0 дауыс
26.6k көрілді
Адвокат мамандығын алу үшін қайда жəне қалай оқу керек? білімді мықты адвокатты қай оқу орны
Сұрақтың жабылу себебі: Жақсы жауап алынды

3 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақстанда мынадай азаматтар адвокат бола алады:

  • жоғары заңдық білімі бар;
  • ҚР Жоғары Сот кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған немесе адвокаттар алқасында тағылымдамадан немесе аттестаттаудан өткен, сотта тиісті тағылымдамадан өткен және облыстық немесе оған теңестірілген сотта пленарлық отырыста оң пікір алған немесе судья өкілеттігін тоқтатқан немесе прокуратура немесе тергеу органдарынан 10 жылдан кем емес прокурор немесе тергеуші лауазымында теріс ниеттер бойынша жұмыстан шығарылуды қоспағанда, жұмыстан шығарылғандар;
  • адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алғандар.

Қазақстанда мынадай азаматтар нотариус бола алады:

  • 25 жасқа толған;
  • жоғары заңдық білімі бар;
  • 2 жылдан кем емес заңдық мамандық бойынша жұмыс өтілі бар;
  • Нотариуста 1 жылдан кем емес мерзімде тағылымдамадан өткен;
  • әділет аттестаттау комиссиясынан аттестаттаудан өткен;
  • нотариаттық қызметімен айналысу құқығын алғандар.

ҚҰҚЫҚТАНУ

Басты-Талапкерлерге-Құқықтану

5B030100 – «Құқықтану» - бұл құқықтану, адам мен азамат құқығын қорғау, мемлекеттік басқару саласындағы мамандар

Таңдалатын 4-ші пән – Дүниежүзі тарихы

Бейімдейтін пән – Дүниежүзі тарихы (ҰБТ/ТКТ-дан кем дегенде 7 балл)

Берілетін академиялық дәреже – «Құқықтану» мамандығы бойынша құқық бакалавры

Бұл мамандықтың артықшылықтары –

  • Еңбегіне жоғары ақы төленеді.Кәсіби заңгерлер экономистер мен басқа кәсіп мамандарына қарағанда бірнеше есе көбірек табыс табады.
  • Сұраныстың жоғарылығы.Заңгер мамандығына әрдайым сұраныс бар, себебі телефонға соттық сараптама сияқты шараның өзі белгілі бір нормативтік құжаттарды білуді талап етеді.
  • Бизнес жүргізудегі табыстылық.Заң саласындағы білім заңнамалық актілерді дұрыс түсінуге, шарттар мен келісімшарттарды сауатты жасауға, сондай-ақ контрагенттермен және мемлекеттік органдармен келіссөздерді сауатты жүргізуге мүмкіндік береді. Өзіндік іспен айналысу Азаматтық, Салықтық және Әкімшілік кодекстерді білуді талап етеді.
  • Түрлі мамандықтар бойынша жұмыс табу мүмкіндігі. Заң факультетінің түлегі полицияда, сотта, адвокаттар немесе нотариус кеңсесінде және т.б. жерде жұмыс істей алады. Ол ғаламтор арқылы кеңес берумен, сотта қорғаумен және т.б. айналыса алады. Тіпті сауатты жазыла отырып сотқа берілген арыз – ақшалай қаражатты қайтарып алуда жеңістің жартысын құрайды.
  • Өзіндік тұтынушылық құқықтарды қорғау мүмкіндігі.Жылжымайтын мүлікпен байланысты бірде бір мәміле немесе сапасыз тауарды қайтару заңгердің қатысуынсыз бітпейді. Сенімхаттар, сыйлар, өсиеттер елдегі құқықтық жағдайды білуді талап етеді. Айта кететін жайт, жоғары шенді тұлғалардың көпшілігінің құқықтық білімі бар. Бұл тізімге Владимир Путин, Герман Греф, Дмитрий Медведев басқалары кіреді. Ал АҚШ-қа қатысты айтар болсақ, бұл елдің президенттерінің 60% астамының мамандығы заңгер болған.

Бұл мамандық түлектері айналысатын кәсіп түрлері – заңгер мамандығы адвокат, прокурор, судья, тергеуші, заң кеңесшісі, нотариус, халықаралық дәрежедегі заңгер секілді заң қызметкерлерінің басын біріктіреді – олардың барлығы құқықтың бір саласының білгірлері болып саналады.

Заңгер:

  • түрлі заң инстанцияларында, мысалы, прокуратурада, Әділет департаментінде, ІІМ, сот жүйесінде жұмыс істей алады;
  • орталық билік, және жергілікті өзін өзі басқару органдары құрылымдарында;
  • түрлі мемлекеттік ведомстволарда;
  • кез келген коммерциялық ұйымдарда;
  • мамандандырылған фирмаларда немесе өз бетімен (адвокаттар);
  • ғылым және білім саласында жұмыс істей алады.

Заңгер мамандығы: артықшылықтары мен кемшіліктері

Адвокат

Артықшылықтары: мансаптағы перспективалар, жоғары жалақы алу мүмкіндігі, дербестік, кез келген инстанциялар мен пікірлерге тәуелді еместігі.

Кемшіліктері: табыстың тұрақсыздығы (бұл әсіресе жас адвокаттарға қатысты), өткір жауапкершілік, жиіркенішті, аса ауыр қылмыс жасаған қылмыскерді қорғау қажет болғанда қоғам тарапынан жасалатын моральдық қысым және адамгершілік-психологиялық түйткілдер.

Тергеуші

Артықшылықтар: кеңседегі бірқалыпты жалықтыратын жұмыс күндеріне ұқсамайтын қызықты жұмыс, белгілі бір жеңілдіктер беретін және көптеген «жабық» есіктерден өткізетін тергеуші дәрежесі.

Кемшіліктері: бірқалыпты емес (кейде түнделетіп жүретін) жұмыс күні, жалақының аздығы, мереке және демалыс күндері кезекшіліктің болуы, қауіпті, басын қатерге тігетін жұмыс.

Заң кеңесшісі

Артықшылықтар: сұранысқа ие және ақысы жақсы жұмыс, тергеуші немесе адвокаттың жұмысымен салыстырғанда әлдеқайда қауіпсіз әрі тыныш.

Кемшіліктер: жоғары жауапкершілік қаупі, ұдайы үлкен көлемдегі түрлі құжаттармен жұмыс жасау қажеттілігі.

Халықаралық заңгер

Артықшылықтар: беделді әрі жоғары ақылы жұмыс, әлемнің көптеген елдерін тек турист ретінде ғана емес, кәсіби тұрғыдан егжей-тегжейлі танудың таптырмас мүмкіндігі.

Кемшіліктер: жұмысы шетелде болуды талап ететін заңгерлер үшін әрдайым тосын жағдайлар қаупі тұрады.

Саладағы жалақы мөлшері – жақсы заңгер айына 500$ бастап, сағатына 500$ дейін табыс табады

Оқу мерзімі –

Мектептен кейін – 4 жыл;

Колледжден кейін – мамандық бағытын өзгертпестен – 3 жыл;

ЖОО-дан кейін – 2 жыл.

Оқыту тілдері – қазақша, орысша

0 дауыс
міндетті түрде елдің 9дан пітіру керекпе?
0 дауыс
Адвакат болу ушин кандай ранее тапсыру керек

Ұқсас сұрақтар

...