0 дауыс
644 көрілді

Дисседен, геноцид,  олденбург, риббентроп, гитлерюген, беловеж сөздерінің мағынасы қандай? Толық ашып, мәлімет бере кетсеңіздер?

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Диссидент (лат. dissidens ) -билеп тұрған дінді ұстамайтын адам;билік етіп тұрған үкіметке қарсы және ресми саяси-құқықтық нормалар мен құндылықтарға оппозиция саясатын ұстайтын жеке тұлға. Бұрындары үстемдік етуші діни немесе шіркеулік ұстанымдарды мойындамаушы дінбұзарларды, діннен безгендерді, осылайша диссиденттер немесе әзге пікірдегілер деп атады.XX ғасырда диссиденттер деп авторитарлы және тоталитарлы саяси-идеологиялық жүйелерге ашық қарсы шығушыларды атады. Социалистік елдерде диссиденттерді "заңқорғаушылар" деп атады, өйткені олар билік басындағылардың заң бұзушьшығына, аярлығына қарсы шықты, құқықтық мемлекет құруға талпынып, мемлекет құқықтарының жеке адам мен азамат құқықтарынан үстем болуына қарсы тұрды. Диссиденттердің саяси белсенділігі қашан да шағын ұлттық кеңістікте жүзеге асырылды, бірақ халықаралық кең кеңістікке бағытталды, сондықтан да диссиденттік кәбіне заңдастырылған алалаушылық түрімен қудаланып, бас бостандығынан немесе азаматтығынан айырылып, зорлықпен психиатриялық емдеу орталықтарына жатқызылып, елден аластатылады.Диссиденттер саяси партиялар немесе ұйымдар құруға талпынбайды, онымен қоймай, бір мезгілде, бір елде әрекет етуші диссиденттердің, әдетте, ортақ бағдарламалары да болмайды (мысалы, КСРО кезінде марксистер де, православиелік діндарлар да диссидент болды).Демократия, азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет, еркіндік құндылықтарын мойындау, ашық қоғам, жеке тұлғаның әкілеттігінің молдығы идеалдарын қорғай отырып, диссиденттер өз ұлттық мемлекеттерінде ғаламдық ықпалдасуға және ғаламдық басқаруға лайықталатын саяси институттар құруға талпынады.

Геноцид - [грек,genos- тек, тайпа және лат.caedo- өлтіру] - халықаралық құқық бойынша аса ауыр қылмыс; қандай да бір ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтың өкілдерін түгелдей немесе жекелеп қасақана қырып-жоюды білдіреді. Мынадай әрекеттер геноцид болып есептеледі: осында топ мүшелерін өлтіру; оларға ауыр дене зақымын келтіріп, жүйкесін бұзуы; 3) оның тұтастай немесе бір бөлігінің құрып кету қаупін туғызатын жағдайлар туғызу; 4) осындай топтың ішінде бала тууды болдырмауға бағытталған шаралар; 5) бір топтың балаларын зорлықпен тартып алып, басқа топқа беру. Геноцидтің өзімен қатар, оны ұйымдастыруды мақсат түту қастандығы, геноцидті ұйымдастыруға тікелей және жариялы түрде арандатушылық, геноцидке бірге қатысу да жазаланады.Халықаралық құқық геноцидке ұшыратқан мемлекетті саяси жауапкершілікке, ал оны ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысқан адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартады. ұлттық, этникалық, діни топтарды түгелдей немесе бір бөлігін жойып жіберуге тырысып, геноцидке ұшыратқан көптеген қылмыстардың беті ашылғаны белгілі. Мемлекеттік мәселелерді шешуде геноцидті қолдану көп жағдайларда аумақтық басқыншылық және езілген халықтарды басқа елдің шекарасында күшпен ұстаумен байланысты. Геноцидтілік езіліп-жаншылған христиан халықтарын - гректерді, болгарларды, сербтерді, румындарды, армяндарды және т.б. жүйелі түрде қырғынға ұшыратып отырған Оттоман империясына тән болды. 1876-1923 жылдардағы армяндарды геноцидке ұшырату салдарынан 1,5 млн. армян қырылған. Бүл езілген халықтардың аумағын тартып алу мақсатында жүргізілген геноцидтің классикалық мысалы болып табылады. Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және саяси долбарлармен антисемиттік нәсілдік пиғылға оранған фашистік Германияның өзінің және басып алынған жерлердің аумағынан еврейлерді жаппай қырғынға ұшыратуы геноцидтің айқын мысалы бола алады.

О́льденбург (нем. Oldenburg) — Германияның Төменгі Саксония бөлігінде ірі қалалардың бірі, теңіз көлігі жүзетін Гунте көлі жағасында орналасқан.

Гитлерю́генд (нем. Hitler-Jugend, ескі жазылуы- Hitlerjugend, қысқартылуы- HJ) — Германияның ұлттық-социалистік жастар партиясы. Одақтың құрамында тек бозбалалар болды, қыз балаларға арналған жеке одақ болды — «Неміс қыздарының одағы».

Беловеж (укр. Біловіж) — ауыл, Украинаның Ровненск облысының Рокитнов ауданы, Беловеж ауылдық кеңесінің орталығы. 2001 жылғы санақ бойынша халық саны 1021 адам, почталық индексі — 34222. Телефон коды — 3635. КОАТУУ коды — 5625080401.

Нағыз жауап! Рахмет!
...