Жанұя | 26.1k қаралды
Достар, көмектесіңдерші, ТІЛЕК құрап беріңдер)
Сайттарға сілтеменің қажеті жоқ. Тек тіл байлықтарыңды іске қосып, әдемі тост-тілек құрап берсеңдер, алғысымды білдірермін.
Көп...көп...рақмет.

3 жауап

Аға - жеңге! Отау құрған күндерің құтты болсын, шаңырақтарың шайқалмай үлгілі отбасы болыңдар!Армандарын асқатай берсін! Сіздерге, өмірдегі барлық жақсылықты тілеймін! Екі дүниеде де бір-біріңе ғашық болып, мәңгі бірге қол ұстасып өтіңдер! Біреуін АЙ болып, біреуін КҮН болып арттарыңнан жұлдыздар ере берсін!!!
Сіздерге шын жүректен ешкімнің бағында өспейтін, ешкімнің уысына түспейтін БАҚЫТ тілеймін! ))
БАҚЫТТЫ БОЛЫҢЫЗДАР!!! *болсын))*
Жақсы Жауап
))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
Қымбатты жас жұбайлар! Сіздерді заңды некелеріңізбен құттықтаймыз!
Шын жүректен махаббатты мәңгіге сақтауларыңызды тілейміз!
Бүгінгі күн - сіздердің өмірлеріңіздегі ең бақытты күн. "Үйлену оңай, үй болу қиын",-
дейді халқымыз. Мен сіздерге өзара түсіністік, махаббат пен татулық тілеймін.
Сіздерге тілейтініміз - бүгінгідей бақытты сәт өмір бойы бірге болсын!
Той жасап жатыр сыйлас, дос адамым,
Жақсы сөз, лебіздерді қош аламьн
Тілейміз биіктігін шаңырақтын,
Тілейміз беріктігін босағаның.

Шырқаса шабыттанып ақына бүгін,
"Тойбастар'' деп айтайық атын мұның.
Мәңгілік екі жастың бақыты мен,
Тілейік құдалардың татулығын.
Бауыры ретінде айтуым қажет. Бауырымын XD
Стандартты тілектердің бірі. "Более".. қызығырақ, толығырақ, әдемірек болса деймін. Рақмет.
алдына аға жеңше деген сөздерді қосып жібер де ұра берсей игі тілекпен інің
Құтты болсын!Қуанышымыз да, мұңымыз да бірдей екен!(ағам үйленейін деп жатыр, мен де тілек таппай жүрмін.)
Негізінде, біреудің құрап-жамап берген тілегінен, өзіңнің шын көңіліңнен шыққан ақ тілегің артық қой!
124,470 сұрақ
315,031 жауап
153,262 пікір
70,539 қолданушы