+2 дауыс
942 көрілді

Ғалымдардың Философиялық жоғары ойлы айтып қалдырған өсиеттерін қаншалықты ұнатасыз?

Өзіңізге қатты жақын әсер қалдырған Философ сөзін жазыңыз ?!

7 жауап

+3 дауыс
 
Жақсы жауап
Өмiрде ең басты- iстеген iсiңдi жақсы көру. Тек осылай iстiң нағыз маманы бола аласың. © Дональд Трамп Жаныңа лайықты жұмысты таңдасаң, өмiрiңде жұмыс жасауға тура келмейдi. © Конфуций Мен адамдардан емес, олардағы адамсыздықтан қорқамын. © Иво Андрич Басқаларды жеңген- күштi, өз-өзiн жеңе бiлген- құдыреттi. © Лао-Цзы Шаңырақтағы бейбiтшiлiк, бүкiл әлемдегi бейбiтшiлiк. © Мұстафа Ататүрiк Алу арқылы күн көрсек те, беру арқылы ғана шын өмiр сүремiз. © Уинстон Леонард Спенсер-Черчилль Адамның адамшылығы iстi бастағандығынан бiлiнедi, қалайша бiтiргендiгiнен емес. © Абай Құнанбаев Сабырлық- данышпан. © Бюффон Рухани және ерiк жеңiстерi болады. Кейде жеңiлiстiң өзi де жеңiс. © Эли Визель Кімде-кім өткенін жадында ұстамаса, сондағы қателіктер алдынан қайта шығуы мүмкін. (с) Джордж Сантаяна Бұл өмірде бастысы қай жерде тұрғанымыз емес, қай бағытта кетіп бара жатқанымыз. (с) О. Холмс Ішке шарап барса- сөзді шашынан сүйреп шығарады. (c) Жүсіп Баласағұн Өзiң қалаған iсiңмен айналыссаң, ешқашан жұмыс iстемейсiң..... [Конфуций]
+4 дауыс
Философ болмаса да жақсы айтқан. Осыны көп оқимын

Азилхан Нуршайыков агамыздыын кенеси!!Кыздар!! Cендерге айтарым: Жандарыңда жүрген жігітті ақылмен, әдептілікпен, сыпайы мінезбен, сүйкімді назбен тізгіндей біліңдер. Жігіттің жұлқынған асау жүрегін адамгершілік асыл қасиеттермен бұйдалаңдар, арақ ішкізбеңдер. Айқайға жуытпаңдар. Ақыл анадан тарайды. Қыздан қылық, тәрбие, тәлім туындайды. Жігіт жаныңда жүрсе жолдасың, жауға шапса жолбарысың, ортада жүрсе орманың, шетке шықса қорғаның. Бірақ оларды жұрт көзінше сүйісіп, сүйкеніп тұруға үйретпеңдер! Оларды жарбаңдатып, жабыса құшақтатпаңдар, адамның асыл сезімін ардақтап, бүркеп, қымтап ұстауға баулыңдар. Олардың нәпсісінен намысын биік ұстауға тәрбиелеңдер. Өмірдің ләззаты адал достықта, айнымас қамқорлық, асыл махаббатта екенін естен шығармаңдар.
Алайда, қазір сендердің жігіттерден көз алмайтын, жігіт жаққа қарайлап көп қарайтын шақтарың ғой бұл кез. Қарағанда олардың сыр сиқына, киген киіміне, ресторанда қалталарынан шытырлатып шығарған ақшаларына қарамаңдар, қарақтарым. Өңді қыздың бәрі жөнді қыз бола бермейтін сияқты, жылтырағанның, жымыңдағанның, жылпылдағанның бәрі бірдей жақсы жігіт бола бермейді. Жаман жігіт болғанымен, жақсы жар бола бермейді. Сондықтаң жігіттерге қарағанда олардың ішкі дүниесіне үңіліңдер, адамгершілік, азаматтық сапасына көз жүгіртіңдер…
… Жігіт таңдағанда көңіліңнің қос қанаты ақыл мен сезімді тең ұста. Тек сүйген жанға ғана қосылу қажет, қосылған жігітіңді өмір бойы сүйіп өтетініңе кәміл сенімің болсын. Өзімшіл, өркөкірек жігіттердің өкінішке ұрындыратынын ұмытпаңдар. Жаман жолдастан жалғыздық жақсы…
жақсы жазған екен Азилхан Нуршайыков агамыз
"Махаббат қызық мол жылдар" мен "Мәңгелік махаббат жыры" деген кітаптарын оқындар, осыдай сөздер көөөөп, ваще күшті әсерлі))) Мынау үзінді Мәіңгілік махаббат жырынан алынған, КЕРЕМЕТ жазушы ғой, әйелі Хадиша апамызбен 54 жыл бойы бірге тұрған, араларындағы махаббаттары қартайғанда да сөнбеген, Хадиша апамыздын атында ескерткіш мазар салынған.
+4 дауыс
Мен өзiмнiң тек ештеңе бiлмейтiнiмдi ғана бiлемiн. (с) Сократ
күшті тауып айтылған рахмет!!!!!!!
Осы сөзді ағайым көп айтушы еді)) Ал басқалар оны да білмейді деген сияқты жалғасы бар еді ғой.
+2 дауыс

Алыстан  көрген адамның бәрі бірдей. (Еврей халқының мақал-мәтелі)

+2 дауыс
оқы,оқы және оқы
Құран кітабының ең керемет сөздеріңің бірі
+2 дауыс

Маған Стив Джобстың  Жақсы оқу мен Ақылды болу екеуі екі түрлі нәрсе дегені ұнайды.

+1 дауыс
Суда толқын пайда болса иә ағысы болғаны иә бір зат түскен болғаны)

Ұқсас сұрақтар

...