0 дауыс
18 жастағы балаға сай. Өлеңдеткен тiлектер керек емес.
22.09.2014 1.2k қаралым

2 жауап

0 дауыс
Кұрметті жастар сендерді заңды некелеріңмен құттықтаймын! Басқан қадамдарың ақ болсын!! Шаңырақтарың биік, керегелері тең болсын! Бірің ай, бірің күн болып, арттарыңнан жұлдыздарың ере берсін! Бақытты болыңдар! Мен сіздерге өзара түсіністік, махаббат пен татулық тілеймін
22.09.2014
0 дауыс
Құрметті ..... мен .....!
Сіздерді бүгінгі салтанатты заңды некелеріңізбен, отау құрып, шаңырақ көтерулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.
Сіздерге тілерім жаңа өмірге қос аққудай қол ұстасып бірге аттанған қадамдарыңыз құтты болсын!
Отбасының қуанышын, алдағы бар өмірлеріңізді сыйластықпен бірге өткізіп, келешектерің тек сәттілікпен жалғаса берсін.
Ата-ана, туған-туыс пен бауырларыңызға сыйлы және үлгілі отбасы болыңыздар. Әрдайым шаңырақтарыңыз шаттыққа, бақытқа және сәбидің үніне толсын
22.09.2014
127,958Сұрақ
322,879Жауап
153,169Пікір
72,987Қолданушы