+2 дауыс
1.8k көрілді

Жақсы, пайдалы кітаптар тізімін жасағым келеді. Соған, өздеріңіз оқыған соң, сізге қатты әсер қалдырған кітаптармен бөліссеңіздер. Яғни, сіз әрбір адам оқуға тиісті деп тапқан кітаптар. Қасына кітап не жайлы екендігі және қандай әсер алғаныңыз туралы бір-екі сөйлем артық етпес еді.

ps: қандай тілде жазылғандығы маңызды емес.

Рахмет)

11 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

1)Маргарет Митчелл- Унесенные ветром кітабы қатты әсер қалдырды, кітапта өмірге деген құштарлығы мол Скарлетт деген қыз туралы айтылады. Мықты адам басқару үшін, әлсіз адам бағыну үшін туылған (Сильные люди призваны командывать, а слабые-подчиняться) деген өмірлік ұстаным ұстанатын бұл қыз, өмірдің құндылығы затта емес екенін, сүйген адамын жоғалтқаннан кейін түсінеді. Қысқасы бұл кітап өмірдің мәні махаббатта екенін айтады.

2) Жорж Санд-Консуэло деген кітапта бір әнші кедей қыз туралы айтады. Ол қыз - нағыз адал, еш арамдығы жоқ. Өмірде байлық, атаққа қызықпай, қарапайым әншінің өмірін сүргісі келеді. Көптеген өмірдің қиындықтарын көріп, өзінің адал, шыншылдығының арқасында барлық қиындықтарды жеңіп шығады. Өмірде тек сабырлық пен шыншылдықтың арқасында өрге жүзетініңді айтады бұл кітап.

3) Шарлотта Бронте-Джен Эйр ол да жастайыннан жетім қалған Джен деген қыз нағашы апасының қаталдығын, оның өзіне деген қатігездігін көреді. Бірақ өзіне деген бұндай қатынасқа қарамастан ол үмітін жоғалтпайды. Өзінің сабырлық, ақылдылығының арқасында өз өмірлік бақытын табады.

рs: Бұл кітаптардағы оқиға әртүрлі болғанымен, менің түсінгенімше айтар ой бір.  Не ексең соны орасың деген сияқты, тек адал, шыншыл, сабырлық, адамгершілік құндылықтарың арқылы ғана өмір қиыншылықтарын жеңе алатыныңды, ал жаман жолға салынсаң ұзаққа бармайтыныңды айтады. Өмір құндылығын заттан емес, жүректен ізде...

бұлар ағылшынша ма, орысша ма?
орысша аудармасын оқыдым.
+1 дауыс
Басқасын білмеймін маған Даниел Дефоның Робинзон Крузосы ұнайды. Өте жақсы әсер қалдырды. Тек өзіңнің де жалпы адам баласының қолынан көп нәрсе келетіндігін түсіндім.
+1 дауыс

1.Габриель Гарсиа Маркес. Сто лет одиночества.

2.Эрих Мария Ремарк. На восточном фронте без изменении.

3.Михаил Булгаков. Мастер и Маргарита.

4.Ярослав Гашек. Сайыпқыран солдат Швейктің басынан кешкендері.

+1 дауыс

Маған  Робинзон  Крузоның   кітабы  қатты  әсер   етті   өмірге  деген  көз  қарасым  өзгерді  бұл  кітапты  әрбір  адам  оқу   керек  деп  ойлаймын

+1 дауыс

Дулат Исабеков "Қарғын"

+1 дауыс

Антуан де Сент-Экзюперидің "Кішкентай ханзада" кітабы. Қайталап оқыған сайын өзіңіздің қаншалықты есейгеніңізді байқайсыз. Жақында ғана қазақ тіліне аударылды. 

+1 дауыс
Мұхтар Әуезов "Абай жолы".
0 дауыс
Маған қатты әсер қалдырған шығарма І.Есенберлин "Көшпенділер". Әрбір қазақ міндетті түрде оқуы тиіс.
0 дауыс
Антуан де Сент-Экзюперидің "Кішкентай ханзада" кітабы. Қатты әсер қалдырды.
0 дауыс
"абай жолы" романын оқымаған ол қазақ, қазақ емес деп ұстазымыз айтып отыратын кең көлемді әсерлі шығарма, одан кейін ұнайтын "соңғы көш" романы
+1 дауыс
«Записки рецидивиста» деген кітапты оқыдым жақында, жақсы кітап.
...