+2 дауыс
2.5k көрілді
Қалай адвокат болуға болады? Адвокат мамандығы.

1 жауап

0 дауыс

Адвокат – жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және «Адвокаттық қызмет туралы» Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіптік негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы.
Адвокаттық қызметін лицензиялау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті жүзеге асырады (адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиялар 15.08.2011 жылдан бастап электрондық түрде беріледі).
Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алу тәртібі 2007 жылғы 2 маусымдағы №454 «Адвокаттық және нотариаттық түрлерін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен реттелген.
Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алу үшін:
1 қадам.
Адвокаттық қызметпен айналысуға тағылымдама өту.
Тағылымдамадан өтуге ниет бiлдiрген адам ережеде тізбесі белгіленетін құжаттарды қоса бере отырып тағылымдамадан өтуге жiберу туралы өтiнiшпен адвокаттар алқасының төралқасына жүгiнедi:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) жоғары заң білімі туралы дипломның көшірмесі (салыстыру үшін дипломның түпқұжаты берілмесе нотариалды куәландырылған көшірмесі);
3) еңбек кітапшасының немесе басқа заң мамандығы бойынша жұмыс өтілін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) наркологиялық және психиатриялық диспансерлер тұрғылықты жері бойынша берген медициналық анықтамалар;
5) тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтама.
Тағылымдама кемiнде бес жыл адвокаттық қызмет өтілі бар адвокаттың басшылығымен жүзеге асырылады. Тағылымдаманың ұзақтығы алты айдан бір жылға дейінгімерзімді құрайды.
Тағылымдамадан өтушi ретiндегi жұмыс кезеңi заң мамандығы бойынша жұмыс өтіліне есептеледi.
Тағылымдамадан өткізуді ұйымдастыруды 2012 жылғы 8 ақпандағы № 54 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен бекітілген Адвокаттардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережеге сәйкес.
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы
1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар тағылымдамадан өтпейді.
2 қадам.
Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестация өту.
Тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары жанынан құрылатын адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияда аттестаттаудан өтеді.Аттестация өту қағидасы 2012 жылғы 22 мамырдағы №653 «Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген.
 
Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестациядан өту өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
1) фотосуреті бар жеке іс парағы;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) тағылымдаман өту туралы растайтын кұжаттар;
4) жоғары заң білімі туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) үміткердің жергілікті жері бойынша берілген наркологиялық және психиатриялық диспансерлерден медициналық анықтамалар;
6) бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсете отырып, үміткердің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама.
Құжаттар тиісінше ресімделмеген не олардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қайтару себебі туралы жазбаша хабарлай отырып, өтінішті үміткерге ұсынылған құжаттармен бірге қарамастан қайтарады.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия материалдарды қарау қорытындылары бойынша аттестаттауға жіберу не жіберуден бас тарту туралы дәлелді шешім шығарады.
Егер үміткер «Адвокаттық қызмет туралы» Заңда белгіленген талаптарға сай болмаса, оны аттестаттауға жіберуден бас тартылады.
Аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешімді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей үміткерге жібереді.
Аттестаттауға жіберуден бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық әділет органдары аттестаттауға жіберілген үміткерді аттестаттаудың өтетін орны, күні, уақыты, тәртібі туралы оны өткізгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.
Аттестаттау қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі.
Аттестаттау мынадай екі кезеңнен тұрады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуден компьютерлік тест тапсыру;
2) үміткердің білімін емтихан билеттері бойынша тексеру.
Үміткер өз таңдауы бойынша аттестаттаудан қазақ немесе орыс тілінде өтуге құқылы.  
Тестілеу компьютер техникасын пайдалана отырып өткізіледі.
Аттестация рәсімдері Министірліктің тестлеу on-line сервер жүйесіне қосу арқылы өткізіледі.
Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестациядан өту үшін сұрақтар тізбесі Министрліктің «Ақпараттық құжаттар» бөлігінде http://www.minjust.kz сайтында орналасқан. 
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның отырыстарында ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында дыбыс- және (немесе) бейнежазбалар не стенографиялау жүзеге асырылады.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия аттестаттау нәтижелері бойынша аттестаттау өткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей, аттестатталғаны туралы не аттестатталмағаны туралы дәлелді шешім шығарады.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешіміне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Аттестатталғаны туралы шешім ол шығарылған кезден бастап алты жыл бойы жарамды болып табылады.
Аттестаттаудан өтпеген үміткер кемінде бір жылдан кейін қайта аттестаттауға жіберіледі.
Дәлелді себеппен аттестаттауға келмеген үміткер көзделген тәртіппен адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның келесі отырысына шақырылады.
Үміткер тағы да келмей қалған жағдайда оның өтініші қараусыз қалдырылады және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық әділет органдары оған тапсырылған құжаттармен бірге қайтарады.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия жеті мүшеден, оның ішінде кандидатураларын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың адвокаттар алқаларының төралқалары айқындайтын үш адвокаттан турады.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның жеке құрамы және олардың жұмыс регламенті Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығы № 313 2011 жылғы 15 қырқұйекте бекітілген (последние изменения от 16 марта 2012 года).
Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар;
2) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы   1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар;
3) теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдар аттестаттаудан өтуден босатылады.
З қадам.
Лицензия алу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетіне (мекен-жай: 13 кіреберіс, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі 8, Сол жағалау, Астана қаласы, 010000) келесі құжаттар жолдау қажет:
1) 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  Қаулысымен бекітілген нысан бойынша өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) аттестациядан өту туралы адвокаттық қызметпен айналысуға әділет аттестациялау комиссиясының шешімі немесе аттестация өтуден босатылғандығы жөнінде растайтын құжат;
4)   қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесі,адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиялық алым соммасы 6 АЕК құрайды (9708 теңге);
5) тағылымдаман өту туралы растайтын кұжаттар;
6) өтініш берушінің салық органында есепке түрғаны туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесі;
7) наркологиялық және психиатриялық диспансерлер тұрғылықты жері бойынша берген медициналық анықтамалар;
8) тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтама.
Лицензиялық алым жергілікті бюджетке төленеді
Алушы: Салық төлеуші ретінде жергілікті бойынша тіркелген салық комитеті
Бюжеттік біліктіліктің коды: 105402 
Сомасы: 6 АЕК (9708 теңге).
4 қадам.
Лицензия http://www.elicense.kz «Е-лицензиялау» интернет-портал арқылы электрондық түрде өтінішті беру күннен бастап 10 жұмыс күннен кешіктірмей беріледі.
Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру туралы хабарлама лицензиат өтінішінде көрсетілген мекен-жайы бойынша жолданады.
 
Лицензияны қайта рәсімдеу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетіне (мекен-жай: 13 кіреберіс, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі 8, Сол жағалау, Астана қаласы, 010000) келесі құжаттар жолдау қажет:
1) өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесі, лицензиялық алым соммасы 6 АЕК-тен 10% құрайды (971 теңге);
4) өтініш берушінің салық органында есепке түрғаны туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жаєдайда нотариат куәландырған) көшірмесі;
5) жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгергенідігі туралы растайтын кұжат;
6) адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияның тұпнұсқасы.
Лицензия http://www.elicense.kz «Е-лицензиялау» интернет-портал арқылы электрондық түрде өтінішті беру күннен бастап 10 жұмыс күннен кешіктірмей беріледі.
 
Лицензияның телнұсқасын алу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетіне (мекен-жай: 13 кіреберіс, Министрліктер үйі, Орынбор көшесі 8, Сол жағалау, Астана қаласы, 010000) келесі құжаттар жолдау қажет:
1) өтініш;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесі, лицензиялық алым соммасы 6 АЕК құрайды (9708 теңге);
4) өтініш берушінің салық органында есепке түрғаны туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмесі;
5)      жоғалтқандығын дәлелдейтін растайтын құжат.
Лицензияның телнұсқасы http://www.elicense.kz«Е-лицензиялау» интернет-портал арқылы электрондық түрде өтінішті беру күннен бастап екі жұмыс күннен кешіктірмей беріледі.
 
Адвокаттық қызметті лицензиялау бойынша нормативтік құқықтық актілер.
1. «Лицензиялау туралы» 11.01.2007 ж. Қазақстан Республикасының Заңы.  
2. «Адвокаттық қызмет туралы» 05.12.1997ж.
3. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 10.12.2008 ж. Қазақстан Республикасының кодексі.
4. «Адвокаттық қызметпен айналысуға не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестациядан өту ережесін бекіту туралы» 25.09.2001 ж. №1235 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
5. «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» 02.07.2007 ж. №454 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
 

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
...