0 дауыс
113k көрілді
Келін түсіру тойына арналған тілек керек?

3 жауап

0 дауыс
Балалықтың дәурені артта қалып, бірің бой жеткен, екіншің бозбала атанған күндердің өткелінен де аттадыңдар. Жас отаудың керегесін кеңейтіп, босағасын берік, шаңырағын биік етсек, ата-аналарымыздың арманы мен мақсатын орындасақ деген ізгі ниетпен тағы бір өмір белесіне аяқ басып отырсыздар.
0 дауыс
Жарқырап босаға аттап тұр ақмаңдай,Қалайша шыдай алам сыр ақтармай.Ғұмыры, игілігі ұзақ болсын,Қосылып қатар аққан бұлақтардай.
0 дауыс

ШАҢЫРАҚТАРЫҢ БИІК, КЕРЕГЕЛЕРІ КЕҢ БОЛСЫН!

Жаңа өмірдің есігін ашып, табалдырығын аттағалы тұрған бұл екі жасқа тілейтініміз: қатар ұшқан аққудай жұптарың жазылмай, әрдайым бірге болыңдар. Шаңырақтарың биік, керегелерің кең, босағаларың берік болсын. Бақытты болыңдар!

Кұрметті жастар сендерді заңды некелеріңмен құттықтаймын! Басқан қадамдарың ақ, шаңырақтарың биік, керегелері тең болсын. Бірің ай, бірің күн болып, арттарыңнан жұлдыздарың ере берсін. Бақытты болыңдар!

Жақсы әйел – жігітке біткен бақ, жақсы жар, жайлы қоныс – алтын тақ дейді. Шаңырақтарыңыз биік, босағаларың берік болсын!

Екі жастың көтерген шаңырағы биік, босағалары берік болсын. Махаббаттары баянды да тәтті болсын. Өмірлері күндей, көңілдері гүлдей, армандары асқар таудай болсын. Тату да тәтті өмір сүріңдер!

Құрметті қауым, бүгін бәріміз үшін қуанышты күн. Әсіресе, жас жұбайлардың ата-анасы үшін ерекше күн. Жастар бір-бірімен жарасып, отау құруға бел буыпты. Жас отаудың шаңырағы биік болсын! Керегесі кең болсын!
Ал, Айдана, бағың ашылсын, айналайын! Ата-анаңның үйінен ата-енеңнің үйіне кетіп бара жатырсың, қадамың құтты болсын.
Айдар інім, басыңа қонған бақытың – Айдана екеуің ұзақ, тату-тәтті өмір сүріңдер. Үлгілі отбасы болыңдар. Бір-біріңе деген махаббат пен құрметтерің өмір бойы жалғассын.
Құрметті құдалар, бүгін сіздер аяулы қыздарыңыз Айдананы ұядан ұшырып отырсыздар. Қыздарыңыз бақытты болсын, сыйлы келін, аяулы ана атансын. «Құда мың жылдық» деген бар, сыйластығымыз мың жылдай ұзақ болсын.

Баяғыда бір ауылда екі би қайсысы мықты деп халық айтысып қоймайды екен. Расында да екеуі де ақылды, екеуі де сөз тапқыр, шешен, күшті болған. Сондықтан кім мықты екенін анықтау оңайға түспепті.
Бір күні біреуі екіншісіне кіріп шығуға үйіне барса, үйдің иесі оны жақсы қарсы алыпты.
Кейін кім мықты деген сұрақ қайта көтерілгенде жұрттың пікірі тағы да екіге бөлінген: біреулер біріншісі мықты, қалғандары екіншісі мықты дейді.
Сонда бидің біреуі айтқан екен: «Жоқ, мықты мен емес. Мықты – анау. Өткенде бір жұмыспен үйіне барғанымда сүт пісетін уақытта шәй келді. Шәй ішіп болам дегенше ет әкелінді. Бұл жігіттің бағы әйелінде екен» деп мойындапты.
Сол сияқты қолыңа қондырған құсың басыңа бақ болып, дастарханы жиылмайтын, көк шәйнегі суымайтын, қазаны оттан түспейтін, үйінен қонақ кетпейтін жан болсын.

Баяғыда Төле би бабамыз жаудан қалған бір жастағы баланы тауып алыпты. Оны бір келініне әкеліп: «Бір жылдан кейін тексеремін, өз балаңа қалай қарасаң, бұл балаға да солай қара» депті.
Бір жылдан кейін қараса, келіннің өз баласы топ-томпақ, ал атамыздың қалдырған баласы ап-арық. «Бұл не жағдай?» деп Төле би атамыз сұрамай ма.
Сөйтсе, келіні: «Ата, екі баланы да бірдей еміздім. Сүтімді екеуіне тең бөліп беріп жүрдім. Бірақ неге осылай болғанын өзім түсінбей отырмын» дейді.
Сонда Төле би атамыз: «Өз балаңды қалай еміздің?» десе, келіні: «Өзімнен шыққан бала ғой деп, маңдайын иіскеп, құйрығынан қағып отырамын» дейді.
Оған Төле би атамыз: «Балаға ең алдымен сүт емес, ананың мейірімі керек. Сен мейіріміңді өз балаңа төккенсің, ал бұл балаға сондай мейіріммен қарамағансың» деген екен.
Сол айтпақшы, сіздер де екі балаға бірдей мейіріммен қарайды деген сенімдеміз. Қызымыздың барған жерінде бағы ашылып, бақытты болсын дейміз.

Сырға тағу деген қазақ халқының баяғыдан келе жатқан жақсы дәстүр. Бұл деген бас қоссақ, отбасын құрсақ деген таза ниет.
Біз де ата-бабамыздың дәстүрін сақтап, сіздердің балаңызға сырға салу үшін келіп отырмыз. Жастар бір-бірін ұнатып, шаңырақ көтеруге бел буыпты. Олай болса, жастардың ниетін неге қолдамасқа.

«Іздеушілер көп болғанымен, тапқандар – табылмайды», — деген екен біреу. Бүгінгі төрде отырған қос ғашық бір-бірін тапқан бақытты жандар екенінде күмәніміз жоқ. Олай болса, отауларың мәңгі нұрға бөленіп, сол нұрдың жарығы өмірлеріңе жол көрсетіп жүрсін. Шуақ шашқан шаңырақтарың биіктей берсін. Үбірлі-шүбірлі болыңдар!

Сіздерді бүгінгі некеге отыру салтанатымен шын жүректен құттықтаймын! Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген сөз бар. Сіздер бүгін мемлекеттің кіші моделі – отбасын құрып, өз алдарыңызға отау тігіп отырсыздар. Яғни, бүтін бір мемлекеттің тәуелсіздігін жарияладыңыздар. Сіздер құрған жас мемлекет Отанымыз Қазақстан сияқты бай-қуатты, іші тату, сырты қауіпсіз, өмірі бейбіт, ал өздеріңнің бақытты болуларыңа тілектеспін.

Алла Сіздердің сезімдеріңізді мәңгілік жас, жүректеріңізді егіз, тілектеріңізді бір ете көрсін! Жұптарыңыз жазылмасын. Ата-ана, туыс-туған, дос-жарандарға сыйлы, үлгілі жанұя атаныңдар. Махаббат айдынындағы сапарларың сәтті, бақыттарың баянды болсын!

Екі жастың көтерген шаңырағы биік, босағалары берік болсын. Махаббаттары баянды да тәтті болсын. Өмірлері күндей, көңілдері гүлдей, армандары асқар таудай болсын. Тату да тәтті өмір сүріңдер!

Жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттаған қадамдарың құтты болсын!
Сіздерге осы қуанышты күні босағаларың берік, керегелерің кең болсын деп тілеймін! Жездем апайыма адал жар болсын, апайым осы шаңыраққа қонған бақ болсын. Әрқашан алақандарың ашық, өмірге машық, бір-біріңе ғашық болып, алдағы ұзақ ғұмырды сыйластықта өткізіңдер!

Құрметті жас жұбайлар! Заңды некелеріңіз құтты болсын. Сіздерге Алатаудың шыңындағы ақ қардай таза пәк көңіл, сол шыңдардан сарқырай аққан кәусар бұлақтай мөлдір махаббат тілеймін. Сіздерге алтын күздің ырысын, денсаулықтың қыстай мықтысын, көктемдей көл-көсір өмір, жаздай жадыраған өмір тілеймін. Қыздарың моншақты, ұлдарың оншақты болсын. Шаңырақтарыңның керегесі кең, терезесі тең, босағасы берік, еңсесі «Келісім сарайындай» биік болсын!

Сіздерді бүгінгі салтанатты заңды некелеріңізбен, отау құрып, шаңырақ көтерулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.
Жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып, бірге аттанған қадамдарыңыз құтты болсын. Отбасының қуанышын, алдағы бар өмірлеріңізді сыйластықпен өткізіп, келешектерің тек сәттілікпен жалғаса берсін. Ата-ана, туған-туыс, бауырларыңызға сыйлы және үлгілі отбасы болыңыздар. Әрдайым шаңырақтарыңыз шаттыққа, бақытқа және сәбидің үніне толсын.

Мына жерден қараңыз - http://tilek.kz/uilenu-toyyina

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
2 жауап
0 дауыс
2 жауап
Белгісіз 19.10.2014 Салт-дәстүр туралы сұрақ қойды
...