Философ болмаса да жақсы айтқан. Осыны көп оқимын
Азилхан Нуршайыков агамыздыын кенеси!!Кыздар!! Cендерге айтарым: Жандарыңда жүрген жігітті ақылмен, әдептілікпен, сыпайы мінезбен, сүйкімді назбен тізгіндей біліңдер. Жігіттің жұлқынған асау жүрегін адамгершілік асыл қасиеттермен бұйдалаңдар, арақ ішкізбеңдер. Айқайға жуытпаңдар. Ақыл анадан тарайды. Қыздан қылық, тәрбие, тәлім туындайды. Жігіт жаныңда жүрсе жолдасың, жауға шапса жолбарысың, ортада жүрсе орманың, шетке шықса қорғаның. Бірақ оларды жұрт көзінше сүйісіп, сүйкеніп тұруға үйретпеңдер! Оларды жарбаңдатып, жабыса құшақтатпаңдар, адамның асыл сезімін ардақтап, бүркеп, қымтап ұстауға баулыңдар. Олардың нәпсісінен намысын биік ұстауға тәрбиелеңдер. Өмірдің ләззаты адал достықта, айнымас қамқорлық, асыл махаббатта екенін естен шығармаңдар.
Алайда, қазір сендердің жігіттерден көз алмайтын, жігіт жаққа қарайлап көп қарайтын шақтарың ғой бұл кез. Қарағанда олардың сыр сиқына, киген киіміне, ресторанда қалталарынан шытырлатып шығарған ақшаларына қарамаңдар, қарақтарым. Өңді қыздың бәрі жөнді қыз бола бермейтін сияқты, жылтырағанның, жымыңдағанның, жылпылдағанның бәрі бірдей жақсы жігіт бола бермейді. Жаман жігіт болғанымен, жақсы жар бола бермейді. Сондықтаң жігіттерге қарағанда олардың ішкі дүниесіне үңіліңдер, адамгершілік, азаматтық сапасына көз жүгіртіңдер…
… Жігіт таңдағанда көңіліңнің қос қанаты ақыл мен сезімді тең ұста. Тек сүйген жанға ғана қосылу қажет, қосылған жігітіңді өмір бойы сүйіп өтетініңе кәміл сенімің болсын. Өзімшіл, өркөкірек жігіттердің өкінішке ұрындыратынын ұмытпаңдар. Жаман жолдастан жалғыздық жақсы…