0 дауыс
4.6k көрілді
Үйлену тойына келіннің ата-анасының келуін дұрыс деп ойлайсыз ба?

14 жауап

+2 дауыс
Әрине келеді! Оларсыз той қызық болмайдығой!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!
Біз жақта яки Маңғыстауда үйлену тойға келіннің ата-анасы келмейді. Бағзыдан бергі салт сондай. Тойға келіннің ата-анасының орнына құдаша, құдабала және келіннің аға-жеңгелері секілді адамдар келеді.
+2 дауыс
иә, әрине дұрыс. Олар келмесе, қызының бақытты күнін, өздерінің де бақытты күнін көре алмаумен бірдей ғой. Және олар бармаса, қыз ұзатуына баланың ата-анасын келтірмес))
–1 дауыс
Егерде қыз баланы алып қашса онда қыз баланын ата анасы келмейді деп естігенмін!
Ал құда түсіп алса онда қыз баланын тойына келуге болады деп естігенмін!
Кешіресіз, сөзіңізбен мүлде келіспеймін. Қыздың әке-шешесі тойға екі жағдайда да келмейді. Сіздерді қайдам Батыс Қазақстан облыстары байырғы салтты сақтаған
1 спам
мм Кешіріңіздер
Біздін жакта солай
сонда аке шешеси букил кызыктан кур калады го бул деген кызык екен озиии аааа батыстан кыз алып керек жок екен го ендеше )))))))))
Менде батыстың тумасымын, бірақ тойға қыздың әке-шешесі келмегенін көрмеппін( қайдан шыққан салт өзіі)
0 дауыс
Сәлеметсізбе Марат ағай!Жерлес екенбіз, менде Маңғыстауданмын. Өте дұрыс айтасыз, тойға қыздың ата-анасы келуі дұрыс емес, ондай салт біздің Маңғыстауда жоқ. Тойға аға-жеңгелері, апа-жезделері және құдашалар ғана барады. Ал, ата-анасы қыздарын ұясынан ұзатып салады.
жерлес)))
Мен де Маңғыстауданмын. Өмірімде тойға қыздың ата-анасы келгенін көрмедім.  Сонда тек Маңғыстауда ғана сондай ма екен????
0 дауыс
Сонда өз баласының тойына қатысып,қызықшылығын бөлісе алмайтындай олардың жазығы не? Қыз өсіріп ұзатқаны ма? Ата-анасы қатыспаған тойда келін жетім баланың күйін кешіп қалмай ма? Қиын үрдіс екен.
әр жердің салты басқа ,иттері кара касқа деген осығой.
Салт солай жетім қалмас ау, сол үйге келін болып түсіп жатқан жайы бар. Құдалыққа дейін құдалар есік ашпайды. Жастар жағы араласып жүре береді. Тойда келіннің ата-анасы болмайды, бізде салт солай, яғни Маңғыстауда, жалпы қазақта солай сияқты.
айтпа неше турли бар екен ау аааа
+2 дауыс
Үйбәй, ата-анасынсыз үйлену тойы қалай өтеді екен, Оңтүстікте ата-ана беташарға  келмейді с.
+2 дауыс
Біздің Оңтүстікте әке-шешесі тойға келеді бірақ беташарға келмейді!!!!
Бізде Карагандыда алып кашса келмиди бирак беташар той баринде болады го бирак ар облыстын салты ар турли го))
кешірініз бұл пікірмен келіспеймін.мен де Қарағандыданмын, бірақ алып қашса келмейді дегенді сізден естіп тұрмын.алып қашқан күні келмейді, бірақ тойына міндетті түрде барады!ата-анасы қызына ақ батасын беріп,бақыт тілесе оның несі айып?қызық дәстүр екен Маңғыстауда.бұрын солай болғанын естігенмін,менің де анам айтқан тойымда ата-анам келген жоқ деп, бірақ қазір 21 ғасыр ғой, әлі күнге дейн сол дәстүр сақталып қалды деп ойламаппын
сенбесен сұра аке шешесі келмиді егер кызды алып қашқан кезде бұл али кунге дейін солай мен алі естіген жоқпын что қарағандыда алып қашқан қыздын артынан аке шешесі келегенін сіз менін сұрағыды дұрыс тусинбегенсиз го вообще
+1 дауыс
Мә кәмпит керек болса........................ Ата-анасы келмегені несі??? Аялап өсірген қызыңың тойына қалай бармайды? Той десе қу бас домалайтын қазағымыз тойды қалай құр жіберсін жәнеде.... Ата-анасы міндетті түрде баруы керек деп ойлаймын. Қызының жаңа отбасымен, туған-туыстармен, құда-құдағиларымен таныспаушыма еді? Қалай қызын көрмеген жаққа тұрмысқа бере алады?
Және беташарға келмейді дейді батыста? Бізде тойдада, беташардада, неке қию кезіндеде міндетті түрде екі жақтыңда ата-анасы болады... Міне қызық... естімеген елде көп..............
Шығыс Қазақстан. Мұндай сал-дәстүрді бірінші рет естіп отырмын.... Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа деген осы екен ғой......
Баурым, қызық екенсің! Құдалар құдалақ кезінде танысады, бірін-бірі сол кезде біліседі. Құдалық өтпегенге дейін қыздың ата-анасы жігіттің ата-анасының үйінің босағасынан аттамайды.
Жоғары жақты оқып қойсаң жөн боларма еді.... мында үйлену тойы туралы айтылыпты. Осыдан келіп мен не деймін домбырам не дейді деген ой келеді. Мына жерде құдалық туралы сөз қозғалған жоқ.... үйлену тойы......үйлену тойы туралы... Сонда осыдан келіп кім қызық екен???
Иа дурыс айтасын менде бундайды биринши рет естип турмын Карагандыда бундай салт жок
Құдалық туралы сөз қозғалған жоқсыз дейсіз. Өзіңіз "Қызының жаңа отбасымен, туған-туыстармен, құда-құдағиларымен таныспаушыма еді?"-деп айтқан өзіңіз. Мен сізге "БҚО-тарында құдалар бір-бірімен құдалық кезінде танысады" деп жауап қатқанмын. Сондақтан жазылған пікірге селқос қарамаңыз. Пікір жазарда ойланып жазыңыз.
Үйіңіздегі үлкендерге менің қойған сұрағымды қойыңыз. Барлығы да "Бұл бұрыннан келе жатқан салт. Және тойға қыздың ата-анасының келмеуін дұрыс" деп айтады.
Расыменде сөз қозғалған жоқ. Құдалық деген сөзді қайдан көріп тұрсың? Жігіттің тойына ата-анасының баруы туралы айтылып жатыр, үйлену тойы деп неше қадап айттым.... пікірде...... Сонда не қыздың ата-анасы жігіттің тойында оның әке-шешесінен басқа туыстарымен таныспайма?? "Қызының жаңа отбасымен, туған-туыстармен, құда-құдағиларымен таныспаушыма еді?" осылай жазыппын ия, тойда туыстарымен, құдалармен танысады деп тұрып айтып тұрмын ғой, және құда деген сөзде тек ата-ананы ғана қамтып тұрған жоқ, барлық жақын туыстарын осы құда деген сөзге келтіріп тұрмын, пікірді ойланып жазу маған емес осы жерде өзіңе қатысты дер едім.. БҚО деп түсіндіріп жазыпсың, басында толығымен түсіндіріп жазу керек болатын...
Айтып отырғаныңыз дұрыс. "Қызының жаңа отбасымен, туған-туыстармен, құда-құдағиларымен таныспаушыма еді?" осы жауабыңызды мен дұрыс емес деп отырмын. Олар тойда емес құдалықта жақын араласып, барлығы бір-бірімен толықтай танысады. Той мезгілінде екі жақтың адамдары бір-бірне сырттай ғана қанық болады.
Егерде менің айтайын дегеніме әлі де түсінбесеңіз [email protected] почтасына достық белгісін тастаңыз. Агент арқылы сізге тәппіштеп тұрып түсіндіремін.
0 дауыс
біздің жакта яғни костанай обл. кейбір ата-аналар бармайды.  Бірак мен өз тойыма ата-анамның қатысқанынын қалаймын
0 дауыс
Үйлену тойына қыздың ата-анасы келмейді. Тек олар жіберген құдалар ғана болады. Кейін құдалық шақырғанда ғана ата-анасы келеді.
0 дауыс
Бәріне сәлем! мына жер кызу әңгіме болып жатыр екен. Бізде Ақтөбеде үйлену тойына әке шешесі барады.
0 дауыс
Құда түсе  әрине барады ,алып қашса барған ұяттау болады
Қызы қалай кетседе келмеуі тиіс!
0 дауыс
Қызының қуанышын көрулері керек қой....
0 дауыс
Ол той еки жактын да куанышы гой,арине келеди.
...