0 дауыс
383 көрілді
Адвокаттар алқасына кіру үшін жарна сомасы ненің негізінде белгіленеді?

1 жауап

0 дауыс

«Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195 Заңы 23-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес адвокат өзін алқаға мүшелікке қабылдаған күннен бастап алты айдың ішінде төлейтін және тек қана адвокаттар алқасының материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базасын нығайтуға жұмсалатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде белгіленген айлық есептік көрсеткішке еселенген мөлшерде есептелетін бастапқы нысаналы жарна ставкаларын белгілеу жалпы жиналыстың (конференцияның) ерекше құзыретiне жатады. Бұл ретте Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының 2014 жылғы 24 қаңтардағы отырысында бастапқы нысаналы жарна мөлшерлерін белгілеу туралы шешім қабылданды: - Астана және Алматы қалаларының адвокаттар алқасы үшін 350 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сома (бұдан әрі - АЕК) (648 200 теңге); - облыстық адвокаттар алқасы үшін 300 АЕК аспайтын сома (555 600 теңге).

Ақпарат: http://www.adilet.gov.kz/kk/faq

...