0 дауыс
Мүшелікке өткен адвокаттар мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысу үшін аумақтық әділет органдарымен келісім жасаса алады ма?
20.11.2014 569 қаралым

1 жауап

0 дауыс

Аумақтық әділет органдары және адвокаттардың арасында соңғысының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі бойынша келісімдер жасасуы үшін қолданыстағы заңнамада шектеулер көзделмеген. «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 122-V Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасы аумақтық әділет органына мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізімін жібереді. Осылайша, адвокаттар алқасының ұсынымы бойынша адвокат мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы аумақтық әділет органымен келісім жасаса аласыз.

Ақпарат: http://www.adilet.gov.kz/kk/faq

20.11.2014

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,881Жауап
153,169Пікір
72,990Қолданушы