0 дауыс
345 көрілді
Кім ақысыз заң көмегін ала алады?

1 жауап

0 дауыс

Ақысыз заң көмегін алуға құқылы
қылмыстық процесте:
-кәмелетке толмаған жәбірленушілер;
-өзiнiң дене немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерiн өз бетiнше қорғау мүмкiндiгiнен айырылған жәбiрленушiлер
Азаматтық процесте:
-асыраушысының қайтыс болуына, жұмыспен байланысты мертігуіне немесе денсаулығының өзгедей бұзылуы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы істерді соттардың қарауы кезінде талап қоюшылар;
-Ұлы отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдар, мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер, 1 және 2 топтағы мүгедектер, жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын талап қоюшылар мен жауапкерлер, егер соттың қарауындағы дау кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса;
Сотқа дейінгі немесе соттан тыс сатыларда дауды шешу кезінде құжаттарды құқықтық сипатта толтыру және заң консультацияларын тегін алу үшін адвокаттарға жүгінуге құқылы:
1)Ұлы отан соғысының қатысушылары мен оларға теңестірілген адамдар;
мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер;
1 және 2 топтағы мүгедектер;
жасы бойынша зейнеткерлер болып табылатын талап қоюшылар мен жауапкерлерге, егер соттың қарауындағы дау кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмаса;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға.
2)басқа азаматтар келесі сұрақтар бойынша:
-асыраушысының қайтыс болуына, жұмыспен байланысты мертігуіне немесе денсаулығының өзгедей бұзылуы арқылы келтірілген зиянды өтеу туралы;
-алименттерді өндіріп алуды;
-зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау;
-ақтау;
-босқын немесе оралман мәртебесін алу;
Соттың қадағалау сатысында:
-сотталғандар, егер:
жәбірленушінің (азаматтың талап қоюшының) шағымы бойынша, прокурордың наразылығы бойынша, сотталушының жағдайын нашарлату туралы iс қаралатын болса;
iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу және iстi бiрiншi сатыда қарау айыпталушының қатысуынсыз жүзеге асырылған жағдайларда;
үкімнің орындалуына байланысты, сотта қаралатын сұрақтар:
-кәмелетке толмағандар;
-өзiнiң дене немесе психикалық жағдайы бойынша өз құқықтары мен заңды мүдделерін өз бетiнше қорғау мүмкiндiгiнен айырылған тулғалар.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
0 жауап
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
...