+2 дауыс
9.0k көрілді
Білуімше, көптік мәнді сөзбен келген сөздер көптік жалғауын талап етпейді. Алайда көпшілік “барлық адамдар”, “көп ұлттар” деген сияқты етіп, көптік жалғауымын айтып та жазып жүр. Бұл қаншалықты қате болып саналады? Келешекте бұл мәселеге нақты ереже не емле бола ма? Рақмет.

1 жауап

0 дауыс

Ф.ғ.к., доцент Б.Ж.Исхан

Мадина сіз дұрыс айтып отырсыз! Тіліміздің табиғи заңдылығына байланысты қазақ тілі оқулықтарында, қазақ тілі емле (орфография), айтылым (орфоэфия) ережелерінде «Сан есім немесе көптік мәнді білдіретін сөздермен (барлық, барша, көп, көптеген т.б.) тіркесіп келетін сөздерге, сондай-ақ санауға келмейтін «қар», «жаңбыр», «құм, «су», «ауа» секілді т.б. сөздерге, табиғаттан жұп болып келетін «қол», «аяқ», «көз», «құлақ» сияқты сөздерге көптік жалғау жалғанбайды» деген ереже бар бола тұра, кейбіреулер сіз көрсеткендей айтып-жазып жүр. Соңғы кезде «қарлар», жаңбырлар», «қолдарым», «көздерім» деп айтып-жазатындар да жиі кездеседі. Тіпті бойында онсыз да көптік мағына бар «халық» сөзін республикалық беделді басылымдар «Қазақстан халықтары ассамблеясы» деп бірнеше жыл бойы жазып келді. «Б3рнеше мемлекеттің халықтары болады, ал бір мемлекетте халықтар болмайды» деп дәлелдеп, әрең дегенде қойдырғандай болдық. Біздің ойымызша, тіліміздің өзіндік заңдылықтарын сақтамай бұзып сөйлеу, ең әуелі, өзіміздің парықсыздығымыздан, екіншіден орыс тілінің жетегінде кетіп, соның психолингвистикалық әсерін мойындаудан туындап жатса керек.

http://www.mtdi.kz/audarmashyga-komek/suraq-jawap

...