0 дауыс
3.1k көрілді
Қарындасымның группаласы әрі құрбысы тұрмысқа шыққалы жатыр. Қарындасым қыз жолдас болып ермекші. Соған тойда айтатын тілек айтасыздар ма? 8 немесе 12 жол болса жарап жатыр.

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Еркелік қалды қынжылма,

Тағдырыңды теліп серіге.

Құрметпен қара, жан құрбым

Адал бол, шын сүй беріле!

Күн өтіп шалқып желпінген,

Бұғауға түстің еркіңмен.

«Сүйемін» дедің жарыңа,

Таймағын сол бір сертіңнен!

Келін дер енді сені жұрт,

Басыңнан кештің еркелік.

Ана да әлі боласың,

Жарыңды сүйгін беріліп.

Ұлдарың болсын тұлымды,

Қыздарың болсын бұрымды.

Қосағыңмен қосыла айт,

Махаббат атты жырыңды!

 

Мына жерден өзгертілді:

http://neke.kz/rbyi-rdas-tilegi/

Жаман емес. Рахмет.
+1 дауыс
Кұрметті жастар сендерді заңды некелеріңмен құттықтаймын! Басқан қадамдарың ақ болсын!! Шаңырақтарың биік, керегелері тең болсын! Бірің ай, бірің күн болып, арттарыңнан жұлдыздарың ере берсін! Бақытты болыңдар! Мен сіздерге өзара түсіністік, махаббат пен татулық тілеймін
...