+2 дауыс
16.5k көрілді
Конфуций - дің айтып қалдырған керемет цитаталық сөздері?

4 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап

Конфуций тұтас бір философиялық "конфуцианство" ғылымының негізін қалаушы. Оның нақыл сөздері өте көп.

+4 дауыс
Адамдар өздеріне байлық пен атақты қалайды; егер осы екеуіне адал жолмен қол жеткізе алмасаңыз, олардан аулақ жүргеніңіз дұрыс. Үнсіздік – ұлы дос, ол ешқашан саған опасыздық жасамайды. Кім қателігін түзетпесе, сол үлкен қателік. Достарыңмен қатынаста тек олардың қолынан келетін іс істеуге кеңес бер, оларды жақсылыққа жетеле, әдептілікті бұзба, бірақ нәтижеге жетуге үміт жоқ жерде әрекет жасама. Өзіңді кемсітілген жағдайға жеткізбе. Оқытуды тәжірибесіз жүргізу нәтижесіз болуы ғажап емес, ал тәжірибені оқусыз жүргізу - қауіпті. Жақсы адам барлығын өзінен іздейді, ақымақ адам оларды басқадан іздейді... Өмірдің не екенін түсіне алмай, өлімнің не екенін қалай түсінбекпіз? Өте ақылдылар мен өте ақылсыздар ғана өмірде өзін-өзі өзгерте алмайды.
+4 дауыс
«Егер басыма келмесін десең, өзіңе де жамандық қаламасаң, өзгеге де соны тілеме».

Мақсатыңыз қолжетімсіз екеніне көзіңіз жеткен кезде мақсатыңызды емес, әдісіңізді ауыстырыңыз.

Барлық адамға мейіріммен, құрметпен қарауға тырыс, тіпті саған дөрекілік көрсеткендерге де сыйластық таныт. Олардың сыйлауға тұратын адам болғаны үшін емес, сенің парасатты адам болғаның үшін.

(с) Конфуций
+1 дауыс

*Тек ақымақ адам ғана өзінің көзқарасын ешқашан өзгертпейді

*Сұлулық барлық нәрседе бар. Бірақ оны барлық адам көре алмайды

*Ең үлкен қателік, өз қателігіңді түзелтпеу

*Біреуден кек алмастан бұрын, екі көр қазып қой

*Жолдары әр түрлі болғанда, жоспарды бірге құрмайды.

*Ешқашан құламаған адам ұлы емес, құлағаннан кейін қайта тұра білген адам ұлы

(с) Конфуций

 

 

...