0 дауыс
874 көрілді
Адвокат лицензиясын қалай алуға болады?

2 жауап

0 дауыс

«Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1558 қаулысының 1-ші және 2-ші бөлімдеріне сәйкес «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы арқылы көрсетеді. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтінішті; 2) осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысанын; 3) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін; 4) кемінде бес жыл адвокаттық қызмет өтілі бар адвокатта тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны; 5) Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің медициналық анықтамаларын ұсынады. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: Лицензияны берген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғалар үшін ақылы негізде (6 АЕК) көрсетіледі.

Ақпарат: http://www.adilet.gov.kz/kk/faq

0 дауыс
«Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1558 қаулысының 1-ші және 2-ші бөлімдеріне сәйкес «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы арқылы көрсетеді. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі өтінішті; 2) осы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысанын; 3) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесін; 4) кемінде бес жыл адвокаттық қызмет өтілі бар адвокатта тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны; 5) Қазақстан Республикасы бойынша мәліметтерді көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлердің медициналық анықтамаларын ұсынады.
...