0 дауыс
Адвокаттық қызметпен айналысу үшін заңтану бакалавры академиялық дәрежесінің болуы жеткілікті ме, әлде магистр дәрежесін алу қажет пе?
20.11.2014 638 қаралым

1 жауап

0 дауыс

«Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195 Заңы 7-бабының 1-тармағына сәйкес адвокат - жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 Заңының 21-б. 1-т. сәйкес жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы бойынша оқуды аяқтап, "бакалавр" академиялық дәрежесі берілген адамдар біліктілік талаптары жоғары білімі болуды көздейтін лауазымдарды атқара алады.

Ақпарат: http://www.adilet.gov.kz/kk/faq

20.11.2014

Ұқсас сұрақтар

127,958Сұрақ
322,878Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы