өмірін де қамдап ойлайды. Астананы Алатаудың бауырынан Арқаға ауыстыру оңайға түскен жоқ. Арқа төсіне қоныс аударған Елордаға бақ пен дәулет тілегенЕлбасы: «Бұл болашағымызға керек, қызығын келер ұрпақтар көреді»,- деген болатын. «өзіңмен қазағымның бағы ашылды, Туғызған ел едік қой сан асылды.

Ақмоланы Астанаға аустырып,
Аты қандай бүгінгі жарасымды!»,
– деген ақын жырларында Елбасы шешімінің дұрыстығы паш етілді. Сондықтан, егемен Қазақстан азаматтары үшін Астана - еліміздің өміріндегі жаңа дәуір белгісі.
Есілге қонған аққудай жарқ етіп, аз уақытта қанат жайған асқақ қала:
«Ежелгі арман өтелген,
Нығайды Қазақ елдігі.
Ақталды шаңырақ көтерген,
Елбасының ерлігі»,
- деп Кәкімбек Салықов жырлағандай, ақындарға шабыт сыйлады. Астана қазаққа тек қана әлеуметтік, экономикалық һәм саяси маңызы бар қала ғана емес, ол тәуелсіздіктің рухани тұғыры ретінде әр қазақтың жүрегінде елге, жерге, Отанымызға деген шынайы сүйіспеншілігі болып қалады. өткені Астанамыз аз ғана уақыт ішіндеҚазақстанның ірі қоғамдық саяси, ғылыми, мәдени
және іскер орталғына айналып отыр. Тәуелсіз еліміздің саяси тарихы көбіне жас Астанамен байланысты. Астана Еуропа мен Азия арасындағы байланыс көпірдің қалану мәртебесіне ие болып отыр.
Бүгінде әр қазақтың жүрегінде отансүйгіштік деген ұлы сезім ұлғая түсті, көңілге қонып, тамыры терең «Бәйтеректей» шартарапқа құлаш жайды. Қазақ халқының санасынаАстана бірлігіміз бен тіршілігіміздің айшықты белгісі - символы болып қалыптасты. «Астана - тәуелсіздік тақ-тұғыры, Бар Қазақ арман жолын басқарады» - десек, шын мәнінде, Астана ұлтымыздың, мемлекетіміздің мызғымас тақ-тұғырына айналды.
Әр мемлекеттің астанасы - оны биіктерге бастайтын баспалдағы, беделі мен берекесінің діңгегі. Астана әр қазақтың жүрек түкпірінен орын алатын киелі мекен.
Ғасырға бергісіз 12 жыл ішінде Астана талай іс-шаралардың ордасына айналып, әлем назарын өзіне аударды. Астанада өткізілген форумдар әлемдік саяси тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді сақтауға бағытталса, тарыдай шашылған қазақтар да бас қалада бас қосып елінің дамуын көзімен көріп, жүректерінде қуаныш ұялатуда.
Астананың символы – «Бәйтерек» монументін бүгінде көптеген мемлекеттердің азаматтары біледі. Президенттің айтуынша, бұл құрылыстың мәні үш негізгі философиялық құрылымды білдіреді: жер, өмір және аспан.
«Бұхар жырау Сарыарқаның киесі болар,
Нұрсұлтан ХХІ ғасырдағы киесі болар.
Шындықты бүркелмей айту
Ақынға тиесі болар»,
- деп ақындар жырлағандай бүгін тарихымыздағы, тағдырымыздағы сабақтастықты көреміз.
Иә, ел басқарудағы Абылай мен ел басы арасындағы кемеңгерлік, қайраткерлік бір-бірімен сабақтасып жатыр. Тұс-тұстан ашкөзденіп анталап тұрған алпауыт көршілерді Абылай хан сұңғыла саясаткерлігімен қазақтың табалдырығынан аттатпағаны бүгінгі Елбасымыздың дипломатиялық қайраткерлігіне ұштасып астасып жатқан жоқ па? Тарихи тәлімнен сабақ ала білген Елбасының даналығында да өткенмен сабақтастық тұнып тұр. Сондағы жылдан соң қолымыз жеткен азаттықты, тәуелсіздікті аласала, Сарыарқа төрінен ұлттығымызға ұлы шаңырақ көтеру – тұңғыш Президентіміздің кемеңгерлігі, көрегендігі.
Міне, осының барлығы айтуға ғана оңай, атқарылуы нар түйенің жүгіндей ауыр жұмыстар екенін айтпаса да түсінікті. Дегенмен, осы бастамалар мен істердің бәрінде деҚазақстан Республикасы абырой биігінен көріне білді. Үлгі етіп ұсынған жаңашыл идеяларымыз бен іс - қимылдарымыздың халықаралық қоғамдастық тарапынан танылып, оң
бағаланғанының жарқын бір көрінісі – туған Отанымыз табалдырықтан енді ғана аттаған 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше 56 елдің қолдауымен аталған беделі биік халықаралық құрылымға бірауыздан төраға болып сайланды. Отанымыздың ЕҚЫҰ-ға бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының Орта Азия мемлекеттерінің және біртұтас мұсылман әлеміндегі елдердің арасынан топ жарып, алғаш
төрағалық етуі де мақтануға тұрарлық жайт.
«Нұр жауар хақтан рахман иманды ерге» дегендей, еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері Президентіміз өзінің туған елін сара жолмен абыройлы бастап келеді. Бұл жолдаЕлбасы қаншалықты абыройлы болса, халқы да оны құрметтеп, сыйлаумен келе жатқаны баршаға аян. Жеке өз басым Нұрсұлтан Әбішұлының қазақты, Қазақ елін жер планетасының бергі бетінен арғы бетіне дейін түгелге жуық таныстырып үлгергеніне қатты ризашылық білдіремін. Біздің Президентімізді дүние жүзі таниды және оны өз бауырындай, досындай, ақылшысындай, тіпті өздерінің басшысындай көретінін мақтан тұтамын.
«Атан тартқан ауыр жүк мойныңызға артылды,
Түсінген жан едіңіз дәстүрім мен салтымды.
Бір Алла өзі жар болсын
Бастай бер, баста, халқыңды!»,
- деп ақындар жырына арқау еткен Елбасы өмірі мен қызметі елі мен жері, оның болашақ дамуына арналған. Бұл жолда қойдай қоңыр халқыңды от пен суға түсірмей алға
бастай бер, Елбасы, Астанаңның діңгегі мықты, мәртебесі биік болғай!
Жақсы Жауап
Белгісіз
1-ші желтоқсан – Тұңғыш Президент күні. Мереке биыл алғаш рет тойланады. Былтыр Парламент 1991 жылдың 1-ші желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Биылғы жылдың 1-ші желтоқсаны сенбі күніне тура келіп тұр. Ал, Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы Заңның 5-ші бабында «Демалыс және мерекекүндері сәйкес келген жағдайда мерекеден кейінгі жұмыс күні демалыс күні болады», делінген.Осы күні сенбіге тура келгендіктен, қазақстандықтар дүйсенбі, яғни 3-ші желтоқсандада демалады

1 желтоқсанда халқымыз Қазақстан Республикасының Президенті күнін атап өтеді.
Не себепті ол қыс айының алғашқы күнімен тұспа-тұс келіп отыр? Өйткені Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 14 сәуірінде Нұрсұлтан Назарбаевты алғаш рет Қазақстан Президенті етіп сайлаған.
Республика Президенті 2001 жылдың 1 желтоқсанында тікелей сайлау арқылы қазақстандықтардың қолдауына, халықтың ерік білдіруімен өз қызметін атқаратын саяси құқыққа ие болды.
Президент таңдауда біздің айымыз оңынан туды. Біз Елбасымызға сенеміз, өйткені оның бойында туабітті халық алдындағы жауапкершілік сезімі қалыптасқан. Есімі де жиі «тұңғыш», «алғашқы» сөзімен қоса аталады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары. Бұл кезең көпшіліктің әлі есінде: Одақ ыдыраған, экономикалық байланыс қожыраған, дағдарыс, жұмыссыздық жайлаған, коммуналдық салада проблема көп, келешек бұлыңғыр, миллиондаған қарапайым жан әрі-сәрі күйде. Мемлекеттің дұрыс даму бағытын таңдауға Елбасымыздың ақыл-парасаты мен саяси ерік-жігері жеткілікті болды. Ең негізгісі - бәрімізді, көпұлтты халықты біріктірді. Баршаға ортақ Отанда адамдардың азаматттық сезімін сақтады.
Заман саясаткерлерінің арасында еуразиялық интеграция бастамасын бірінші болып көтерді. Семей ядролық сынақ полигонын жабу және әлемдік ядролық державалар қатарынан шығу туралы батыл шешім қабылданды. Соңғы жиырма жылдық тарих бедерінде алғаш рет Елорданы Алматыдан Астанаға көшіру туралы түпкілікті тоқтамға келді. Бүгінде ол ХХІ ғасыр шаһарына айналды.
Қазақстан 2010 жылы ТМД елдерінің арасында алғаш рет ЕҚЫҰ -ына төрағалық етті, ал Астана тарихи Халықаралық саммитті өткізетін ордаға айналды.
Тағы бір тарихи жетістігіміз - Қазақстанның елордасы Астанамыз 2017 жылы ең мәртебелі халықаралық ЕХРО көрмесін өткізу мәртебесін иеленді.
Тұңғыш Президенттің жетекшілігімен еліміздің қол жеткізген табысының бір парасы осындай.

Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім – Қазақстан. Даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке. Республикның өз алдыма дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін алғанына биыл 19 жыл толғалы отыр. Осыны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезімі кернейді. өз еліңде бақытты, тыныш
өмір сүргенге не жетсін! Алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздің аспанымыз ашық,
өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын. Сол бейбітшіліктің арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жүрген ерікті елдің қызының бірімін. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын. Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен ел Президенті сайлады. Оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. Мұның мәнін біз жақсы түсінеміз. Әбішұлы Назарбаев Нұрсұлтан ата – елге, барша әлемге танылған, өмір еңбектің шытырман жолдарынан өткен, шыңдалған, болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азамат, өткенінің өзі – көпке үлгі болар өмірбаян.
Нұрсұлтан Әбішұлы Алатаудың бауырында дүниеге келсе де, жанға жайлы мекенде өмір кешпей, еңбек жолын Теміртаудан бастап, Қазақстан магниткасында шындалған. «Қанат ұшса қатаяды», - деген осы болар. Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды әлемге танылған тәуелсіз мемлекетке айналдырды. Ел сенімі ақталды деген – осы. АлНұрсұлтан Әбішұлы оны тек өзінің жетістігі деп есептемей. «Тарих толқынында», «Ғасырлар тоғысында» тағы басқа еңбектерінде халықты өткеніне үңілтіп, бүгінгісіне шүкіршілік етуге тәрбиелеп отырды. Ата-бабаларымыз Батыр халық аттың жалында, найзаның ұшымен, білектің күшімен, ақтық демі біткенше, елін дұшпанға таптатпай, Алтайдан Дунайға, Сібірден Шығысқа дейінгі ұлан-ғайыр даланы небір сұрапыл соғыстардан, замана зұлматтарынан аман алып қалып отырған. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдардың тар жол, тайғақ кешуінде де тәуелсіздік туын құлатқан жоқ. Ата-баба ның сол тізгінің Елбасының Нұрсұлтан Әбішұлыда атамыз мықтап ұстаған. Олай деуімізде де себеп бар. өйткені, Президент адам құқығы мен заңға саналы түрде басым бағыт бере отырып, өз еліндегі тыныштық пен келісімді көзінің қарашығындай сақтауда. Елдің ата заңы Конституциясы мен рәміздері өмірге келді. Тәуелсіз
Отанымыздың көк жүзімен астасқан көк байрағы астында Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болдық. Ардақты ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғаны, тұңғыш төл теңгеміздің шығуы, Семей атом полигонының жабылуы – бәрі де Елбасына тікелей араласуымен болған. Ел ордасы болып Астана бой көтерді.
Бұл қала өзінің әсем сәулет өнері үлгілерімен, сан-алуан тарихи және мәдени ескерткіштерімен, сұлулығымен әлем назарын өзіне қаратып отыр. Мұнда тамаша сәулет өнері туындылары, солардың ішінде "Ақорда”, "Бәйтерек”, "Бейбітшілік және келісім сарайы”, "Думан” орталығы секілді көптеген ғимараттар мен ескерткіштер орналасқан. Әсем қаламыз – Астананың жылдан-жылға жаңарып, көркеюіне Елбасымыздың қосқан үлесі орасан зор. 1998 жыл «Халық бірлігі мен тарих жылы» атанғаннан кейін біршама тарих беттерінде ашылмаған, анықталмаған тарихи байлықтарымыз ашылды. 1999 жылдың «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» деп жариялануы тектен - тек емес. Президентіміздің тпсырысымен көптеген Қазақ азаматтары өзінің ата-бабларының тұрған, кіндік қаны тамған кең байтақ Қазақ еліне келіп, өмір сүрулеріне мүмкіндік алды. 2000 жыл «Мәдениетті қолдау» болып жарияланған. Мәдениет - әрқашан адамзаттың ұлы мұраты, асыл болмыс-бітімі, рухани байлығы. Жаңа ХХІ ғасырға қадам басқан шақта Қазақ халқының өнерін жаңғыртып, мәдениетін басқа елдерге таныту игіліктің басы. Елбасының Н.Ә.Назарбаев сол туралы: «Біз – талантты халықтың өнерлі ұрпағымыз». Ата – дәстүрін, ана – тәрбиесін көріп өскен, содан нәр алып жетілген ұрпақтың өнерді қадірлемеуі мүмкін емес. Халық өнері – қазына. Біз сол өнерді жалғастырушыларымыз» - деп, барлық елді мәдениетті қолдап, атадан қалған қазынаны ұмытпауға үндеді және оны өркендетуге мүмкіндіктер жасады. Президентіміз белгіленген «Қазақстан – 2030» бағдарламасы және жыл сайынға Жолдауы біздің адаспайтын жолымыз, айқын да ашық бағдарымыз. Елбасы өз Жолдауында «Қазақстанның болашағы жастардың қолында»,- деп бізге үлкен сенім білдірді. «Хан біреу болса керек, қалғандары тіреу болса керек», - деген есті сөз бар. Американдықтар Дж.Вашингтоның, орыстар
Бірінші Петрді, түріктер Ататүркті қастерлейді. Оларды шын мәніндегі мемлекеттерінің негізін қалаушысы, ел тағдырының ең бір қиын кезеңінде тізгін ұстапшысы, ту көтерген тарихи тұлғасы ретінде құрметтейді. Сондай текті де дара тұлға – Н.Ә.Назарбаев. Нұрсұлтан Әбішұлының «Тарих толқынында» еңбегі барысында 1999 жылы Мұхтар Құл-Мұхамедке берген сұхбатында: «Мен Елбасы болсам да, Қазақ деген атасын ардақтап, анасын сыйлаған, әруағын қастерлеп, Алласынасыйынған елдің бір перзентімін» дейді де Президентіміздің ұлылығы мен көрегенділігін айқын түсінгендейміз. Осы сөз кейінгі ұрпаққа қарапайымдылық пен ізеттіліктің не екенін үйретері сөзсіз. Мен осы ізгілікті жадыма сақтай отырып, ел тәуелсіздігі мен ел Президентін бөлек қарауға болмайтын егіз ұғым екенін түсіндім.

Сеңім де талай түсті-ау сергелдеңге,
Сын аз ба халыққа серт берген Ерге
«Елім»-деп шырқыраған Өзіңізді

Ұқсатам Күлтегіндей кемеңгерге-деп белгілі ақын Жадыра Дәрібаева жырлағандай, әлем картасынан орын алған Қазақстан атты жас мемлекеттің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - артынан ерген қалың елінің сеніміне ие болған, әлемге өзінің сындарлы саясатымен танымал болған тұлға.
«Атаның баласы болма,
Адамның баласы бол» -
деп ұлы Абай атамыз айтқандай, қарапайым қазақ отбасында туып-өсіп, тәрбиеленіп, ата өсиетін, ана ғибратын өмірлік азық еткен Елбасының ғажайып парасатты мен пайымы, ұлтжандылығы жас ұрпақ біздер үшін өнеге. Адамзат басына, күллі әлемге танымал болған осындай Елбасымыздың барына қуанышы да, мақтанышы да! Қазақ халқының қаншама жылдар, ғасырлар бойы ұлы арманы- тәуелсіздікке ХХ ғасыр соңында қантөгіссіз, дау-жанжалсыз қол жеткізгені әлемге аян. Айналадағы өзге мемлекеттерге кешегі бауырлас демінен одақтас республикадағы соғыстар, қантөгістер күні бүгінге дейін жалғасып отыр.Өзін өз ұлтына барлық Қазақстандарға ақыл-парасытымен, білімдарлығымен сыйлата білген Нұрсұлтан Әбішұлы халықаралық деңгейіндегі беделінің зор екендігі де күнделікті ақпарат көздерінен айқын сезіледі. Елбасымыз арқылы күллі әлем Қазақстанды тани түсуде. Елбасының шетелдерге әрбір сапары қанатымен су тасыған қарлығаштың тірлігіндей ел қамы екені даусыз. «Тәуекел болмаса, тәуелсіздік бола ма» деп сонау 1997 жылы Астанаға мемлекетіміздің басқала мәртебесін беруінің қандай ұжымды болғандығын айту жеткіліксіз емес пе? Елбасы еліне сенеді, елі Елбасына сенеді. Жас ұрпақ, біздер де ертеңемізді Елбасымыздың, оның нұсқаған басым бағыттары арқылы елестете аламыз. Еліміздің ауыр да сынағы мол жылдарды артқа тастады. Ендігі кезең жарқын жылдар болмақ. Мен осынау Елбасы туралы ойымды Нұрсұлтан Әбішұлының өз сөзімен аяқтамақпын.
«Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқып соғар желдер бар. Белде талар , желде беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек жас ұрпақ!!!»

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы,
Сарышаған кентіндегі ЖОББ мектебінің
8 «Б» сынып оқушысы Айту Ақерке

Ұқсас сұрақтар

118,430 сұрақ
305,379 жауап
153,303 пікір
67,814 қолданушы