0 дауыс
449 көрілді
Құқық қорғау органдарының еңбек өтілі бар бұрынғы қызметкері ретінде адвокаттық лицензияны алуға құқығы бар ма?

1 жауап

0 дауыс

«Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195 Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына сәйкес адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия адвокаттық қызметпен айналысуға рұқсат беру болып табылады және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен және шарттармен тағылымдамадан және аттестаттаудан өткеннен кейін лицензиар береді. Заңның 8-1-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдар аттестаттаудан өтуден босатылады. Талап етілетін еңбек өтілі болған кезде, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияны алу құқығы адвокаттан тағылымдамадан өткен соң басталады.

Ақпарат: http://www.adilet.gov.kz/kk/faq

...