Мүшелікке өткен адвокаттар мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету?

0 дауыс
504 қаралым
Мүшелікке өткен адвокаттар мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысу үшін аумақтық әділет органдарымен келісім жасаса алады ма?
• Санаты: Заң

1 жауап

0 дауыс

Аумақтық әділет органдары және адвокаттардың арасында соңғысының мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуі бойынша келісімдер жасасуы үшін қолданыстағы заңнамада шектеулер көзделмеген. «Мемлекет кепілдік берген заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 122-V Заңының 13-бабының 3-тармағына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасы аумақтық әділет органына мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысатын адвокаттардың тізімін жібереді. Осылайша, адвокаттар алқасының ұсынымы бойынша адвокат мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы аумақтық әділет органымен келісім жасаса аласыз.

Ақпарат: http://www.adilet.gov.kz/kk/faq

Ұқсас сұрақтар

127,826 сұрақ
322,444 жауап
153,155 пікір
72,994 қолданушы